Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ даласындағы буддизм

Автор:   •  Октябрь 13, 2018  •  Контрольная работа  •  16,491 Слов (66 Страниц)  •  683 Просмотры

Страница 1 из 66

ХІ – БӨЛІМ

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ

I ТАРАУ

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ДАМУ БЕЛЕСТЕРІ

Дала театры

Халқымыздың мәдени-рухани өмірінде театр өнерінің алатын орны ерекше. Ол-қазақ елінің өткені мен бүгінгі болмысының көркемдік сипаты, әрі сахналық тарихы.

Қай елдің болмасын театр өнері өзінің ұлттық тұрмыс-салттық ерекшелігіне қарай дүниеге келгені мәлім. Қазақтың театр өнері беріректе туғанымен оның сол өнерге жақын халықтық негізі мен тамыры әрімен бастау алады. Бұл рухани құбылысты 1926 жылғы зерттеуінде М.Әуезов келісті дәлелдеп кеткен. Ерте кездері шаршы топтың алдында орындалып, сахналық өнерге жақын, толып жатқан қазақ халқының ауыз әдебиетіне жататын тұрмыс-салт жырларының көбінде драматургия мен театрға жақын элементтер молынан кездеседі. Солардың ішінде, әсіресе Бақсы сарыны, Бәдік, Үйлену салт өлеңдері, Той бастар, Қоштасу мен Жоқтау шешендік өнер т.б. драматургия мен сахна өнерін қалыптастыруда  ерекше орын алғаны мәлім. М.Әуезовтің «Еңлік – Кебегіндегі» шешендік өнерге құрылған билер айтысы кәсіби мемлекеттік театр құрылғанша «Билер шайқасы» деген атпен ойын-сауық бағдарламаларына еніп, көрермендердің ықыласына бөленген.

Ел арасына кеңінен тараған жыраулар эпостық дастандарды кейінгі ұрпақтарға жеткізумен бірге, орындаушылық өнердің дамуына, кейін актерлік шеберліктің дамып қалыптасуына септігі тиген. Ал ірі эпостық дастандардағы шиеленіскен тартыс, қызық сюжет санқилы адам мінездері орындаушылар алма-кезек диалог, кейде монологты қолдану, ойды ғана өзінше суреттеп бейнелеуі т.т. Өзіндік көркемдік болмыс-бітімімен драматургия айналып, театрлық қайталанбас репертуар қорына айналғаны мәлім.

Дала «театрының» тағы бір репертуар қорын күлкілі халық шығармалары құрайды. Ел арасына кеңінен тарап, халықтың өздері тауып қойған әйгілі қулар өнері өткір әжуа мен мысқылға, әзіл-оспаққа құрылып, ел өміріндегі құбылыстың келеңсіз көріністерін күлкі найзасына іліп, әлеуметтік сипат алғандары жиі кездеседі. Бұлардың әрекеттерін жарасымды әзіл мен қалжың да үйлесімін тауып, сүйкімді көріністерімен көпшілік қауымның эстетикалық талғамын ақтап жатады. Сөзге шешен, қимыл-қозғалысының бет-әлпетінің бәрі күлкі тудыратын қулар қысылтаяң жерден жол тауып кететін айлакер, ауыл тірлігіне жетік, адам характерін жасауда белгілі болып жаратылған тума таланттар.

Сонау көне заманнан бері қарай тұтас қазақ даласына әйгілі Алдар Көсе, Жиреншелердің тапқырлығы мен алғырлығын, даналығы мен айла-амалдарын ескірмейтін күлкілі әрекеттерін жалғастырған Айдарбек, Торсықбай, Қонтай-Тонтайлар, Шаншардың қуларының өнері комедия театрының қайнар көзі. 20– жылдарға дейін жалғасып, кешегі Қоянды жәрмеңкесінде сайран салып, тұтас қазақ еліне табиғи талантымен танылған Қалыбек Қуанышбаев, Зәрубай Құлсейітов, Жынды Омар атанған Әбдіұлы, Иса Байзақов Қостанай елінен шыққан Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұловтар өміршең өнерді жалғастырып, кәсіби сахнаға жалғаған шынайы халық шеберлері.

Жинақтап айтқанда халық өнерінің бай қатынасынан тамыр тартқан драматургиямыз бен театр жаңаша дамудың белесіне қарай бағыт алды.

Алғашқы асулар

Ұлттық театр өнерінің тууына халық өнерпаздарымен бірге орыс мәдениетінің ықпалы мол болды. Орыстың демократиялық идеясына сүйеніп солардың озық әдебиетін, мәдениетін өнеге тұтқан Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев өз халқының рухани даму жолын орыс халқымен тығыз байланыста деп түсінді. Олар өздерінің шығармаларында, әдеби-ғылыми ізденістерінде орыс тілін үйренуге, мәдениетін меңгеруге шақырды.

Осы тұстағы орыстың профессионалдық  театры дамудың шырқау биігіне көтеріледі.  Олардың шығармалық үрдісі орталықтағы ірі қалалармен шектелмей, шет аймақтарға да кеңінен жайыла бастайды. Бір кездері Қазақстанды басқарудың әкімшілік орталықтары болған Орынбор, Омбы, Россиямен іргелес орын тепкен Орал сияқты қалаларда театрлар ашылып, кәсіби сахна өнері қазақ еліне де жақындай түседі. Қазақ топырағының іргесінен қоныс тепкен Омбыда (1765) қалалық театрдың ашылуы маңызды мәдени оқиға. Омбы болса өнер мен білімге ұмтылған қазақ жастарының (Шоқан Уәлихановтан басталып, кейін Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов т.б.) төңкеріске дейін топтасқан белгілі орталығы болды.  Бұлармен бірге білім мен мәдениетке ұмтылған Жұмат Шанин де аталмыш қалада болып, әрі оқып, әрі қызмет істеген. Қазақ жастарының басын қосып, мәдениетке баулыған «Бірлік» ұйымы да Омбыда ашылған. Сол уақытта қызметте немесе оқуда болған халқымыздың ардагер ұлдарының орыстың озық мәдениетінен үйреніп, театр өнерімен таныс болуы-олардың келешектегі шығармалық қызметінің сәтті басталып, тез жетіліп, қалыптасуына себеп болғаны ақиқат.

...

Скачать:   txt (231.7 Kb)   pdf (649.2 Kb)   docx (80.2 Kb)  
Продолжить читать еще 65 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club