Хақназар ханның сыртқы саясаты (1538-1580 42 жыл)
Автор: nusupbekovazhan • Декабрь 19, 2018 • Реферат • 832 Слов (4 Страниц) • 31,116 Просмотры
Хақназар ханның сыртқы саясаты (1538-1580 42 жыл)
Қасым хан қайтыс болғаннан кейін ішкі-сыртқы саясаты талас тартыс нәтижесінде төмендеп кетті. Осындай жағдайлар барысында ыдырай бастаған қазақ хандықтарын біріктіріп, аймақтық жағынан ұлғайтқайн жақсартуға тырысқан Қасым ханның баласы Хақназар хан зор үлес қосты.
Хақназар хан Қазақ хандығы жерлерін қайта қалпына келтірумен айналысты. Хақназар батыста Ноғай ОРдасымен, оңтүстігінде Орта Азия халықтарымен, солтүстігінде Сібір хандығымен Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатты. Хақназар әкесінің жақсы қасиеттерін алған. Хақназар билік еткен кезде Қазақ хандығыынң қуаты өсіп, саяси өрлеуі арта түсті.
Сыртқы саясатта.
Хақназар хан сыртқы саясатта Моғол хандығымен, Ноғай Ордасымен, Орыс мемлекетімен бейбіт қарым-қатынас жасауды өзінің басты міндеті санады. Моғол хандығымен Жетісу-Ыстықкөл аумағындағы жерлер үшін күрес 16 ғасырдың 50-60 жылдары болды. 16 ғасырдың 60-70 жылдарында Хақназар хан моғол ханына қарсы сәтсіздіктеріне салдарынан Жетісудың біршама жерлерінен уысынан шығарып алды. Дегенмен, 1570 жылы Жетісудың батыс бөлігі Шу,Талас өңірі оның билігінде болды.
16 ғасырдың орта шенінде Сібір хандығымен Моғолстан билеушілерінің қазақтарға қарсы шапқыншылық жорықтары жиілеп кетті. Бұл тарихи жағдаиды түсіне білген Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Шайбани әуелетімен қарым-қатынас жасауға ұмтылды. Ташкентті басып алу соғыс қимылдарын тоқтатып Бұхар ханы 2 Абдаллахпен дос болуға шарт жасасты. Қазақтар мен өзбектер арасында шаруашылық байланыс одан әрі дами түсті. Бұл саясат Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясатын жақсартуға, шаруашылықтың орналуына, өсуіне тиімді әсер етті. Қазақ хандығы нығая түсті. Өзбек ханы Абдаллах пен ташкент билеушісі Баба сұлтан арасында билік үшін талас тартыс басталған кезінде , Хақназар хан бұл таласты пайдаланып, әлсірету үшін екеуінде қолдайды. Сонда Абдаллах оған Түркістан аумағынан бірнеше жерді сыйға береді. Баба сұлтан Түркістан мен Сауранды тарту етеді.
Хақназар ханның саясатының маңызы
Хандықтың аумағыының кеңеюі
Жеке дербес мемлекет ретінде танымал болуы
Хан билігінің күшеюі
Ішкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақтылығы
Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла 2-мен қазақ ханы Хақназар дос болу жөнінде ант жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды.16 ғасырдың 60-70 жылдарында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. Қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі дамыды. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығы нығая түсті.
Қазақ хандығындағы жағдайды Ноғай Ордасы тез пайдаланды. Бұл туралы В.В.Трепавлов былай деп жазады: «Ноғай соғысының ноғайлар үшін болған нәтижелерінің біріне қазақ тағын иеленуге мүмкіндіктің тууы жатты. Дәл осы кезде таққа Хақназар отырғызылады.»
Осылайша ол1538 жылы билікке келген.
Енді Хақназар ханның Қазақ хандығының «қайта өрлеу» кезеңіндегі жүргізген саясатына көшелік.
