Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шешендік өнер және казак өркениетi

Автор:   •  Февраль 21, 2024  •  Реферат  •  2,896 Слов (12 Страниц)  •  67 Просмотры

Страница 1 из 12

ШЕШЕНДІК ӨНЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӨРКЕНИЕТІ

                                                          КІРІСПЕ

Қазақ шешендік өнері ерте замандардан бастау алатын тамыры терең, аса күрделі салалардың бірі. Біздің шешендік өнеріміз шалқар мұхиттай шексіз аса көлемділігімен, көркемдігімен сипатталатын әлемдік риториканың бір бөлігі болып табылады. Бірақ, көшпенді халықтың шешендігінің өзіне ғана тән, елдің өзіндік дүниетанымынан, ұғым-түсініктерінен, салт-дәстүрлерінен, этникалық санасынан туындайтын ерекшеліктері бар.

Осы айтылғандарға сәйкес бұл дәрістерде шешендік өнерінің адам қоғамында пайда болуы, оның анықтамасы, шешендік өнеріне деген қоғамдық қажеттілік, шешендіктің дамуының алғышарттары, демократиялық құрылымның шешендіктің дамуына ықпалы, адамның ақыл-ойы мен шешендік өнердің өзара байланысы сияқты мәселелер қарастырылады. Шешендік өнерінің және оны зерттейтін ғылымның көне Грекияда басталғаны белігілі. Соған орай, оқылатын дәрістерде грек жеріндегі шешендік ғылымының өркендеуі, Грекиядағы шешендік мектептері, софистер және олардың көзқарастары, Сократтың философиялық ілімі, Платонның жетілген мемлекет идеясы, Аристотельдің шешендік ғылымын дамытуға қосқан үлесі және оның «Риторика» атты еңбегі, қадым замандағы шығыс шешендік өнері, ежелгі үнді шешендігі, көне қытай шешендігі, Конфуций, көне грек шешендігі мен қазақ шешендігінің ұқсас жақтары және айырмашылықтары, қазақ шешендігіне тән қасиеттер, шешен сөздің толғауға, өлең-жырға айналуы, айтыс өнері және шешендік, қазақ шешендігін әлемге таныту сияқты мәселелер сөз болады.

Қазақ шешендіктану ғылымы ұлы энциклопедист-ғалым Әбу Насыр әл-Фарабиден басталады. Сол себепті, әл-Фарабидің шешендік туралы ғылыми тұжырымдары және оның «Риторика» атты еңбегіне тоқталамыз.  Қазақтың шешендік ғылымының дамуына зор үлес қосқан Ахмет Байтұрсынұлы, жазушы-ғалым Мұхтар Әуезовтің еңбектері қарастырылады. Бұдан бөлек шешендік өнердің және шешендіктанудың болашақтағы даму бағыттары, баршалық ақпарат, коммуникация құралдарындағы шешендік сөздер, қазақ шешендік ғылымының алдында тұрған мәселелер сөз болады. «Шешендік өнеріміздің қадым замандағы бастаулары» атты дәрісте еліміздің аумағын мекендеген ежелгі халықтар, Заратуштра іліміндегі шешендік сөз үлгілері, сақ, скиф, массагет халықтары шешендігі, Томирис патшайымның және гректердің жеті данышпанының бірі Анақарыс Қоңырұлы бабамыздың шешендігі жайында сөз болады.  

«Түркі шешендік өнері» деген жалпы атаумен аталған дәрісте түркі тілдес халықтардың әдебиетінің кезеңделуі, тәңірлік дәуір әдебиеті және ислам дәуірі әдебиеті, Алып Ер Тоңға дастаны, тасқа жазылған дастандардағы шешендік үлгілері, Орхон-Енисей ескерткіштерінің және Оғыз қаған дастанының тілдік ерекшеліктері, Оғыз қаған дастанында кездесетін шешендік сөздер, ғұлама философ, ұлы ойшыл Қорқыт ата және оның «Қорқыт ата кітабы», «Дерсе хан ұлы Бұқашхан туралы жырдағы» шешендік сөздер, түркі халықтарының ислам дінін қабылдауы, Әбу Насыр әл-Фараби шығармалырындағы шешендік сөздер, Мақмұд Қашқаридың «Диуану лұғат-ат-түрк» кітабындағы көркем сөздер, Шығыстың ұлы ғұламасы Қожа Ахмет Йассауи, Жүсіп Баласағұни шешендігі туралы ой толғаймыз.  

«Қазақ шешендігі» атты дәрісте қазақ шешендігінің кейбір мәселелері, қазақ хандығының құрылуы, өркендеп, дамуы, шешендіктің ауызша және жазбаша түрлері, шешендіктің белгілі уақыт шеңберімен шектелмеуі, шешен сөздердің авторларын анықтау, түркі халықтарына ортақ шешен сөздер, Майқы би, Аяз би шешендігі, қазақтың данышпан үш биі, Төле би, қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би шешендігі, данышпан Абайдың шешендік сөздерін зерделейтін боламыз.

 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ БАСТАУЛАРЫ

 Шешендік түсінігі

Шешендік өнерінің пайда болуы, оның анықтамасы. Көне Грекия шешендік ғылымының өркендеуі. Грекиядағы шешендік мектептері.  

...

Скачать:   txt (38.9 Kb)   pdf (130.5 Kb)   docx (724.6 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club