Ақпарат жинаудың негізгі әдістері
Автор: erzhankyzy • Апрель 8, 2022 • Реферат • 354 Слов (2 Страниц) • 991 Просмотры
ФММК Журналистика
224 топ
Ержанқызы Назерке
№3 семинар
Ақпарат жинаудың негізгі әдістері
Социологиялық ақпараттар жинаудың негізгі төрт әдісі бар. Олар: сұрақ алу әдісі, бақылау әдісі, тәжірибе жүргізу әдісі, құжаттарды талдау әдісі.
Сұрақ алу әдісі. Эмпириялық ақпараттар сұрақ алу арқылы алынады. Бұл әдіс ұйымдастыру жағынан артықшылығымен, арзандығымен, ақпараттың мазмұндылығы және әмбебаптылығымен, алынған ақпаратты өңдеуге техникалық құралдарды барынша мол пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді. Сұрақ әдісінің негізгі түрлеріне анкеталық сұрау мен әлеуметтік сұхбат (интервью) жатады. Сұрақ алу тәсілінің өзіндік ерекшелігі «сұрақ-жауап» жүйесі логикалық көзқарас тұрғысынан жүзеге асып, алынған жауаптар кейіннен сапалық және сандық өңдеулерге түсуінде жатыр.
Бақылау әдісі деп – зерттеу барысында бақылаушының болып жатқан оқиғаларды ағымдық процесіне қарай тікелей тіркеп отыру әдісін айтамыз. Бақылау әдісінің ерекшелігі: зерттеу объектісін тікелей өз көзімен көріп, құлағымен есту арқылы мағлұмат жинау, мәліметтерді сұралушының еркіне қарамай алуына мүмкіндіктер беру, зерттеуші мен объектінің арасында тікелей байланыстың болуы арқылы шапшаң ақпараттар алып тұру мүмкіндігі. Бақылау бақыланушының түрлі жағдайлардағы іс- әрекеттерін, мінез-құлқын дәл және кеңірек ұғынуға, олардың болып жатқан оқиғаларға реакциялары мәнін түсінуге көмектеседі.
Құжат деп – адамның белгілі бір материалға түсірген мәліметтерді сақтап, керек кезінде алып қолдану үшін құрған арнайы затын айтамыз. Құжат қолжазба, тасқа басылған мәтін, баяндаманың стенограммасы, магнитофон жазбасы, фотосурет, сурет, кинофильм, видеожазба күйінде болуы мүмкін. Мәліметті жазып алу, беру және сақтау үшін микрофильм, микрофиша, компьютер дискеті, лазер дискасы жиі қолданылады.
Тәжірибе (эксперимент) – бақыланып және басқарылатын жағдайда жаңа білімдер алудың ғылыми әдісі болып табылады. Тәжірибеде зерттелетін оқиғаның жағдайын жоспарлы түрде басқару арқылы себепті байланыстары туралы болжамдар тексеріліп, сыни тұрғыдан қарастырылады. Ол қарастырылып отырған құбылыстың белгілі бір гипотетикалық моделін жасауға негізделіп, оның негізгі параметрлері, өзара және басқа құбылыстармен байланыстары, сол байланыстарының себепті салдарлы бағыттары айқындалады. Тәжірибеде зерттелетін осы модельдің көмегімен құбылыс өзгермелі жүйе ретінде сипатталады.
...