Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның зияны, оған қарсы күрестің негізгі әдістері

Автор:   •  Апрель 13, 2020  •  Реферат  •  2,685 Слов (11 Страниц)  •  1,021 Просмотры

Страница 1 из 11

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Реферат

Сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның зияны, оған қарсы күрестің негізгі әдістері

                                                                                 

                                                                                 Орындаған: Рамашова Г. Ә

                                                               Тобы: ПМНО – 19К

                                                               Тексерген:Ахмет Б.

Петропавл

2020 ж

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Сыбайлас жемқорлық ұғымы.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие.
  3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты руханиэтикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес.

Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси әдебиетте кеңінен қолданылады.

«Сыбайлас жемқорлық» сөзі(латын тілінен «corumper») көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» көп мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын «со» қосымшасы сыбайлас жемқорлық – бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді.

Бұдан өзге, латынша «corruptio» «параға сатып алу», «іріп-шіру» дегенді білдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді.

Рим құқығында «corrumpire» сөзі «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау,алдау, бұрмалау, параға сатып алу», сондай-ақ «құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы» деген мағынаны білдіреді.

Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, латын термині «corruptio» екі түбірлі сөзден «cor» (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және «ruptum» (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар.Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені,оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату,іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде.

Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы.

Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы деректерінің бірі – Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары(б.э.д. XIX ғасыр).

Ежелгі құқық көздерінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін нақты жазалануы тиіс екені көрсетіледі: «§ 5. Егер судья істі талқылап, шешім шығарып, мөрі бар құжатты дайындаса, сосын өз шешімін өзгертсе, онда бұл судьяны шешімін өзгерткенін әшкерелеген жөн және осы істегі талап сомасын жиырма есе етіп төлеуі тиіс, одан бөлек жиналыста оны судьялар орынтағынан қуылуы тиіс және ол орнына қайтып келіп,сотта судьялармен бірлесіп отырмауы тиіс. § 6. Егер адам құдайдың затын ұрлап алса, ол адам өлтірілуі керек, сонымен қатар оның қолынан ұрланған затты қабылдаған адам да өлтірілуі тиіс».

...

Скачать:   txt (36.8 Kb)   pdf (166 Kb)   docx (19 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club