Көңілді эстафеталар
Автор: karlygash33333 • Июнь 18, 2018 • Творческая работа • 624 Слов (3 Страниц) • 786 Просмотры
Тақырыбы: «Көңілді эстафеталар»
Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызу. Балаларды салауатты
өмір салтына баулу арқылы денесін шыңдап күш-қуатын нығайту,
шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Ойындар арқылы ақыл-ойының толысып
өсуіне ықпал жасау, бір-біріне достық қарым-қатынасын дамыту.
Өтілу барысы:
(Саппен балалар келеді)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер, бүлдіршіндер!
(Үш тілде сәлемдесу)
Бүгін балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Көңілді эстафеталық» ойындар атты сауықтыру іс-шарасына қош келдіңіз..
-Балалар көңіл-күйлерің қалай?
-Жақсы
Ендеше балалар, аяқ қолымызды қыздырып жаттығулар жасап алайық.
(Шеңбер бойымен аяқ ұшымен жүреміз; өкшемен жүреміз, аяқтың қырымен жүреміз; баяу жүреміз, қатты жүреміз; баяу жүреміз.
Резинкамен түрлі жаттығулар жасайды. Бір саппен тұрып, екі қатарға бөлінеді).
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, жақсы әуеннің дауысы естіліп тұр.
Алыстан кемені көріп тұрмын, ой балалар бізге қонақ келе жатқандай.
Робинзон: кемеде тұрып, о-хо-хо, мынау қандай керемет жер, әй балалар сендер кімсіңдер?
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, ал сіз кім боласыз?
Робинзон: Мен Робинзонмын, атақты Робинзонмын, өзімнің остров сокровищамнан келдім, ха-ха-ха
Балалар: Сәлеметсіз бе (үш тілде)
Тәрбиеші: Робинзон сәлеметсіз бе, қош келдіңіз! Бізде қазір көңілді эстафета болайын деп жатыр, бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалап, батылдығын, ептілігін байқап, бізбен бірге жарысқа қатысыңыз, осы жерде біздің балалардың шапшаңдығын, мықтылығын, ептілігін байқаңыз.
Робинзон: Жарайды онда, ооой, қандай керемет, жақсы болды, мен де көптен бері қимылдамап едім, енді сендермен бірге онда осы көңілді ойындарға қатысайын.
Тәрбиеші:
Балалар енді біз 2топқа бөлінеміз.
Мұса бастаған топ-Намыс тобы:
«Ұшақтан да ұшқырмыз
Желден де озған жүйрікпіз
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз»
Жалғасбек бастаған топ-Жігер тобы:
«Келіңіздер, келіңіздер
Бұл жарысты көріңіздер
Бізде бәрі жүйріктер
Күш сынасар алыптар»
Жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болып ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!- дей келе сайысымызды бастаймыз.
Бүгінгі спорттық ойындарымыз 5 кезеңнен тұрады.
1. Тур «Кім жүйрік?»
2.Тур «Кім епті?»
3. Тур «Шелекке су толтыру»
4. Тур «Кім жылдам?»
5.Тур «Кім мерген?»
Бірінші турымыз - «Кім жүйрік» деп аталады.
Шарты: Допты кедергілер арасымен жүгіріп келіп келесі ойыншыға беріп ойынды жалғастыру.Жарайсыңдар, желден де жүйрік балалар екенсіңдер.
Балалар,енді ептілігімізді байқап көрейікші келесі турымыз
«Кім епті» деп аталады. Сендерге шартымен таныстырып өтейін.
Шарты: Бұл жарыста шығыршықты айналып өтіп, аяқтың ұшын көтеріп
көбелектерді алып гүлге жинау.
Баалар қараңдаршы сендердің жинаған көбелектерің гүлдерді құлпыртып,
...