Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Мен» ұғымы: Мен кіммін?

Автор:   •  Ноябрь 13, 2018  •  Доклад  •  645 Слов (3 Страниц)  •  1,573 Просмотры

Страница 1 из 3

                     Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы

№5 ОСӨЖ

Тақырыбы:  «Мен» ұғымы: Мен кіммін?

                                                       (Баяндама)

Орындаған: Тасқұл А.Н.

                                                                            Тобы: 1-002 ЖМ

                                                                                        Тексерген: Алиева М.Т.

Қарағанды 2018

«МЕН» ҰҒЫМЫ: МЕН КІММІН? 
Өзімізді қалай және қаншалықты дұрыс түсінеміз және біздің «Мен» ұғымымызды не анықтайды? 
Сіз «Мен ….» деген сөйлемді түрліше аяқтай аласыз (сіздін бес жауабыңыз кандай болуы мүмкін?). Сіздің жауаптарыңыз «Мен» ұғымы жайлы түсініктеріңізді білдіреді. 
БІЗ ҮШІН БАСТЫ МӘСЕЛЕ: ӨЗІМІЗ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 
Сіздің ең маңызды аспектіңіз өзіңіздің ‹Меніңіз. Нейрофизиологтер «Мен» ұғымының астарында жатқан ми әрекетін зерттейді. Көптеген зерттеулер оң жақ  жарты шары маңызды рөлін көрсетеді. (van Veluw& Chance,2014). Егер ұйқы күретамырына анестетик салып, ұйқыға жатсаңыз, өзіңізді-өзініз тануыңыз қиынға соғуы мүмкін. Мидың оң жақ жарты шары зақымдалған бір сырқат өзінің сол қолының бар екенін сезбеді және оны бақылай алмады. (Desety & Sommerville, 2003). «Ми қыртысының ішкі алдыңғы аймағы» жарты шарлары арасындағы саңылауда нейрон жолдары көзге қарай орналасқан, ол сіздің «Мен» ұғымыңызға әсер етеді. Өзіңіз жайлы ойлағанда оның белсенділігі күрт артады.
 Өзіңізді анықтайтын «Мен» ұғымыңыздың элементтері нақты сеніміңіз «Мен» ұғымының сызбасы болып саналады. Сызба - өз ішкі әлемімізді ретке келтіруші сана-сезімнің ақыл-ойдағы бейнесі. Біздің өзімізді спортшы, артық салмақты, ақылды және т.б. ретінде қабылдауымыз өзімізді қалай қабылдауымызға,  есте сақтауымызға және бағалауымызға қатты ықпал етеді. Егер спортпен айналысу сіздің «Мен» ұғымыңыздағы өзекті нәрсе болса (егер сіз спортшы болсаңыз, бұл сіздің «Мен» сызбаңыздың бірі), сіз басқалардың спорттық дене бітімі мен шеберлігін оңай байқайсыз. Өзіңіздің спорттық тәжірибеңізді тез еске түсіресіз. Және сіз «Мен» сызбаңызбен сәйкес келетін ақпаратты мақұлдап отыруға бейім боласыз. Егер сіздің досыңыздың туған күні мен өзіңіздің туған күніңіздің арасы жақын болса, сіз оны ұмытпайсыз. Біздін «Мен» ұғымын құрайтын «Мен» сызбамыз бастан кешетіндерімізді біріктіруге және оларды қорытындылауға көмектеседі. 
ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫСТЫРУ 
Біз өзіміздің бай, ақылды немесе аласа бойлы екенімізді қалай анықтаймыз? Оны анықтау тәсілдерінің бірі -  әлеуметтік салыстыру. Біздің айналамыздағы адамдар бізге өзіміздің бай, кедей, ақылды, ақымақ, бойшаң немесе аласа бойлы, яғни басқалардан айырмашылығымызды көрсететін стандартты анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік салыстыру, егер олардың құрдастары тек орташа болса, студенттер өздерін неге ең үздікпіз деп ойлауға бейім екенін, орташа дәрежедегі жоғары оқу орнындағы студент беделді университетте оқыса, бітіргеннен кейін «Мен» ұғымына қалай қауіп төнуі ықтимал екенін түсіндіреді. «Ірі балық» енді шағын тоғанда жүзбейді.
     Өмірдің көп бөлігі әлеуметтік салыстырулар төңірегінде болады. Біз өзімізді көріксіздерге қарағанда – көрікті, ақмақтарға қарағанда – ақылды, мейірімсіз жандарға қарағанда мейірбан сезінеміз. Айналаңыздағыларға қарағанда, ақшаңыз  көп болғанына өзіңіз тоқмейілсігеніңіз болмаса, көп ақша ешқашан үлкен бақытқа жеткізбейді. Біз өз жолдастарымыздың әрекетін  бақылай отырып, өзімізді олармен салыстыру дертінен арыла алмаймыз Осылайша, біз іштей олардың сәтсіздіктеріне, бастарына түскен қиындықтар мен бақытсыздықтарға шын жанымыз ашып, күйінудің орнына өзіміздің ондай бақытсыздыққа тап болмағанымызға қуанамыз.

...

Скачать:   txt (6.4 Kb)   pdf (83.4 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club