Психология ғылымының даму тарихы
Автор: Arapbayyy • Сентябрь 15, 2021 • Доклад • 367 Слов (2 Страниц) • 636 Просмотры
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу
заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-
салалы ғылым. Психология ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.
Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым»,
«ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің
субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы
дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі.
2. Психология ғылымының даму тарихы.
Психология өте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақта жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды. Психология ғылымынң даму тарихы 2- кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен, яғни философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану ғылымдарымен аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Жаңадан бас көтеріп эканомикада өз орнын ала
бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың
психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін,
адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Ф.Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф.Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да холостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К.Маркс Ф.Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Ф.Бэкон эмпериялық психологияның негізін салғанмен, оны толық дамыта алмады.
...