Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психологияның әдіснамасы мен зерттеу әдістері. Психика және сана

Автор:   •  Октябрь 15, 2020  •  Лекция  •  2,592 Слов (11 Страниц)  •  805 Просмотры

Страница 1 из 11

2 дәріс. Психологияның әдіснамасы мен зерттеу әдістері. Психика және сана.

Сабақтың жоспары:

Психика туралы жалпы ұғым.

Психика теориялары.

Психиканың даму сатылары.

Сана туралы жалпы ұғым.

Психологияның ғылыми-зерттеу әдістері.

Психологияның негізгі әдістері.

Психологияның қосалқы әдістері.

Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы

Психология психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым. Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Психикалық құбылыстардың мәнiн ғылыми тұрғыдан түсiну арқылы ғана жан-жақты танып білуге болады. Осы мәселенiң ғылыми тұрғыда олардың заңдылықтарын психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан бiлiм салаларының бiрi. Оның дүниеге тұңғыш келген жерi ежелгi Греция. «Психология» терминi гректiң екi сөзiнен тұрады: оның бiрiншiсi «псюхе»-«жан», екiншiсi «логос» - «iлiм», сонымен, бұл сөз «жан туралы iлiм» деген ұғымды бiлдiредi. Бiрақ, психолгияны «жан туралы iлiм» демей, психика туралы ғылым деп түсiнген дұрыс. Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы дiншiлдiк нанымдар мен кейбiр буржуазиялық көзқарастарда насихатталып келген түсiнiктер бойынша адамда тәннен тәуелсiз «жан» болады, мәңгi-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тiршiлiгiн ойының, сезiмiнiң, еркiнiң иесi себепшiсi дейді. Жан туралы осындай жалған түсiнiктiң пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсiне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан бөлек тұратын ерекше бiр сиқырлы күш бар, ал жан соның бiр көрiнiсi, ұйқы кезiнде ол денеден уақытша шығып кетедi де, адам ояанған кезде қайтып келедi, егер келмей қалса, адам өледi деп тұжырымдайды. Жан туралы осындай анимистiк барлық нәрседе жан бар дейтiн терiс түсiнiк, пiкiрлер кейбiр тайпалардың арасында күнi бүгiнге дейiн кездеседi. Адамның жан дүниесiн, психикалық құбылыстарды түсiну екi түрлi ой, екi түрлi бағыт туғызды. Олардың бiрi идеалистер табиғат, дүние идеадан кейiн жаратылған десе, бұған қарама-қарсы ғылым өкiлдерi материалистер, материя алғашқы, ал сана соңғы ол материядан туады деп түсiндiредi.

Психикалық құбылыстардың топтастырылуы. Психология психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстарды үлкен үш топқа жіктеуге болады:

Психикалық процестер.

Психикалық қасиеттер.

Психикалық күйлер.

Олардың бiрi психикалық процестер деп аталса, екiншiлерi психикалық қалып, үшiншiлерi психикалық қасиеттер деп аталады. Психикалық процестердiң кейбiрi түйсiк, қабылдау, елес т.б. сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тiкелей танып, бiлуде көрiнетiн болса, ендi бiреулерi ойлау, қиял т.б.бұлардың арасындағы күрделi байланыстарды, дәнекерлi қатынастарды, өзгерiстердi тереңдей бойлап бiлуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүниемен (объективтiк шындықпен) үздiксiз жасалып отыратын белсендi байланысында оның сезiм, ерiк процестерi шешушi роль атқарады. Психикалық күйлер немесе қалып адамның түрлi көңiл күйiнiң шабыт, зерiгу, үрейлену, абыржу, сергктiк,белсендiлiкт.б.тұрақты компоненттерi. Психикалық құбылыстардың осы екiншi тобы ғылымда әлi де болса толық зерттелiп бiтпей жатыр.

Психика мен сана. Психиканың даму кезеңдері. Бүкiл органикалық дүниенiң мәңгi бақи бiр қалыпта тұрмайтынын, ол сан алуан сапалы өзгерiстер нәтижесiнде пайда болғанын нақтылы ғылыми деректерге орай жаратылыстану ғылымы түсiндiредi. Осы iлiм адам психикасы бiрден жасалмағанын, оның өзi жануарлардың өткендегi талай ғасырлық даму жолдарымен бiртiндеп даярланғандығын, екуiнiң арасында

...

Скачать:   txt (37.7 Kb)   pdf (65.9 Kb)   docx (18 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club