Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы индутрияландыру саясаты

Автор:   •  Ноябрь 10, 2018  •  Эссе  •  502 Слов (3 Страниц)  •  4,763 Просмотры

Страница 1 из 3

                              Қазақстандағы  индустрияландыру саясаты

Қазақстандағы  индустрияландыру саясаты жайлы сөз қозғамас бұрын , индустрияландыру сөзінің мағынасын түсініп алғанымыз жөн . Яғни ,  индустрияландыру деп — кез келген салада ірі машиналық өндіріс құру процесін айтамыз. Бұл процес Қазақстанда 1925 жылы желтоқсан айында  өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағытының белгіленуімен басталды.  Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. Дәлірек айтқанда , социалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан ірі машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен , ауыр индустрияны,  бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды. Соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен шет елдермен экономикалық жарыста озып шығып , елді индустриялды державаға айналдыру мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, бірақ күрделі мақсат еді.

Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мәселе сол кездің өзінде өте үлкен пікір-таластар туғызды. Бір топ өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді, яғни қазақтың көшпелі өмір салты ұлттық ерекшелік болып табылады, олай болса елді индустрияландыру бағыты оның осы ұлттық ерешелігін жояды деп есептеді. Келесі бір топтың өкілі С. Садуақасов өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі деп есептеді. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркәсіптерді көптеп салып, оны ары қарай дамыту қажет. С. Садуақасов шикізат қоры көздеріне өнеркәсіптерді жақындату мақсатын көздеді.

Қазақстанды индустрияландырудың ең алғашқы қарлығашы - Түркістан–Сібір темір жолы болды. Индустриаландыру жылдарында Қарағанды-Балқаш, Гурьев –Доссор, Ақмола-Қарағанды, Жарық-Жезқазған, Рубцовка-Риддер темір жолдары салынды. Өлкені индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түрлі-түсті металлургия, көмір және мұнай өндіріс орындары мен теміржол саласын одан әрі өркендету міндеттерін қойды. Осыған байланысты жаңа өндіріс орындарын салу және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын қайта құру үшін тек 1933-1934 жылдары  566,6 млн сом қаржы бөлінді.

...

Скачать:   txt (7.6 Kb)   pdf (76.7 Kb)   docx (12.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club