Мен неге кәсіпкер болғым келеді
Автор: suiegenov • Октябрь 8, 2020 • Сочинение • 299 Слов (2 Страниц) • 727 Просмотры
Орындаған: Сүйегенов Қолқанат
Тексерген: Айжан Кожекенова
Группа: Ю-19-1К
Тапсырма тақырыбы: «Мен неге кәсіпкер болғым келеді»
Менің есімім Сүйегенов Қолқанат.Мен Еуразия Технологиялық Университетінің 2 курс «Құқықтану» мамандығы бойынша студентімін.Менің болашақ мамандығым құқықтанушы, нақтырақ айтқанда прокуротурада қылмыстық прокурор қызметін атқару.Алайда барлығы біз ойлағандай бола бермейді.Өмір тұтас сыйлыққа ұқсайды.Алдымызда қандай жағдайлар күтіп тұр және қандай қызметті атқаратынымызды уақыттың еншісіне қалдырамыз.Кәсіпкерлік, менің ойымша бұл – бос кеңістікте, бостандықта еркін ұшқан көгершіндер секілді.Себебі, егерде қандайда бір кәсіптің басын бастасаңыз сіз ешкімге тәуелді болмайсыңыз.Кәсіптің түбі нәсіп.Кәсіп бастардың алдында 7 өлшеп, 1 рет кескен жөн.Себебі кәсіпкердің әрбір шалыс басқан қадамы банкротқа алып келуі мүмкін.Сол себептіде менің екінші алға қойған мақсатымның бірі кәсіп бастау, кәсіпкер болу.Кәсіппен айналысу оңай деп айта алмаймын.Сол бір мақсатымды қазірден іске асыруды жөн санадым.Қазірге уақытта мен тендермен айналысамын.Тендер дегеніміз сіздің қолдағы екінші мүмкіндігіңіз.Себебі кез-келген оңтайлы уақытта екінші кәсіптің басын бастауға болады.Тендер дегеніміз – мемлекеттік ұйымдар мен ірі компаниялар, өздерінің қажеттіліктеріне керекті тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін, тауарлар мен қызметтерді өндіруші компаниялар арасындағы конкурс, яғни бәсекелестік.Кез келген ірі компания немесе мемлекеттік ұйымдар өзіне қажетті тауарларды шығарады.Сіз тапсырыс берушінің бағасынан пайда тапқыңыз келсе, айтылған тауарларды арзан бағада іздеп, іс-қағаз жүзінде тауардың сапасын дәлелдеуіңіз қажет.Осылайша мемлекет қарастырған ақшаны сіз маңдай тердің жәнеде бәсекеге қабілеттіліктің арқасында ақша табу мүмкіндігне ие боласыз.Қазіргі уақытта сонымен қатар тандыр нан шығарумен айналысмын.Бұл менің екінші қолға алған кәсібімнің бірі.Бұл жұмыс мұқияттылық пен сапаны қажет етеді.Себебі, әрбір тұтынушы сапалы тауарды алғысы келеді.Сіз сол сапалы тауарды өндіріп қана қоймай дизайнерлік өнергеде жақын болғаныңыз дұрыс.Себебі кәсіппен дизайнерлік өнер бір тұтас.Тауардың әдемі болуы, түрлі ою-өрнектермен безендіріліп тұтынушыны қызықтыра білу қажет.Кәсіпкер алдау қабілетімен емес ойлау қабілетімен ерекшеленуі қажет.Тренингтер, кітаптар, күнделікті жоспарлар менің кәсіптегі жемісімді адал табуыма көмектесті.Кәсіп бастаудың қыр-сыры уақыттың және тәжірибе жүйесімен толықтырылады.Тек қана бір қызметті атқарып, үкімет ұсынған жұмысқа қарап қалу дұрыс емес деп ойлаймын.Себебі әрбір кәсіптің бір шығар есігі, табатын табысы бар.Сол себептіде менің кәсіпкер болғым келеді.
...