Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психологияның даму үрдісіндегі психика жөніндегі түсініктердің эволюциясы

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Реферат  •  2,811 Слов (12 Страниц)  •  2,064 Просмотры

Страница 1 из 12

РЕФЕРАТ

           Тақырып: «Психологияның даму үрдісіндегі психика  жөніндегі                                

            түсініктердің эволюциясы»

                                                                 

                                                      Орындаған: Мейрамбекұлы Ернұр

                                                         Тексерген: Азизова Азиз Фарухқызы

Жоспар:

І. Кіріспе 

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Ежелгі психология

2.2. Жаңа заман психологиясы

2.3. Психология ғылымының даму кезеңдері

2.4. Психологияның  салалары

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

                                                          Кіріспе

Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің ақыл-ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды. Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негіз-делген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына да себепші болды.

 Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі — қан айналысына ерекше мән берілді. Тіршіліктің негізі — қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б. з. д. ХШ ғасырда денені баскарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосулып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.

 Ежелгі Үндістан дәрігерлері  адамның психикалық әрекетінің  негізгі органы — жүрек, оның  атқаратын қызметі біртіндеп  миға ауысады деген тұжырым  жасады. Темперамент жайындағы ілім  іргесінің қалануы, әрбір адам  өзінің даралық ерекшеліктерімен  сипатталады деген ұғым ғылым  тарихындағы алғашқы материалистік  қарапайым түсініктерді тудырды.  Ертедегі Қытай мен Үндістан  дәрігерлері темперамент үш бөлшектен  тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес  нәрселерден — өттен және қан  мен шырыннан құралған, осы үш  түрлі нәрсенің дене құрамындағы  мөлшеріне орай адамдар бірнеше  типке ажыратылады деп санаған.

  Осы негіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынадай типтерге жіктеген:

1) адамның бойында өттің не қан құрамынңң басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те шапшаң; 2)Ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, қозғалғыш болады, маймылдың әрекетіндей әрекеттер жасайды;

3)Шырынның басымдылығы  — қимыл-козғалыстың баяулығын,  сабырлылықты білдіреді деп саңайды.

  Адам организмі жайындағы мұндай пайымдаулар сол дәуірлерде, бір жағынаң, табиғи - ғылыми түсініктерге жол ашқанымен, екінші жағынан, әр түрлі діни наным-сенімдер тарапынан қарсылық тудырған көзқарастарға душар болды. Дегенмен, психологиялық және физиологиялық құбылыстар жайындағы ақылға қонымды көзқарастар өзіне жол тауып, одан әрі дами берді.

...

Скачать:   txt (35.4 Kb)   pdf (114.2 Kb)   docx (157.3 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club