Саясат: ұғымы, мәні, негізгі белгілері
Автор: ilyas03 • Сентябрь 13, 2021 • Лекция • 723 Слов (3 Страниц) • 654 Просмотры
- Саясат: ұғымы, мәні, негізгі белгілері.
Саясаттану сөзі (политология) гректің, «политика» және «логос» деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, қазіргі замандағы сан түрлі саяи идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. Саясат дегенгіміз қоғамның ішіндегі үлкен топтар, сондай-ақ билікті орнатуға, сақтауға, бөлуге бағытталған қоғамдық ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты айтады. Саясат гректің «полис» қала деген сөзінен пайда болған. Саясат кең мағынада қоғамның саяси өмірін бейнелейді, ал тар мағынасында билік үшін күресті білдіреді. 17 ғ. дейін саясатты бағыныштыларды қоғамдық басқару ретінде қарастырып келді. Ал 18 ғ. бастап саясатты билік пен байланысты қатынас ретінде түсіне бастады. Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз-саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым.
"Саясат" ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықща аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативті негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие.
Саясат субъектілері болып мыналар табылады:
1. Жеке адам, индивид. Саясат субъектісі ретінде көріну үшін индивид әлеуметтік белсенділік пен бостандық сияқты тұлғалық қасиеттерге ие болуы шарт және осы қасиеттер индивидке өз субъектілігін танытуға мүмкіндік береді. Индивид әлеуметтік белсенділігінің арқасында өз мүдделерін айқындап, оларды саяси сфераға бағыттайды, яғни саяси белсенді субъектіге айналады, ал бостандығы оның әрекетіне дербестік береді.
2. Әлеуметтік топтар — адамдардың ассоциативті қоғамдастықтары, саяси қатынастардың ең тиімді әрекет етуші субъектісі. Әлеуметтік топтар көлеміне қарай (кіші, орташа, үлкен), ассоциациялардың тұрақтылығы мен ұзақтылығы, ТОП элементтері арасындағы байланыстың қарқындылығы мен әлсіздігі, ұйымдық құрылымы және т.б ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Әлеуметтік топтарға мыналарды жатқызуға болады: таптар; дәрежелік, жыныстық және жас ерекшеліктік, этникалық, кәсіби және басқа топтар; мүдде бірлігіне байланысты пайда болатын тұрақты және уақытша ассоциациялар. Бірақ әлеуметтік топтар — біршама аморфты құрылым. Ұйым оның әрекетіне бірізділік пен тиімділік береді және осының арқасында әлеуметтік топ саясаттың субъектісіне айналады.
3. Мемлекеттік билік. Қоғам, мемлекет қалыптастырған басқару органы — саясаттың ең әрекетшіл субъектісі. Мемлекеттік билік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, әлеуметтік басымдылығын айқындап, ресурстарды бөліп, әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін бақылайды. Осы негізде ол адамзаттың қоғамдық өмірінің нормаларын жасақтап, оны адамдар өміріне ендіреді және оның орындалуын бақылай отырып осы істерге қажетті мәжбүр ету функциясына иелік етеді. Өз мүдделерінің үстемдігін қамтамасыз ету үшін саяси қатынастардың субъектілеріне мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызметіне ықпал тигізу өте маңызды. Саясат субъектілерінің мемлекеттік билікке өз ықпалын тигізуге талаптануы — саясаттың мәнді аспектісі.
4. Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі. Оған саясатқа және саяси қызметке өздерін кәсіби түрде бағыштаған және осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым бөлігін жұмсайтын адамдар кіреді. Әлеуметтік саяси элита біртекті емес, оған әр түрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік белсенді өкілдері кіреді. Бұқарадан саяси элитаны өте жоғары әлеуметтік және саяси белсенділігі, саяси іс-әрекетте пайдаланылатын форма, әдістер, құралдардың барлық ресурстарын қолдану арқылы саяси мәдениетті мазмұнды түрде игеруге талаптануы ерекшелеп тұрады. Мемлекеттік билік, оның саясаты, оны іске асырудағы жетістіктер мен сәтсіздіктер қоғамдағы саяси элиталардың күрес объектісі. Бұқарамен байланыс, оның саяси сезіміне көңіл бөлу, әлеуметтік жүріс-тұрысқа әсер ету — міне бұның бәрі саяси элитаның билік жолындағы күресінің құралдары болып табылады.
Саясат субъектісі ретінде мемлекет (сыртқы саясат шеңберінде, сондай-ақ әлеуметтік өмірдің қандай да болмасын түбірлі бағдарламаларын шешуде және іске асыруда); өздерінің жеке және аймақтық мүдделерін қорғайтын мемлекеттің құрамдас бөліктері; мемлекеттік биліктің құрамы мен саясатын өзгерту мақсатында оған ықпал ететін саяси партиялар және бірінші кезекке қандай да болмасын өзекті, өмірлік маңызды мәселені қойып, билікке бұқаралық қысым жасауды ұйымдастыратын қоғамдық-саяси қозғалыстар да көрінеді. Соңдықтан да саясат — көп түрлі субъектілер әлемі.
...