:Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары: түсінігі,жүйесі. өкілеттілік мерзімдері
Автор: Мадримов Бекберган • Июль 19, 2022 • Курсовая работа • 6,658 Слов (27 Страниц) • 272 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС(ЖОБА)
Тақырыбы:Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары: түсінігі,жүйесі. өкілеттілік мерзімдері
Мамандығы: ЮП 21-05 6B04201Құқықтану
Жетекші _____ Ауешова Б.Т
Орындаушы _____ Мадримов.Б
АҚТАУ-2022
АҚТАУ-2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ОРГАНДАРЫ: ТҮСІНІГІ,ЖҮЙЕСІ...................................................................................................5
1.1 Қазақстан Республикасындағы сайлау органдарының жүйесі және олардың қалыптасуы қағидаттары............................................................................................5
1.2ҚР сайлау органдары құқықтары мен міндеттері..............................................17
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ....................................................................................20
2.1Орталық сайлау комиссиялары...........................................................................20
2.2Аумақтық сайлау комиссиялары.........................................................................20
2.3Учакелік сайлау комиссиялары...........................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................28
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:Сайлау комиссияларының жүйесін Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) басқарады. Ол тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және елдегі сайлау туралы заңның орындалуын бақылайды, президенттік және парламенттік сайлауларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады. Тұтастай алғанда, республикадағы Президент және Парламент Мәжілісі сайлауының қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тіркейді, заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайтын облыстық, аудандық және қалалық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады. Ол Президентті, Парламентті, мәслихаттар депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастырады және өткізеді; мынадай аумақтық, округтік және учаскелік комиссияларға басшылықты жүзеге асырады; Сенат депутаттарын сайлауды қамтамасыз етеді.
Округтік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды және сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Мәжіліс депутаттарының тікелей сайлауын өткізуді, учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді. Сайлау округі бойынша сайлау нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, т.б.
Учаскелік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Олар сайлау учаскелерінде Президентті, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастырады және өткізеді (сайлау учаскесінде сайлаушылар тізімін жасайды, сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастыру және т.б.
Курстық жұмыстың мақсаты:Заңдылық пен Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары: түсінігі, жүйесі. өкілеттілік мерзімдерін зерттеу.
...