Фонетика ғылымының даму тарихы туралы түсінік
Автор: Айгерим Ермекбаева • Сентябрь 9, 2021 • Практическая работа • 1,109 Слов (5 Страниц) • 680 Просмотры
Ахонова Аяужан Жарасқызы ҚТӘ-13
Практикалық сабақ №2
Тақырып : Фонетика ғылымының даму тарихы туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: Фонетика саласына қатысты шетелдік зерттеулер мен пікірлерді саралау, еңбектермен танысу
Практикалық сабақ мазмұны:
1. Шетелде зерттелуі.
2. ХІХ ғ. Орыс зерттеушілерінің қазақ фонетикасын зерттеуі.
1. Шетелде зерттелуі.
Шетел тіл білімінде А.Байтұрсынов жасағандай (просодияны, яғни
сингармонзмді бірінші қатарға шығарып) тілдің фонологиялық анализін тұңғыш болып
1948 жылдан бастап ағылшын тілшісі (Лондон мектебі) Дж.Ферс және оның шәкірттері
жасады. А.Н.Кононов пен А.Н.Барулин бұл туралы былай дейді: «... в которой
предлагалась приблизительно такая же трактовка сходных явлений, однако уже с
подробно разработанным теоретическим аппаратом, позволявшим описывать
ассимиляцию методами просодического анализа» (Кононов, Барулин, 1987, 13). Сонымен
ағылшын ғалымы қазақ ғалымдарының ХХ ғасырдың бірінші ширегінде дүниеге келтіріп,
зерттеу процесінде қолданған ғылыми ойын (А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы,
Н.Төреқұлов) теориялық жағынан ілгері қарай дамытты.
2. ХІХ ғ. Орыс зерттеушілерінің қазақ фонетикасын зерттеуі.
Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ даласында ірі өзгерістерді тудырды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс патшалығы Қазақстанды отарлау саясатын толық іске асыруы үшін қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын жетік біліп, тілін, дінін жан-жақты зерттеуді қолға алды. Осы мақсатпен орыс зерттеушілері қазақ даласына көптеген зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Зерттеу нәтижелері жинақтарда, мерзімді баспасөздерде жарияланды. Қазақ тілі жөнінде айтылған алғашқы пікірлер мен зерттеулердің дүниеге келуі осы кезеңмен тұстас келді.
Қазақ тілінің фонетикасы туралы тұңғыш пікір миссионер Н.И.Ильминский (1822-1891) еңбегінде айтылды. 1860 жылы Қазанда жарық көрген «Материалы к изучению киргзского наречия» деген еңбегі орыс графикасымен жазылған еді. 162-беттік еңбектің 140 беті қазақша-орысша сөздіктен тұрады, ал сөздіктің бас жағында автор қазақ тіл, оның дыбыстық және граматикалық жүйесі жөніндегі пайымдауларын келтірген. Сонымен қатар аталған еңбекте араб жазуын орыс жазуымен алмастыру туралы алғашқы пікір айтылған. Н.И.Ильминский қазақ тіліндің дыбыстық құрамы 8 дауыстылардан және 19 дауыссыздар: а (ә), е, ы, і, ө, ұ, ү, д , п, б, м, у, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, ғ, к, г, ң дыбыстарынан тұратынын жазады.Н.И.Ильминский а және ә дыбыстарын бір фонема деп қарастырған. Сонымен қатар қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылу ерекшеліктері, өзара үндесіуі, дыбыстық алмасулар да зерттеуші назарынан тыс қалмаған. Мәселен, Н.Ильминский сөздігінде «ауұтқу, бүгілөк, бұлдіргө, бүлдүргөн, бөлтүрүк, күлдүрөуүш, мұрұндұқ, өмүлдүрүк, өтүрүк, сүңгүрүуұр, тұгөндө, үйүрүм, үрүптөс (сроду родившисеся двое)» деген сиақты сөздердің үндестік заңдылығына сай жазылуы ХІХ ғасырда қазақ тілінде ерін үндестігінің ықпалы зор болғаныдығынан хабар береді [6].
Н.И.Ильминскийдің сөздігі - тұңғыш қазақша-орысша сөздік болуымен құнды және автор өзінің еңбегі арқылы осы күнгі орыс графикасына негізделген қазақ жазуының негізін салды. Оның еңбегінде қолданған кейбір қосымша таңбалар (ä, ö, у, і, w, j, k, г', нь) ғана өзгеріске ұшырады.
Қазақ лексикографиясының тарихы үшін маңызы бар еңбек -Л.З.Бутаковтың (1812-1878) «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» деп аталатын екі томдық сөздігі. Еңбекте сөздер араб әріптерімен жазылған. Тек екінші томында ғана сөздерің орыс тіліндегі транскрипциясы берілген [7].
А. В. Старчевскийдің «Спутник русского человека в Средней Азии» деген 1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, қазақ, татар, тәжік тілдерінің грамматикасына арналған. Еңбекте қазақ тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз бар екендігі көрсетілген. Алайда ә, едауыстыларыэ, итүрінде таңбаланып, й,удыбыстарыдауыссыз ретінде таңбасы мүлде жоқ, алв, һәріптері ол кездегі дыбыстық бейнесі болмағанмен еңбекке ендірілген. Бұлдұрұқ, бүлүндүр, құйқұлжұған, күлтөлөнгөн, күлүмдө, күңкүлдө, дауұл сияқты кітаптың сөздігінде енген сөздерде ерін үндестігі жақсы сақталған.
...