Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Брендті құрудын маркетингтiк саясаты

Автор:   •  Ноябрь 15, 2019  •  Лекция  •  1,158 Слов (5 Страниц)  •  528 Просмотры

Страница 1 из 5

6. БРЕНДТІ ҚҰРУДЫҢ МАРКЕТИНГТІК САЯСАТЫ

Дәрістің мақсаты: Брендті қалыптастырудың үдерісін және кезеңдерін талдау негізінде негізгі түсініктерді қалыптастыру

  1.  Рыноктық жағдайды талдау. Кәсіпорынның қызметін SWOT – талдау.
  2.  Өндірілген тауарларды және бәсекелік талдау
  3.  Тұтынушыларды сегменттеу
  4.  Брендті салыстыру және оның артықшылығын айқындау
  5.  Брендті құру үрдісінің ерекшеліктері

  1. Рыноктық жағдайды талдау. Кәсіпорынның қызметін SWOT – талдау

Кез келген кәсіпорын өндіріп отырған тауарын танымал, әйгілі, яғни бренд ретінде қалыптастырғысы келетіні айдан анық. Себебі, олардың тауарлары бренд болса, ол кәсіпорын үшін көптеген кедергілерге төтеп беруге, пайданы жоғарылатуға және т.б. мүмкіндік береді.

        Сондықтан бұл параграфта қарапайым тауар таңбасын бренд ретінде қалыптастыру туралы сөз қозғалады. Бұл үрдіс келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Рыноктық жағдайды талдау.
  2. Кәсіпорынның қызметіне SWOT – талдау.
  3. Өндірілген тауарларды талдау.
  4. Бәсекелік  талдау.
  5. Тұтынушыларды сегменттеу.
  6. Брендті салыстыру және оның артықшылығын айқындау.

Енді осы кезеңдердің барлығын қарастырып өтеміз.

1.        Рыноктық жағдайды талдау. Рыноктағы жағдайды талдау келесі сұрақтарға жауап береді:

  • біз қай жердеміз?
  • қай жерде болғымыз келеді?
  • ол жерде болу үшін не қажет?
  • оған не кедергі жасайды?

Маркетингтік қызмет алғашқы көріністі білу үшін келесі төрт сұраққа жауап іздеу арқылы нарықтық жағдайды талдайды:

  1. Біз қай жердеміз? Бұл сұраққа жауап, компанияның қазіргі таңда нарықтың қай жерінде, толықтырушы және алмастырушы тауарлар нарығын талдау жасауға мүмкіндік береді, бәсекелестер арасында қай орынға ие болып тұрғанын анықтайды. Бұл үлгі нарық динамикасын суреттеуге мүмкіндік береді.
  2. Біз қай жерде болғымыз келеді? Бұл сұрақ мәнді кеңістіктегі брендтің алдағы жылдардағы қойған мақсаты. Екінші сұраққа жауап бере отыра, тұтынушылар тарапынан қабылданған, таңбаның орналасуының қарастырамыз.
  3. Көзделген нүктеге жету үшін не жасау керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін: өндірістік қуат, қаржылық мүмкіндіктер, инвестиция, тәжірибе, персонал санаты, уақыт және т.б. факторларды ескеріп, олардың дамуын қарастыру керек.
  4. Не кедергі келтіруі мүмкін?  Мұнда нарықтық динамиканы ескеру қажет (нарық сыйымдылығын, ұлғаюын, азаюын): макроэкономикалық жағдайдың өзгеруін (тұрғындар табысы, инфляция деңгейі, курс бағамы, шикізат бағасы, энерготасушылар және т.б.), бәсекелестердің белсенділік мүмкіндіктерін, тұтынушы қабылдауының өзгеруі, модельдердің ескіруі мен жаңалардың пайда болуы және мемлекеттік реттеу (заңдар, салықтар, лицензиялау, кедендік салымдар және т.б.).

  1. Өндірілген тауарларды және бәсекелік талдау

Өндірілген тауарларды талдау.  Маркетингтік қызметте тауар деп тұтынушы қалауы мен қажеттілігін қанағаттандырушы, өндірушілердің қызметіндегі кез-келген өнімді айтады.

Тауар тұтыну объектісі болғандықтан, аталған тауарды тұтыну аспектілеріне қатысты өндірілетін тауарды талдау үшін кешенді сұрақтарды қарастырады. Бірінші орында – тауар не үшін арналған және қандай қажеттіліктерді қанағаттандырады, функциясы қандай,  тауар сапасы мен беріктігі, тұтынушыға пайдасы мен артықшылықтары және көптеген сұрақтарға жауап беру тұрады.

Тауардың тағайындалуы. Бұл бөлім көптеген тауардың бағытталуы, тұтынушы тарапынан қалай қабылдануы, тағайындалуы дұрыс па деген көптеген сұрақтарға жауап іздейді. Тауардың тағайындалуы тұтынушы қалауы мен қажеттілігін қанағаттандыруына байланысты болады.

Тауардың  сапасы. Тауар тұтынуға бағытталғандықтан, тауар сапасы оның тағайындалуымен тікелей байланысты. Тауардың сапасы бойынша екі аспектіні қарастырады: өндіруші және тұтынушы тұрғысынан.

«Өндіруші сапасы» - сатып алушы ұсынысы бойынша өңделіп дайындалған тауар қасиеттерінің жиынтығы.

...

Скачать:   txt (15.8 Kb)   pdf (287.2 Kb)   docx (18.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club