Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абай шыfармаларындаfы иман мәселесi

Автор:   •  Февраль 12, 2022  •  Статья  •  2,944 Слов (12 Страниц)  •  247 Просмотры

Страница 1 из 12

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ИМАН МӘСЕЛЕСІ.

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«7М02206-Дінтану» мамандығының 1-курс магистранты Өтеш Алмас

КІРІСПЕ

Қазақ қоғамындағы рухани құндалақтардың негізгі қайнар көздерінің бірі – діни наным сенімдер. Ежелден бері құдайын ауызынан тастамаған ата-бабамыздың дара жолын күні бүгінге дейін жалғап келген тұлғаларымыздың дәл сол дін жолында төккен еңбектері ерең. Діннің ашықтамасын ұсынып, оның адам өміріндегі орнын айшықтап көрсете білген бабаларымыздың соқпақ жолы күні бүгінге дейін өз жалғасын тапқан. Әр қайсысы өз алдына бір төбе дара тұлғаларымыздың қалдырған еңбектерін күллі қазақ жұртшылығына дәріптеу бүгінгі ұрпақтың басты міндеттерінің бірі. Осындай аса маңызды тақырыпты жалғап отырған бүгінгі мақаламыздың басты кейіпкері – Абай.

Қоғамда белең алып жатқан проблемалардың кейбірі діни көзқарастың қайшылығынан туындап жатқаны бізге білгілі. Елдің зайырлы құқықтық басқару бағыты халықаралық діндер  арасындағы біршама мәселелердің алдын алуда. Алайда, діни экстримисттік идеаны қолдаушылардың біріккен топтары өз жұмыстарын астыртын жалғастыруда. Олардың жетегіне еріп айтқанына нанушылардыңда саны аз емес. Асылы адам баласына жол сілтеу үшін жіберілген дендер өкінішке орай адамның жекелеген мақсаттары жолында жұмсалып рухани адасушылыққа апаруда. Экстримизм мен терроризмге апаратын адасқан топтардың құрсауына түсіп құрбан болуымыздың басты себебін анықтап онымен күресу үшін көптеген әрекеттер жасалуда. Неде болса бұндай адасушылыққа басты себеп діннің негізі емес. Дінге деген көзқарас пен оны дұрыс түсінбеу проблеманың негізгі себебі. Демек, жастар мен діни сауаты аз адамдардың арасында белең алып отырған бұл мәселенің басты шешімі – дінді дұрыс түсіндіру. Осы мақсатта бізге негіз болып көп көмегін тигізетін қайнар көздердің бірі Ислам мәдениеті мен негіздерін қазақ дәстүрлерімен ұштастыра отырып түсіндірген Абай атамыздың шығармалары.

Дана халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанып, ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра болып келе жатқан Ислам діні тармағының бірі, негізін Имам Ағзам Әбу Ханифа салған дәстүрлі ханафи мазһабы. Ханафи мазһабы аясында дәстүріміз бен ғұрыпымыз қалыптасып, Ислам дінінің  атақты ғалымдарынан білім алып, қазақ ғұламаларыңың еңбектері арқасында сөл білімдерді бойымызға сіңірдік. Осындай мәдениеттен нәр алған қазақ топырағы түрлі ғалымдарды, батырларды, би-шешендерді, хандарды, елі үшін, діні үшін ерінбей еңбек еткен асыл азаматтарымызды дүниеге әкелді. Батыс пен шығыс мәдениетін ұштастыра білген, діншілдерге сыни көзқараспен қарап, өз еңбектерінде ашық көрсетіп, халқымыздың діни иммунитетін күшейтуге ықпалын тигізген қазақ дін ағартушылары көп-ақ. Солардың арасындағы ең терең ойлысы, өз заманының қоғам қайраткері - Абай Құнанбайұлы. Тек қана жазба қазақ әдебиетінің негізін салушы, аударма, философ, композитор ғана емес, дәстүрлі дінімізге де тигізген үлесі орасан зор. Ұлы тұлғамыздың ізгілік пен тәлім-тәрбиеге, ақиқатқа толы шығармалары қазақ қоғамына шамшырақ секілді. Бүгінгі мақаламызда осындай ұлы тұлғамыздың шығармалары аясында оның дінді түсінудің негізгі формаларын қалай көрсеткенін, Исламдағы иман мәселесін қалай айшықтағанын саралып көреміз.

Абайдың адамгершілік туралы этикалық ойлары мен иман мәселесіне қатысты пікірлері келешек  ұрпаққа тәрбие беруде маңызды рөлге ие. Ар, Намыс, Ұят  ұғымдары Абайдың моральдық идеясында басты ұғымдар қатарына жатады. Бұл ұғымдардың мәні, мазмұны, ішкі сыры тек адамның өзімен-өзі кеңескенде, өзінің ішкі жан дүниесіне үңілгенде ғана мағынасы ашылатын, айқындалатын ұғымдар. Абай атамыз қара сөздерінің бірінде адам баласының күніне немесе аптасына бір рет өз-өзінен есеп алып отыру қажеттігін атап өтеді. Бұл сөздің астарында жұмыр басты пенденің адамдық болмысынан ажырамауы меңзелгендей. Себебі дүниенің қызығына еліккен адам не істемейді десеңізші. «Тамағы тоқтық, қайғысы жоқтық, аздырар адам баласын»,- дейді хакім Абай. Бұл сөз дәл бүгінгі заманға қаратылып айтқандай. Өйткені қазір материалдық байлыққа құныққан адамдар арасында азғындық өрістеп бара жатыр.

...

Скачать:   txt (39.1 Kb)   pdf (150.7 Kb)   docx (21 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club