Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психика мен сана. Психиканың даму кезеңдері

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Реферат  •  1,810 Слов (8 Страниц)  •  1,396 Просмотры

Страница 1 из 8

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі                                                                  Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Психика мен сана. Психиканың даму кезеңдері

                                                                          Мамандық: 6В01703 – шет тілі:                           екі шет тілі-204

Тексерген: Ордагулова Д

Алматы  2020

     ЖОСПАР:

  1. Психика мен сана. Психиканың даму кезеңдері.
  2.  Жануарлардағы инстинкт, үйрену және интеллект ұғымдары. Жануарлар іс-әрекеті.
  3.  Сананың пайда болуы мен дамуы.
  4.  Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде. Сананың әлеуметтік мәні.
  5. ҚОРЫТЫНДЫ
  6. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

            Психиканың туындауының дамуы белгілі бір кезеңдерде тіршілік иесінің кеңістікте белсенді орын ауыстыруға қабіллеттілігінің қалыптасуымен байланыстырады, осының барасында қажеттіліктердің қанағаттандырылуы қоршаған ортадағы алдын-ала керекті заттарды іздестіруден басталуы тиіс белсенді қозғалыстар арқылы жүзеге асырылады. Табиғат пен қоғамда кезедсетін құбылыстардың дамуы сияқты, психика да дамып отырады. Бұл-заңды құбылыс. Психиканың өзі сезіну қабілеті ретінде тіршілік иелерінің тітіркенуінен пайда болады және олардың жүйке жүйесінің құрылуына және дамуына байланысты өокендеді.

             Белгілі кеңес психологы А.Н.Леонтьев психиканың пайда кезеңдерін өзінің «Проблемы развития психики» атты монографиясында тұңғыш рет қарастырған.

             Психика дамуының 1 кезеңі- қарапайым сенсорлы психика.(cенсор-сен гіштік) сезгіштіктің қарапайым түйсінулер шегінен шықпайтын бөлшектермен анықталады. Бұл кезең жануарлар ағзасының сыртқы әлем зеттерымен күрделі манипуляциялы қозғалыстарын жүзеге асыратын арнайы мүшесінің пайда болуымен байланысты. Бұл кезең 2 деңгейді қамтиды:

             1. Төменгі деңгей (суда өмір сұретін қарапйым, төменгі көп жасушалы ағзалар). Тітіркенушілігі дамыған, сезімталдықтың қарапайым бөлшектері бар.

             2. Жоғарғы деңгей (жоғары шығыршықты құрттар, бауырмен жорғалаушылар) популяция мүшесі ретінде жақ сүйектерінің пайда болуымен сипатталады.

             Психика дамуының 2 кезеңі- перцептивті психика. Психика дамуының бұл кезеңінде түйсінулер бейнелерге біріктіріледі: сыртқы орта тек сезім ретінде емес, белгіленген, қабылдау бөліктеріне, бейнелерге жіктелген тұтастай заттар түрінде қабылданады. Бұл кезең 3 деңгейден тұрады:

    1 Төменгі деңгей; 2 Жоғарғы деңгей;  3 Өте жоғарғы деңгей.

               Психика дамуының 3 кезеңі- интелект кезеңі. Интелект кезеңі жануарлардың зат рақылы байланысын, жағдайды жалпы бейнелейтін қабілеттермен сипатталады.

              Психика өз эволюциясында бірнеше кезеңнен өтті; сенсорлықтан перцептивтікк дейін және интелектілі кезеңнен сананың құрылуына дейін. Соған қарай сана адам психикасының ерекшелігі ретінде адамзат қоғамының қоғамдық-тарихи дамуы жемісі болып табылады, оның өмір сүру мүмкіндігі адамның еңбек құралдарын, тіл элементтарін, білімін, мінез-құлық өлшемдерін жасауына, қолдануына негізделген.

              Психика жануарлар өмірінде де болады, ол-жануарлардың айналадағы қоршаған ортаға, тіршілік салтына байланысты, сол ортаға табиғи икемделуіне қарай қалыптасады.

              Жануарлар психикасының дамуы, мінезінің күрделенуі туралы мәселе қозғағанда, біз жануарлар дүниесінің дамуында үш түрлі әрекеттің барлығын еске алуымыз керек. Олар: жануарлардың инстинктік, шартты рефлекторлық (дағды) және интеллектік (естілік) әрекет түрлері.

               Инстинктік әрекет

               Инстинкт деп жануарлардың биологиялық өмірінде тұқым қуалай отырып бойына біткен мінезінің пайдалы тума түрін айтады. Инстинктің физиологиялық негізі-шартсыз рефлекстердің ұзына бойына байланысқан тізбектері. Сырттан келген комплекстік әсерлерге жауап ретінде осы тізбектің бір буыны қозса, басқа буындары да өздігінен қоза бастайды, бұны тізбекті реакция деуге болады. Инстинктердің қандай түрі болса да, мынадай өзіне тән ерекшеліктері бар:

...

Скачать:   txt (18.1 Kb)   pdf (78.2 Kb)   docx (14.1 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club