Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жасөспірімдік кезеңдегі суицид мәселесі

Автор:   •  Март 18, 2019  •  Курсовая работа  •  10,029 Слов (41 Страниц)  •  1,059 Просмотры

Страница 1 из 41

Кіріспе

Елімізде суицид мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі, елімізде жасөспірімдердің арасында суицид мәселесі жиі қайталануда. Соңғы ақпараттар бойынша, өзіне-өзі қол салудың деңгейінің өткен жылдармен салыстырғанда азайғандығы мәлім. Бірақ бұл мәселенің шешімі табылды деген сөз емес. Сондықтан да жасөспірімдер суицидін алдын-алу шараларын оқу орындарында жүргізу ондағы педагог-психологтардың басты міндеттерінің бірі.

Дүниеге келген әрбір адамның ең қымбат, қастерлі табиғи құқығы − өмір сүру. Алайда өмірдің қадірін жете түсінбеудің кесірінен өзіне-өзі қол жұмсап, жасөспірімдер өз өмірлерін қиюда. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының жүргізген санағы бойынша, әлем бойынша 1 миллион адам өзіне-өзі қол жұмсаса, соның 8 мыңы біздің отандастарымыз. Және осы ұйымның жыл басында жасаған бақылауына қарағанда, еліміз суицидтің таралымы бойынша 193 мемлекет арасында 3 орынды, ал жасөспірімдер суициді жөнінен Ресейден кейінгі екінші орынды тұрғаны белгілі болып отыр. Психолог Л.Ілімханованың келтірген деректеріне сүйенсек, Қазақстан бойынша жасөспірімдер суициді ең көп тіркелген (100 мың тұрғынға шаққанда) аймақтар − Солтүстік Қазақстан облысы (59 адам), одан кейін Шығыс Қазақстан (55 адам), Қарағанды (39 адам), Атырау (29, 3 адам), Қызылорда (13, 2 адам), Оңтүстік Қазақстан (14, 1 адам) облыстары екен. Бар болғаны 16 миллион ғана халқы бар Қазақстан үшін бұл үлкен көрсеткіш болып отыр.

Қазақстандағы әлеуметтік жағдайдың қиындығы, экологияның кері әсерлері, ақпарат құралдарындағы «қажетсіз» ақпараттардың, атап айтқанда, атыс-шабыс фильмдер, қырып-жоятын виртуалды ойындар, суицидке итермелейтін сайттардың жасөспірімдер санасына әсерінен, адамның өзіне деген сенімнің жоқтығынан бүгінгі таңда жүздеген жастар қапияда көз жұмуына өздері себепкер болып отыр. Елімізде суицидалды өлімді көбіне 14-24 жас арасындағы жастар, оның ішінде қыз балалар, ал 29 жастан жоғары ер азаматтар таңдайды екен. Әсіресе, 14 -17 жас аралығында жасөспірімдердің ажалға құштар болуы алаңдатарлық жайт. Мұның себебін психолог мамандар жасөспірімдердің өмір сүруге тәжірибелерінің жоқтығы, санасында туындаған кейбір мәселелерге байланысты үлкендердің түсіндірмеуінен, қамқорлықтың, мейірімнің болмауынан деп түсіндіреді. Сондай-ақ, тұрмыс жағдайының төмен болуы, отбасында дау-жанжалдың орын алуы, қатарластарына қызығуы, өздерін олардан кем сезіну секілді жағдайлармен байланыстырады. Ал қыз балалардың өзіне қаскөйлік жасауына жауапсыз махаббат, некесіз жүктілік секілді факторлар әсер етсе, ер азаматтардың отбасындағы жанжалы, отбасын асырай алмауы         өмірден ерте кетуіне себепкер болады.

Қазіргі таңда Қазақстанда жастардың өзіне-өзі қол жұсмауы қоғамдағы техникалық өркендеу, информациялық ресурстардың алшақталуы адамның қажеттілігінсіз өсуі, адам бақытының ұлғаюы, адам психикасындағы ауытқушылықтардың көбеюімен байланысты оларды алдын-алу өзекті  мәселе болып отыр. Сонымен қатар білім беру мекемелеріне қатысты нормативті құқықтық құжаттарда оны алдын-алу мәселесі аталып өткендіктен жалпы білім беретін мектептерде жасөспірімдердің суицидін алдын-алу байлансты мектеп нақты тәжірибесінің жоқтығы және оны алдын-алудың жолдарына арналған зерттеулердің жоқтығына байланысты зерттеу қарама-қайшылығының орын алып отырғаны белгілі болып отыр. Осы аталған қайшылықтардың шешімін іздестіру, зерттеу мәселесін айқындау мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Жасөспірімдік кезеңдегі суицид мәселесі» деп таңдауыма себеп болды.  

Зерттеу объектісі: Өзіне-өзі қол жұмсауға бейім жасөспірімдер.

Зерттеу пәні: Жасөспірімдердің арасында суицидке бейім балаларды психологиялық тұрғыдан алдын-алу.

Зерттеу мақсаты: Жасөспірімдік кезіңдегі суицид проблемасын ғылыми тұрғыдан теориялық негіздеу.

Зерттеу міндеттері:

1. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық шолу.

2. Жинақталған материалдарды талдау.  

3. Суицидке бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігін анықтау.

4. Жинақталған материалдарды қорытындылау.


1.1 Суицид ұғымы

«Суицид» терминін итальян психологы Г. Дэзен алғаш рет 1947 жылы ғылымға енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді. Ғалымның пікірінше, - «суицид» дегеніміз - өзін-өзі өлім жағдайына апаратын саналы түрдегі өз-өзіне  қастандық жасау».

...

Скачать:   txt (144.9 Kb)   pdf (346.6 Kb)   docx (58.8 Kb)  
Продолжить читать еще 40 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club