Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ХІХ ғасырдың ортасындағы әлеуметтану ғылымының пайда болу тарихы

Автор:   •  Сентябрь 17, 2020  •  Реферат  •  937 Слов (4 Страниц)  •  754 Просмотры

Страница 1 из 4

ХІХ ғасырдың ортасындағы әлеуметтану ғылымының пайда болу тарихы

Әлеуметтану –қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт(1798-1857) еді. Бұған дейін қоғамның өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс ойшылдарының жалпы философиялық көзқарастарының құрамдас бөлігі іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік ерекше,бірегей көзқарастар қалыптасып, ол туралы,әсіресе,саясат,мораль,ғылым,дін,өнер мәселелері көне Үнді,көне Қытай, көне Грекия философтарының, Еуразияның орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде баяналған болатын. Әлеуметтану философиядан бөлінгенімен,қоғамның біртұтастығын,оны дамытатын қозғаушы күштерді,тағы басқа да проблемаларды қарастырумен шектеліп қалмайды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды,соның ішінде мемлекет, саясат,құқық,экономика,мораль,өнер,дін, және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблеиаларды шешумен айналысып,кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына ,зерттеу пәніне айналдырады. Алайда қоғам дамуына байланысты оның жекелеген салалары жөніндегі білімнің жинақталуына орай,әлеуметтану бір ғана қоғамдық әмбебап теория ретіндегі рөлін біртіндеп жоғалтты. Оның құрамынан саясаттану,құқықтану,саяси экономия, этика,эстетика, т.б. бірнеше ғалымдар жеке бөлініп шықты. Содан,яғни XIX ғасырдың ортасынан бастап әлеметтану дербес ғылым болып дами бастады, бұл жағдай, біріншіден, өзінен бөлінп шыққан білім салаларына қатысты болса, екіншіден, бұған дейінгі әмбебап философиялық жүйелерге де байланысты еді. Бірте-бірте, уақыт озған сайын қоғам дамуын тұтас әлеуметтік организм ретінде қалыптастыру,оның обьективті және субьективті жақтарының өзара әрекеті, тарихи дамудағы материалдық пен руханлықтың диалектикасы, әлеуметтік прогрестің алғышарттары, азаматтық қоғам, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік проблемалары, сайып келгенде,осының бәрі әлеуметтанудың назар аударатын және зерттеу пәнінің іргесін қалайтын бірден-бір жол болды. Соның нәтижесінде XIX ғасырда аталмыш мәселелерді шешу жолдарын ұсынған бірнеше жалпы әлеуметтану көзқарасы қалыптасты. Сол көзқарастардан көпшілктің мойындағаны Георг Вельгельм, Фридрих Гегель, Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркас кейінен Эмиль Дюркгейм, Макс Вербер, Габриель Тард, т.б. әлеуметтанушылардың әлеумттік теориялары болатын. Осы аталған ойшылдардың әрқайсысы тарихи процесті ғылыми түре түсіндіруге аса құнды үлес қосты. Олардың қоғам дамуы жөніндегі тұжырымдамалары өмірдің және ғылымның алға қойған сауалдарына бірегей және мазмұны терең қайтарды, сондықтан да олардың ілімдері қазіргі әлеуметтік проблемаларды шешуде де өздерінің маңыздылығы жоғалтқан жоқ. Әлеуметтану әмбебап философия жүйесіннен бөлініп, жеке ғылым болып дамығанына қарамастан,өзінің философиялық мазмұнын әлі де толық жойған емес. Ол қоғам дамуына философиялық мәнде талдау жасау және барынша терең зертеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңеутуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар,жалпы теориялық әлеуметтану өзінің іргелі ережелерімен және байыпты қорытындыларымен де, философиялық ғылым тұрғысында да көзге түсіп келеді. Сөйтіп,философиялық алғышарттарға сәйкес жалпы теориялық әеуметтану қалыптасты. Жалпы теориялық әлеуметтану кейбіп философиялық тұжырымдамаларға, жетекші рөл атқарып келген белгілі бр дүниетанымға арқа сүйейді. Бұл тұжырымдаманың ұстанымы мына мәселелер:қоғам дамуының қозғаушы күштері, әлеуметтік процестерді бағыттау мәселелері, тұлғалардың қозғаушы күштері,әлеуметтік процестерді бағыттау мәселелері,тұлғалардың өзара әрекеті,әлеуметтік топтардың және қоғамның арақатынасы,тарихи дамудағы материалдық және рухани дүниенің өзара әрекеті,яғни қоғам өмірі мен дамуының аса іргелі проблемалары шешіледі. Оларды шешу

...

Скачать:   txt (14.9 Kb)   pdf (45.3 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club