Зерттеушілердің көрсетуі бойынша Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатттағы белсенділігі 16 ғасырдың екінші жартысынан бастап байқала бастайды. Қасым ханнан кейін Қазақ хандығында қалыптасқан ішкі саяси дағдарысты көршілер қалай пайдаланса, 16 ғасырдың екінші жартысының алғашқы жылдары-ақ Хақназар хан көршілердегі саяси қайшылықтарды өз пайдасына қолдана бастайды. Бұл кезеңде Қазақ хандығының батыстағы көршісі-Ноғай Ордасында, оңтүстікте басты қарсыласы – Мауереннахдағы Шайбани әулеті. Хақназар хан көршілес елдерде қалыптасқан саяси жағдайларды шебер пайдалана отыра, қазақ халқының этникалық аумағын қайта жинауға кіріседі. Қазақ халқының этникалық аумағын біріктіру дегеніміз – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақ ру-тайпаларының өмір сүру кеңістігін,яғни шаруашылық үшін қажетті маусымдық жайылымдар мен көшіп-қону жолдары мен бағыттарын, сауда орталықтарын біртұтас этносаяси кеңістікке біріктіру болып табылады.Хақназар тұсындағы казақ-ноғай қарым-қатынасының негізгі өзегін жер мәселесі құрады. Хақназар ханның батыс тағыттағы саясатының басты мақсаты – Қазақстанның батыс бөлігіндегі жерлерді қайтару боолды.Осылайша, Хақназар хан 1580 жылға дейін Қазақ хандығының батыс пен солтүстіктегі шекараларын қалпына келтіру жолында Ноғай Ордасымен, Сібір хандығымен тікелей қатынастарға түсіп, Қырым, Мәскеу билеушілерімен байланыстар орнатады. Оның атақ-даңқы бұрынғы Алтын Орда аумағындағы саяси өмірде өте танымал болады. Хақназар ханның билігі тұсында Қазақ хандығының жүргізген саясатының тағы бір басты бағыты- оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыт болды. Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойындағы жерлер мен қалалар Қаззақ хандығы өте маңызды рөл атқарды. Шаруашылық тұрғыдан алғанда көшпелі қазақ ру тайпаларының қысқы жайылымдары мен қыстаулары Сырдың сол жағалауында болса, Дешті Қыпшақтың солтүстік бөлігінде табиғи жайылымдар мен жайлаулар орналасты. Хақназар хан 40 жылдан астам билікте болып, Қазақ хандығының тарихындағы қайта өрлеу кезеңіне жол ашып берді. Оның бар мақсаты – Қазақ хандығының аумағын әкесі Қасым хан тұсындағыдай деңгейге жеткізу болды. Осы мақсатқа жету жолында ол бар күш-жігшері мен қайратын аямады деуге болады. Белгілі тарихшы Т.И.Сұлтанов Хақназар ханның тарихи болмысын былайша суреттейді: «Хақназар хан әкесі секілді кең көлемдегі саяси қайраткер болды. Ол шынында Ұлы Дала көшпелілерінің күнделікті өміріне қажетті талаптарды мемлекеттің саясатымен ұштастыра білген ақылды әрі шебер билеуші бола білді. Ол саяси жағдайларды өте дәл сезіне білді және өз кезінің артықшылығын тиімді қолдана алды.» Осыдан біз айта аламыз. Біріншіден, Хақназар хан – «уақытша әлсіреу» жылдары туы қисайған қазақ мемлекетінің жалауын қайта желбіретіп, өх халқының өмірлік мүддесіне сай мемлекеттің саясатын жүргізген билеуші болды. Екіншден,бұрынғы Алтын Орда мен Шағатай ұлысы аумағында құрылған мемлдеекттердіңбилеушілері арасында зор беделге ие болған және өзімен санасуға мәжбүр еткен саясаткер болды. Үшіншіден, қалыптасқан саяси жағдайларды дұрыс жол таба білген шебер мәмілегер және қарсыласқан жауларына қахарын төккен мықты қолбасшы болған. Және кемеңгер басшы бола білген тұлға деп санаймыз.
...