Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері
Автор: nazerke0456656 • Сентябрь 29, 2021 • Реферат • 2,973 Слов (12 Страниц) • 1,157 Просмотры
Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері |
Оқу орны:ИТЭФ.ФН-101 Орындаған: Балғабаева Назерке Тексерген:Сайлауғазы Назкен Қайратқызы |
[pic 1][pic 2][pic 3][pic 4]
Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістеріЖоспар: 1)Кіріспе бөлім 2) 1-бөлім: 3) 2-бөлім: 4)Қорытынды |
Кіріспе
Жеке тұлғаның психологиялық үрдістерін, дара психологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, психология әртүрлі зерттеу әдістерін қолданады.
Психиканы объективтік тұрғыдан зерттеу жоғарғы жүйке қызметінің физиологиялық заңдарын білуді ұсынады. Психологияның әдістері психикалық құбылыстарды зерттеуге объективтік тұғырдан қарауды қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар төмендегі сұрақтарға жауап беруі қажет: жеке тұлғаның психикалық үрдістері мен қасиеттері не үшін және қалай пайда болады, дамиды және өзгерістерге ұшырайды?
Психология әдістері тәжірибемен тығыз байланысты болуы қажет, демек, практикалық міндеттерді шешу үшін пайдалы. Мәселен, баланың психикалық дамуын зерттеу үшін оның психикалық дамуының негізгі заңдылықтарын, ерекшеліктерін анықтап алу керек, жан-жақты зерттеудің негізінде мектеп пен отбасындағы баланың оқыту және тәрбие беру үрдісін одан әрі жетілдірудің тиімді тәсілдерін белгілеу.
1-бөлім
Кең ауқымы зерттеу әдістері психологияда қолданылады. Бұл әдістер ақпарат алу көздеріне, ақпараттың қалай іріктелуіне және мәліметтер жинауда қолданылатын құралдардың түрлеріне қарай әр түрлі болады. Әдістер олардың жиналуына байланысты да әр түрлі болады сапалы деректер, сандық деректер немесе екеуі де. Сапалы психологиялық зерттеу бұл жерде зерттеу нәтижелері статистикалық немесе басқа сандық процедуралармен келмейді. Сандық психологиялық зерттеу Зерттеу нәтижелері математикалық модельдеу мен статистикалық бағалау немесе статистикалық қорытынды нәтижесінде пайда болады. Сапалы ақпаратты статистикалық тұрғыдан қарастыруға болатындықтан, айырмашылық зерттелген тақырыпқа емес, әдіске қатысты.
2-бөлім
Психология ғылымында кеңінен таралған негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологияда жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкета әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау адамның психикалық өмірін зерттеу әдісі ретінде психологияда жиі қолданылады. Бақылаудың көмегімен жеке психикалық үрдістерді (ес, зейін, ойлау), жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттейді, олар сырттай әртүрлі адамзаттың іс-әрекеттері (еңбек, оқу, ойын), психикалық қалпы (көңіл-күй, эффект) түрінде аңғарылады.
Бақылау әдісі адамның психикасының, сыртқы көрінісін (іс-әреттері, қылықтары, басқа адамдармен қарым-қатынаста аңғарылатын тілдік ерекшеліктері, тұтастай мінез-құлқы) зерттеу табиғи өмір жағдайында іске асады. Зерттеуші адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын бақылау арқылы олардың психикалық өмірінің ерекшеліктері туралы бағалай алады, демек, сыртқы объсктивтік факторлардан адамның ішкі субъективтік дүниесін түсінуге бағытталады.
Психологиялық бақылау мақсатты болуы қажет: бақылаушы кімді не үшін бақылайтынын нақтылы білуі және түсінуі керек. Олай болмаса, бақылау кездейсоқ деректерді жинақтауға айналады. Психологиялық бақылау белгілі жоспармен немесе бағдарламамен жүргізілуі тиіс. Бақылау бағдарламасы бақылаушыны күні бұрын дайындалған зерттеу мәселелері және деректермен қамтамасыз етеді.
...