Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттің әлеуметтік қызметі

Автор:   •  Сентябрь 17, 2021  •  Реферат  •  1,470 Слов (6 Страниц)  •  360 Просмотры

Страница 1 из 6

Реферат

Мемлекеттің әлеуметтік қызметі

Орындаған: Лұқман Шалқар

Алматы 2021

Мемлекетті әлеуметтік  мәні  оның  функциялары  арқылы  нақтыланып көрініс табды.  Мемлекеттің  функциялары —   қоғамдық қатынастарға ықпал ететін мемлекеттің ерекше механизмі. Ол мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді  шешуге негізделген мемлекеттік қызметтің негізгі  бағыттары болып табылады.  Оның белгілері мынадай:

1)қоғамдық өмірдің басты сферасында тұрақты қалыптасқан мемлекеттің  қызметі;

-мемлекеттің мәні мен оның  әлеуметтік бағытының арасындағы тікелей  байланыстығы;

-қоғам дамуының тарихи кезеңдеріндегі пайда  болатын ірі нақтылы міндеттері мен мақсаттарын орындауға  байланысты мемлекеттің  қызметінің  бағыттылығы;

-билік мәжбүрлеу  әдістерін қолдануға қажетті белгілі бір нысандағы (көбінесе құқықтық)  функциясын   іске асыру.

Мемлекеттің  функциялары стихиялы түрде емес, белгілі бір   мақсатқа бағытталып  негізделеді.  Айталық,  өз функциясын жүзеге асырған  кезде мемлекет алдында тұрған міндеттерді  (таптық немесе жалпыәлеуметтік) орындау үшін қоғамдық қатынастарға ықпал ете  алатын мүмкіншілігіне  ие  болуы тиіс. Сондықтан мемлекеттік  функция-таптық  немесе  жалпы-әлеуметтік  бағыттағы  болып келеді.  Бірақ,  әр түрлі тарихи кезеңдерде мемлекеттің функцияларының ара – қатынасы  әр қилы болуы да мүмкін.  Мемлекет  алғашқы кезінен бастап,   қоғам онсыз дами алмайтын бірқатар қызметтерді, мысалы,  қоғамдық қажетті жұмыстарды ұйымдастыру (жол,  стихиялық апатқа  қарсы қорғаныстар салу),  почта ісін, суда мен қаржы   айналымын, қоғамдық тәртіпті сақтау мен кейбір басқа да  қызметтерді орындап келеді. Мемлекеттің басты қам – қарекеті әрдайым  өзі  орнатқан тәртіпті қалай да  болса  қорғау  болып келеді.

Қанаушы  мемлекеттердің функциясы өркениетті мемлекеттерге қарағанда өзгешелеу болып келеді.  Оны  мынадан көруге болады:

— қарамағындағы   бағынышты  халықты қанауын  ұйымдастыру (құлдар, еркі  жоқ шаруалар, жұмысшылар);

-өзіне бағынышты  халықты  жалындырып ұстау,  қолданыстағы режимге олардың ашық қарсылықтарын басып тастап,  одан әрі  өрбуіне жол бермеу;

-салықтарды,  алымдарды және өзге  де міндетті  төлемдерді  жинау;

-қанаушы, үстемдік етуші  таптардың саяси және экономикалық  мүдделерін қамтамасыз ету;

-шаруашылық – шаруашылық функциялар  (ішкі функциялар).

Оның сыртқы  функциясы мынадай көріністе болады:  жаулап алу соғысын ашу;   өзіне  бағынышты мемлекеттер  мен  аумақтардағы  халықты және табиғи  байлықтарды тонап қанау; мемлекеттік шекараны  қорғау, кедендік қызметті ұйымдастыру және басқа  мемлекеттердің тарапынан  болатын  қарулы агрессиясына қарсы тойтарыс  беру;  өзге  елдермен  дипломатиялық  және сауда – экономикалық  қатыстарда болу; басқа  мемлекеттермен мәдени және ақпарат құралдармен алмасу,  халықаралық және мемлекетаралық  ұйымдардың жұмысына қатысу.

Қазіргі уақыттағы дамыған мемлекеттер жалпы әлеуметтік функцияларды  жүзеге асырады,  олар  әр түрлі негізде  түрлерге  бөлінеді.  Іс — әрекеттерінің уақытына   байланысты функциялар тұрақты (мемлекеттің  дамуының  барлық кезеңдерінде) және  уақытша  оның пайда  болуы белгілі  бір жағдайларға  байланысты,  ол жойылған  соң бұл функция қажет болмайды (мысалы,   табиғи аппаттардың  зардаптарын жою, Чернобель АЭС-індегі   уақиға куә).  Қызмет сферасына қарай – ішкі және сыртқы функцияларға  бөлінеді.  Мәні  жағына келетін болсақ функция негізгі және негізгі емес (қосалқы) болып келеді.  Мемлекет билігінің тармақтарының  бөлінісіне  байланысты функциялар  заң шығару, бақарушы,  және сот ісін жүргізу болып бөлінеді.   Қоғамдық сферасындғы қызметінің бағытына қарай экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдениет сферасындағы іске асырылатын функциялар  болып  жітелінді.

...

Скачать:   txt (19.7 Kb)   pdf (86.9 Kb)   docx (12.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club