Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен не себепті кәсіпкер болғым келеді

Автор:   •  Сентябрь 26, 2018  •  Эссе  •  624 Слов (3 Страниц)  •  5,201 Просмотры

Страница 1 из 3

         Көптеген азаматтар мен азаматшалар қазірде тәуелсіз болуға, әрі жалдамалы, яғни белгілі бір жұмыс берушіге жұмыс жасамауға тырысады. Әрине, әрбір адам өз кәсібінің болғанын, сонымен қатар тәуелсіз болғанын қалайды. Сонымен, қәсіпкер деген кім? Қазіргі қоғамда «кәсіпкер» термині келесі анықтамаға ие: кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъект. Қазірде кәсіп бастағысы келген адамның ойында мың сұрақ бар мысалы: менен кәсіркер шыға алады ма? Осы істі толық басқара аламын ба? Кейін банкротқа ұшырасам, ол тығырықтан шыға аламын ба? Ия, шыныменде кәсіпкерлікті бастау қиын.

         Сол адамдардың ішінде менде бармын. Мен кәсіпкер болғым келеді деп нақты айтпасамда, болашақта жеке кәсібімді ашу ойымда бар. Әрбір адам, жеке тұлға ретінде басқа адамға, уақытқа тәуелсіз болғысы келеді. Ал кәсіпкер өзінің жұмыс кестесін өзі жасайды және өзі бақылайды. Кәсіпкер өзін тәртіпке үйретеді, себебі ол өз жұмысының нәтижелерін көру үшін тырысады және қызығушылық танытады. Кәсіпкерлікті бастау тәуекелсіз болмайды. Соған байланысты қазіргі уақытта менің мақсатым өзімнің бойымдағы кәсіпкерге тән қасиеттерді арттыру, сол бағытта жұмыс жасау. Белгілі бір идеямен алдыңа қойған нақты мақсаттың болуы. Болашаққа, яғни кәсіпкерлікті бастауға нық қадам жасағым келеді. Ең алдымен өзіме деген сенімділікті арттырып, басқарушылық қабілетті, тәуекелшіл болуды, жаңа идеяларды ойлап табу үшін ізденісте болуды үйренуім қажет. Ең басты сұрақ: Бұл кәсіп не үшін қажет ?- деген сұраққа жауап бере алу. Әрине ең бірінші өзіңді жеткілікті қаражатпен қамтамасыз ету, сонымен қатар тәуелсіз болу, жаның қалаған іспен айналысу. Сол себепті белгілі бір кәсіпті ашқанда, өзіңде қызығушылық барма, соған мән берген жөн деп ойлаймын

...

Скачать:   txt (4.1 Kb)   pdf (75.5 Kb)   docx (30.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club