Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Заманауи психологиялық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері

Автор:   •  Ноябрь 12, 2023  •  Практическая работа  •  2,002 Слов (9 Страниц)  •  222 Просмотры

Страница 1 из 9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Коммерциялық емес акционерлік қоға[pic 1]

«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

“Жалпы педагогика және психология” кафедрасы

Пәні: “Басқару психологиясы”

РеферАт тақырыбы:

Заманауи психологиялық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері.

Психологиядағы эксперименттік зерттеу. Табиғи, лабораториялық және ассоциативті эксперименттердің ерекшеліктері. Эксперименттегі «экологиялық валидтілік» мәселесі.

     

                                         Орындаған: Серікбаева Жүрсінай

                Группа: МХТ 23-4нк

                                          Қабылдаған:жуниСбекова Жанна Алхановна

   

    Жоспары:

 Кіріспе

  1. Негізгі бөлім
  1.  Психологиялық эксперимент және оның классификациясы
  2.  Эксперимент валидтілігінің характеристикасы. Ішкі және сыртқы валидтілік
  3.  Эксперимент нәтижелерін бұрмалаушы негізгі қарым–қатынас қателіктері.

     Қорытынды

     Пайдаланылған әдебиеттер

      Кіріспе

      Қазіргі заман талабына сай психологияның теориялық мәселелері мен қатар тәжірибелік ғылым ретінде қолданбалық маңызы артып отыр. Заманауи психологиялық зерттеулердің бірі – эксперименттік зерттеу әдісі.

      Эксперимент термині латынның «experimentum» (үлгі, тәжірибе) сөзінен шығып, ғылыми қалыптасқан тәжірибе ретінде түсіндіріледі. Арнайы жағдайда құбылыстарды зерттеу, бақылау, және оны қайталау кезінде де тура сондай нәтиже алуға бағытталған зерттеу әдісі. Бұл зерттелетін объекті әрекеті көрсеткіштерінің тапсырылатын және бақыланатын әсерлер нәтижесінде өзгеруі туралы ақпарат алу әдісі. Психологиялық эксперимент – зерттелушілердің психикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталып, экспериментатормен ұйымдастырылатын зерттелуші мен экспериментатордың ортақ іс-әрекеті. Ортақ іс-әрекетте ұйымдастырушы және бағыттаушы процесс қарым-қатынас болып табылады.

       Психология да ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады. Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын т.б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады.

      Негізгі бөлім

  1. Психологиялық эксперимент және оның классификациясы

      Эксперимент» сөзі латын тілінен аударғанда «тәжірибе» деген мағынаны білдіреді. Психологиялық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе активті эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынысы бойынша екінші бір адам жүргізсе пассивті эксперимент деп атайды. Эксперимент әдісінің маңызды артықшылығы – зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны өзі туғызатындығында.

      Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып,  психологиялық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Эксперимент зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін психологиялық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі — эксперименттік, екіншісі — бақылау объектісі деп аталады. Белгілі жағдай жасай отырып, зерттеуші,

  • біріншіден, осы жағдайдың тексеріліп отырған психикалық құбылыстарға тигізетін әсерін өте дәл ескеруге,
  •  екіншіден, бір жағдайды өзгертіп, басқасын өзгертпей сақтауға, сол арқылы белгілі бір психикалық құбылыстардың себептерін ашуға,
  • үшіншіден, тәжірибені қайталауға, сөйтіп зерттеліп отырған психикалық құбылыстардың типтілігі немесе кездейсоқтылығы солардың  негізінде анықталатын сандық деректерді жинақтауға мүмкіндік алады.

       Эксперименттің екі түрі бар: лабораториялық және табиғи.

       Лабораториялық эксперимент арнаулы жағдайда жүргізіледі, жүргізу кезінде сыртқы әсер ерекшеліктері мен адамның оған жауап ретіндегі психикалық күйін айнытпай жазып алып отыратын құрал-жабдықтар қолданылады. Лабораториялық эксперименттің адамның белгілі бір психикалық көріністерінің физиологиялық механизмдерін зерттеу барысындағы маңызы үлкен. Лабораториялық эксперимент кейбір танымдық процестерді (қабылдау, түйсік, еске түсіру) зерттеу үшін де табысты қолданылады. Лабораториялық экспериментті алғашқы рет В. Вундт, Лейпциг қаласында 1879 жылы жүргізді. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалар зейінінің қасиеттерін, сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтайтын құрал-жабдықтарды қолдана отырып, арнайы жабдықталған орындарда өткізіледі.

...

Скачать:   txt (28.9 Kb)   pdf (190.2 Kb)   docx (212.6 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club