Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түркі өркениетi және yлы дала

Автор:   •  Май 9, 2024  •  Лекция  •  10,480 Слов (42 Страниц)  •  72 Просмотры

Страница 1 из 42

№3 Лекция тақырыбы:  2 БЛОК.  ТҮРКІ  ӨРКЕНИЕТІ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА

Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері

Лекцияның оқыту нәтижелері:

1. Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету;

2. Сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу;

3.Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстардыжүйелеу және сыни баға беру

Лекция мазмұны.

  1. Түркілердің шығу тегі мәселесі.
  2. ІХ-ХІІ ғғ. Қазақстанның этносаяси тарихындағы түркі факторы.
  3. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.

1.Түркілердің шығу тегі мәселесі. Б.э. І мыңжылдығының орта шенінде Қазақстан даласында ірі этникалық өзгерістер басталды. Ғұндар мен бірге мифтік тарихи көзқарас жойылды. Ерте түрік дәуірінде  адамның өмір сүруі тарихи аспектіде, ойлау затына айналды. Бұл дәуірді біз шартты түрде ежелгі түрік (ерте түркі), немесе көне түрік дәуірі деп атаймыз.

Ерте түркілердің шығу тегі ежелгі Ұлы даланың тұрғындары – турлармен байланысты. «Авеста» бойынша, арийліктер Ардви құдайына турларды жеңу үшін (бұл Амудария бойында болды) 100 жылқы, 1000 сиыр және көп қойды құрбандыққа шалған. Ақырында турлар арийлерді жеңіп, негізгі топтармен көшіп қонып жүрген жерлерін тастап кетуге мәжбүрлесе керек. Арийліктер (ирандықтар мен үнді-арийліктер) мен  турлар (тұран) арасындағы көптеген соғыстар жүздеген жылдар бойы жүріп жатты.

Көп үзілістен кейін ірі бірлестіктер ретінде түркі-ашиналар V ғ. аяғында белгілі болды. Түркілердің қайта өрлеуі көшпелілердің аңызға айналған ата бабасы Алаша есімімен байланысты болған идеологиялық символдардың жандануынан басталды. «Алаш» пен «Ашина» тікелей байланыста болуы, тіпті «ашина» «алаштың» бұрмаланған түрі болуы мүмкін.

Халықтардың бірінші құрылымы – 10 тайпа одағы (он оқ будун), Жуань-Жуань мемлекетінің әсерінен Алтай тауларының баурайына көшірілген тайпалардың қалдықтарынан қалыптасты. Кейін мемлекет «Түркі елі» деп аталды. Түркі сөзі «төркін», яғни «әскери ақсүйек» деген сөзден шықты деген жорамал бар. Орталық Азия территориясында түркі тайпалары 10 шақты мемлекет құрды – Көк түркілердің қағанаты, Шығыс Түрік, Батыс Түрік, Түркеш, Қырғыз, Қарлұқ, Ұйғыр қағанаттары ХІ- ХІІ ғғ. Қарахан (Афрасияб түркілері) және Селжұқ оғыз мемлекеттері құрылды.

Тарихи сахнада түркі мемлекеттерінің атауын басқасымен ауысуы біріншісінің жойылғанын білдірген жоқ. Олар жеңілгенде жеңгендердің қатарына кірген немесе басқа атпен жаңа бірлестіктер құрған. Қағанаттың дамыған кезінде территориясы  Маньжуриядан Керч бұғазына дейін, жоғарғы Енисейден жоғары Амударияға дейін созылып жатты. Бірінші Еуразиялық империяның құрушылары ретінде түркілер континент халықтарының  қалыптасу тағдырына үлкен ықпал етті.

VI ғасырда Қазақстан  территориясында аса күрделi саяси оқиғалар болды. Алтай-Сiбiр, Монғолия жерiнде  мекендеген  тайпаларының  үстем  тап өкiлдерi  бiрiгiп, әскер  күшiне сүйенген түрiк қағанаты атты феодалдық мемлекет құрды. Мемлекет басшысы  түрiк тайпасының ашина руының ұрпақтарынан шықты.

        ''Түрiк’’ этнонимiнiң  алғаш рет  аталуы,  қытай жылнамаларында  кездеседi және ол  542 жылға жатады. Түрiк қағаны Бумын 552 жылы көктемде аварлар ордасына  шабуыл жасап, оларды күйрете жеңiлiске ұшыратады. Осы кезден бастап түрiк билеушiлерi қағандар атағын алады, сөйтiп аварлардың бұрынғы күш қуатына да, олардың барлық иелiктерiне де өзiн мұрагер ретiнде орнықтырған Бумын түрiк руларының тұңғыш қағаны болды. Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түрiктердiң Батыстағы, Орта Азиядағы онан арғы саясатының негiзi болды. Түрік қағанаты Орта Азиядағы саяси үстемдікке Мұқан қаған тұсында қол жеткізді. Мұқан қағанның лақап аты Йанту. 

...

Скачать:   txt (135.1 Kb)   pdf (301.5 Kb)   docx (52.6 Kb)  
Продолжить читать еще 41 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club