Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әрқашан көңілді жүрейік

Автор:   •  Февраль 17, 2023  •  Контрольная работа  •  731 Слов (3 Страниц)  •  115 Просмотры

Страница 1 из 3

Жаңаөзен қаласы «№23 орта мектеп» КММ-сі

[pic 1]

Тақырыбы: «Әрқашан көңілді жүрейік»

                                                                                 Педагог-психолог: Ерболова Г.М.

2018 – 2019 оқу жылы

Тақырыбы: «Әрқашан көңілді жүрейік»

Бүгінгі мұғалімдерге арналған тренинг сабақтың мақсаты, қатысушыларға жағымды көңіл-күй сыйлау және стресстен арылуға көмектесу.

1-ші: «Амандасу» жаттығу

Жаттығу барысы: Қазір біз өте тез қимылдайтын ойын ойнаймыз. Ең алдымен барлығымыз бөлме ішінде үнсіз қалыпта қозғалысқа түсеміз. Мен шапалақ соғу арқылы белгі берген кезде өте шапшаң қимылмен бір-біріңізбен амандасуларыңыз керек. Қалай амандасу керек екенін мен айтып тұрамын. Әр кезде әр түрлі адаммен амандасу қажет. Ендеше бастайық, көз арқылы амандасу, қолмен..., иықпен..., құлақпен..., тіземен..., маңдаймен..., өкшемен..., арқамен...

2-ші: «Уақыт» тренинг-жаттығу

Мақсаты: Қатысушылардың 24 сағатты қайда, қалай жұмсауы және уақытты үнемдеуін сырттай бақылау.

Қажетті құрал-жабдық: стикер, А4 қағаз

Нұсқау: Ең алдымен қатысушыларға сағаттың сандары жазылған стикерлер үйлестіріледі. Сағат тілі бойынша қатысушылар шеңбер болып тұрады. Жерге (аяқ астына) А4 сөздер жазылған карточкалар қойылады. Тренер нұсқауберіп, сағатты айтқан кезде, барлық қатысушы өздеріне қажетті карточкаларға барып тұруы тиіс, яғни келесі уақытты айтқанға дейін. Қажетті сөздер: үй, үй шаруасы, ұйқы, жұмыс, онаша, отбасы, интернет, достар, көше, таңғы ас, түскі ас, кешкі ас, балаға көңіл бөлу

Күтілетін нәтиже: Өздерінің іс-әрекеттеріне, яғни 1 күндік уақытқа қорытынды жасау

3-ші: «Шеңбер бойымен...»

Мақсаты: Қатысушылардың арасындағы ауызбіршілік, ұжымшылдықты бақылау

Жүру барысы: Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Бәрі оңға бұрылады. Үшінші адамның иығынан ұстайды. Ұстап тұрып, бәрі бірге отырады. Сосын жәймен қолдарын жібереді де шапалақтайды.

Күтілетін нәтиже: Ұйымшылдықты байқау.

4-шы: Релаксациялық жаттығу

Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.

   Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің дауысымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңыздан орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз...

    Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.

    Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз.

    Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз.

   Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңыздан үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.

...

Скачать:   txt (8.7 Kb)   pdf (149.1 Kb)   docx (11.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club