Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен сөйлеуші, мен ойлаушы, мен қарекет етуші

Автор:   •  Октябрь 23, 2022  •  Эссе  •  317 Слов (2 Страниц)  •  215 Просмотры

Страница 1 из 2

Мен сөйлеуші, мен ойлаушы, мен қарекет етуші.

 “Дүниедегі ең оңай нәрсе – кісіге ақыл айту, ал дүниедегі ең қиын нәрсе – өзіңді-өзің тану” – деген Әбу наср Әл – Фарабидың кезінде қалдырып кеткен сөзімен, өз эссемді бастауды жөн көрдім. Бұл тұста сөзсіз неге адам өміріндегі ең қиын нәрсе өз-өзің тану деген сұрақ туындайды? Адам өміріндегі басты зат – ол адамның өзі, өмірлік ұстанымы және құндылықтары. Адам баласы өз жан дүниесімен толық танысып, үйлесімге келе алмаса, оның өмірінде қиыншылықтар туындауы мүмкін, қоғамда өз орының таппауы, басқа адамдармен байланыс орната алмауы сынды қиындықтарды да мысалға келтіруге болады. Адамның алға жылжуы, дамуы, бойында жақсы мінез-құлық қалыптасуы, ең басты – адамның өзіне ғана байланысты.

Мен өз өмірімнің сөйлеушісі, ойлаушысы және қарекет етушісімін. Адам баласы өз тағдырының жазушысы және құраушысы, өміріне жауапты басты адам. Мен кез келген жағдайда өзімнің жаныма жақын шешімді қабылдаймын. Әрине, қиындық тудырған жағдайларда, жақындарыммен ақылдасамын, кейін бар ақпаратты ой-толғауынан өткізіп, өзім дұрыс санаған шешімді қабылдаймын. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – ол адам өз қалауын жасай алмайды, айта алмайды, бұның көптеген себептері бар, алайда бұл қамшының сабындай қысқа өмірде өзіннің жанына жақын затты жасай алмай, не болмаса айта алмасаң, сонда адам өмірді не үшін сүреді? Өз басым, өмірімнің бақытты да, баянды болғанын қалаймын, бұны кім қаламайды? Сол үшін әрдайым дамып, оқуға, жаңа заттарды танып-білуге ұмтыламын, яғни уақытымды бос өткізбей, әрекет жасаймын. Өмірлік мән, өмірлік ұстаным туралы әрбір адамда түрлі ойлар бар, ең бастысы – олар ақылға қонымды болуы тиіс. Ал ойы дұрыс өрістен шығу үшін адам әрдайым оқып, дамып, жаңа заттарды бағындырудан қорықпауы тиіс. Бұл тұста Сократтың сөзі орынды болады: “Өзіңді-өзің таны! Мен өзімнің еш нәрсе білмейтінімді білемін.”

...

Скачать:   txt (4.1 Kb)   pdf (50 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club