Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Исламдық діни секталардың түрлері мен ұғымы

Автор:   •  Сентябрь 19, 2023  •  Реферат  •  2,718 Слов (11 Страниц)  •  233 Просмотры

Страница 1 из 11

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Реферат

Тақырыбы: ''Исламдық діни секталардың түрлері

мен ұғымы''

Мамандығы: Дизайн интерьері

Тобы: ДизИ-11

Орыңдаған: Джумагулова А.М    

Тексерген: Куспанова А

ОРАЛ 2022

Жоспары:

I - тарау. Кіріспе

II - тарау. Исламдағы діни әлемдік секталар

III - тарау.  Исламдағы діни мәселелер

IV - тарау. Исламдағы негізгі бағыттар мен секталар

V - тарау. Қазақстанда исламның таралуының басталуы

VI - тарау. Діни секталардың іс әрекеттері

VII - тарау. Қорытынды.

VIII - тарау. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


I. Кіріспе

Қазақстан Республикасында  шешілмеген әлеуметтік    мәселелер

көп және олар күрделену, шиеленісу үстінде. Оларға мысал ретінде, суицид мәселесін, жұмыссыздық мәселесін, жас аналар мәселесін, тұрғын-үй мәселесін, отбасы бұзу мәселесін жатқызуға болады. Осындай мәселелердің бірі – Қазақстандағы діни секталар. Секта, былайша айтқанда, бұл - белгілі бір діни ағымнан бөлініп кеткен, және оған қарама-қайшы бағыт алған оқу. Сектаға негізінен өзіндік мақсат тұтқан шағын топтың адамдары басшылық етеді. Бұндай діни «ұйымдар» күннен-күнге көбейіп, халықтың санасын жаулап алып, ешқандай жақсы істерге апармайды. Қазіргі таңда ресми мәліметтерге сүйенсек, 2008 жылғы қазанның 1-і күнгі мәліметі, елімізде 4173 діни бірлестік бар екен. Оның 2441-ін – мұсылмандар, 293-ін – православие, 86-сын – католиктер, 1272-сін – протестанттар, 4-ін – будда, 28-ін – иуда, 49-ын – дәстүрлі емес діндер мен 47-сін қайырымдылық қорлары және соңғы кездері белгілі бола бастаған пресветериандық конфессияларға жататын «Жаңа апостол», «Благая весть», «Жаңа аспан», «Агапе» сияқты діни секталардан тарайтын қауымдар бар. Олардың бәрі әділет органдарында тіркелгенімен, дәстүрлі дін мен қоғамдық ұйым өкілдері және құқық қорғаушылар, көбіне мұндай ұйымдардың қоғамға жат екенін айтып, қанша ескертсе де, секталардың құратын торларына түсіп жатқан азаматтар азаяр емес. Ең қауіптісі, соңғы уақытта, түрлі секталар мен жалған діни бірлестіктер, арам ниетін жасыру мақсатында, өздерін қоғамдық ұйым не болмаса жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде таныстыруда. Мысалы, газетте басылған хабарлама арқылы, жұмыс іздеп барсаңыз, сектаның кеңсесіне тап болуыңыз ғажап емес. Заң орындары, мұндай тәсілдің, әсіресе қаржы дағдарысы кезінде жиі қолданыла бастағанын ескертеді.
   


II. Исламдағы діни әлемдік секталар

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап АҚШ пен Батыс Еурпопаның бірқатар елдерінде дәстүрлі емес діни культтар көбейе бастады. Олардың пайда болуы дәстүрлі діндер жүйесінің бұзылуы мен беделінің түсуіне байланысты еді. Мұндай культтардың қатарына қоғам өмірінде өз орнын таба алмаған жастар кірді. Сондықтан кейбір культтар «жастар діні» деп аталып жаңа діни қозғалыстарға айналды.    Қазiргi кезде елiмiзде 70 пайыздай мұсылманның 2815 дiни бiрлестiгi жұмыс iстейдi екен. Ал жан саны белгiсiз протестантизм бағытын ұстанатындардың 40-тан астам әртүрлi ағымдарының 1238 ұйымы бар. Бұл – бүкiл республикадағы дiни бiрлестiктердiң 30 пайызы. Ал 70-тен астам дiни бiрлестiктер еш жерде тiркелмей қызмет етуде. Исламның басты мұраты адамдар арасында бейбітшіліктің болғаны. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған топтардан діннен басқа себептерді, мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. Екінші мәселе, сондай саяси-экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғанда міндетті түрде «Исламдық террористер» деген тіркеуді қосатындардың ойы бөтен.Террорист ұйымның мүшесі қандай бір мұсылман елдің азаматы болса болғаны, әлгі бұлақтар дереу «мұсылман террористтер» дей салады. Ал, басқа діндегі террорист топтар туралы болғанда, олардың діні айтылмайды да басшысының ғана аты немесе шыққан жерінің аты, ең болмағанда саяси көзқарасы ғана айтылады.  

...

Скачать:   txt (38.3 Kb)   pdf (133.9 Kb)   docx (19.9 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club