Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Мен» ұғымы : мен кіммін

Автор:   •  Декабрь 5, 2018  •  Практическая работа  •  2,963 Слов (12 Страниц)  •  1,548 Просмотры

Страница 1 из 12

             

        «Мен» ұғымы : мен кіммін?

             баяндама

«Мен» ұғымы: мен кіммін?

Өзінізді қалай және қаншалықты дұрыс түсінеміз және біздің «Мен» ұғымымызды не анықтайды?Сіз «Мен...» деген сөйлемді түрліше аяқтай аласыз (сіздің бес жауабыңыз қандай болуы мүмкін?).Сіздің жауаптарыңыз «Мен» ұғымы жайлы түсініктеріңізді білдіреді.Біз үшін басты мәселе: өзіміз туралы түсінік

«Мен» ұғымы – біздің өзіміз жайлы білетінімізді және неге сенетімізді білдіреді.

Сіздің ең маңызды аспектіңіз – өзіңіздің «Меніңіз». Нейрофизиологтер «Мен» ұғымының астарында жатқан ми әрекетін зерттейді. Көптеген зерттеулер оң жақ жарты шардың маңызды рөлін көрсетеді (Van  Veluw & Chance, 2014). Егер ұйқы күретамырына анестетик салып, ұйқыға жатсаңыз, өзіңізді өзіңіз тануыңыз қиынға соғуы мүмкін. Мидың оң жақ жарты шары зақымдалған бір сырқат өзіңің сол қолының бар екенін сезбеді және оны бақылай алмады (Decety & Sommeverville, 2005).

«Мен» сызбасы – мен ұғымына лайықты ақпараттарды жинақтайтын және соған негіз болатын өзіміз жайлы сенім.

Өзіңізді анықтайтын «Мен» ұғымыңыздың элементтері – нақты сеніміңіз «Мен» ұғымының сызбасы болып саналады (Marcus & Wurf, 1987). Сызба – өз ішкі әлемімізді ретке келтіруші сана-сезімнің ақыл-ойдағы бейнесі. Біздің өзімізді спортшы, артық салмақты, ақылды және т.б. ретінде қабылдауымыз өзімізді қалай қабылдауымызға, есте сақтауымызға және бағлауымызға қатты ықпал етеді. Егер спортпен айналысу сіздің «Мен» ұғымыңыздағы өзекті нәрсе болса (егер сіз спортшы болсаңыз, бұл – сіздің «Мен» сызбаңыздың бірі), сіз басқалардың спорттық дене бітімі мен шеберлігің оңай байқайсыз. Өзіңіздің спорттық тәжірибеңізді тез еске түсіресіз. Және сіз «Мен» сызбаңызбен сәйкес келетін ақпаратты мақұлдап отыруға бейім боласыз (Kihlstrom & Cantor, 1984). Егер сіздің досыңыздың туған күні мен өзіңіздің туған күніңіздің арасы жақын болса, сіз оны ұмытпайсыз (Kesebir & Oishi, 2010). Біздің «Мен» ұғымын құрайтын «Мен» сызбамыз бастан кешетіндерімізді біріктіруге және оларды қорытындылауға көмектеседі.

Әлеуметтік салыстыру – өзін басқалармен салыстыру арқылы өзінің қабілеттері мен көзқарастарын бағалау.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫСТЫРУ

Біз өзіміздің бай, ақылды немесе аласа бойлы екенімізді қалай анықтаймыз? Оны анықтау тәсілдерінің бірі – әлеуметтік салыстыру (Festinger, 1954). Біздің айналамыздағы адамдар бізге өзіміздің бай, кедей, ақылды, ақымақ, бойшаң немесе аласа бойлы, яғни басқалардан айырмашылығымызды көрсететін стандартты анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік салыстыру , егер олардың құрдастары тек орташа болса, студенттер өздерін неге ең үздікпіз деп ойлауға бейім екенін (Marsh et al., 2000), орташа дәрежедегі жоғары оқу орнындағы студент беделді универститетте оқыса, бітіргеннен кейін «Мен» ұғымына қалай қауіп төнуі ықтимал екенін түсіндіреді. «Ірі балық» енді шағын тоғанда жүзбейді.

  Өмірдің көп бөлігі әлеуметтік салыстырулар төңірегінде болады. Біз өзімізді көріксіздерге қарағанда  - көрікті, ақымақтарға қарағанда – ақылды, мейірімсіз жандарға қарағанда мейірбан сезінеміз. Айналаңыздарға қарағанда, ақшаңыз көп болғанына өзіңіз тоқмейілсігеніңіз болмаса, көп ақша ешқашан үлкен бақытқа жеткізбейді (Solnick & Hemenway, 1998). Біз өз жолдастарымыздың әрекетін бақылай отырып, өзімізді олармен салыстыру дертінен арыла алмаймыз (Gilbert et al., 1995). Осылайша біз іштей олардың сәтсіздіктеріне, бастарына түскен қиындықтар мен бақытсыздықтарға шын жанымыз ашып, күйінудің орнына өзіміздің ондай бақытсыздыққа тап болмағанымызға қуанамыз (Smith et al.,1996).Неміс ғалымдары осындай психологиялық ахуалды  <<табалау>>  дейді.

  Әлеуметтік салыстыру кейде толық ақпаратқа негізделмейді.Facebook-те отырған уақытта сізге:<<Маған қарағанда, бәлкім,менің достарымның өмірі әлдеқайда қызықтыма?>> деген ой келді ма? Егер солай ойласаңыз,бұлай ойлайтын – жалғыз сіз емессіз, Utah Vallery университетінде оқитын студенттер арасында Facebook-те көп отыратындар өздеріне қарағанда өзгелер бақыттырақ және қызықтырақ өмір сүреді деп есептейді (Chou & Edge,2012). Әрине, біреулердің өмірі басқаларға қарағанда қызық болып көрінуі үнемі шындыққа сәйкес келе бермейді.

...

Скачать:   txt (39.1 Kb)   pdf (201.6 Kb)   docx (22.6 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club