Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биология ғылымының даму кезеңдері. Пәнің мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі

Автор:   •  Январь 30, 2022  •  Реферат  •  6,539 Слов (27 Страниц)  •  735 Просмотры

Страница 1 из 27

9.1 Дәрістер

9.1. Дәріс    

9.1.1. Тақырыбы. Кіріспе. Биология ғылымының даму кезеңдері. Пәнің мақсаты мен  міндеттері, зерттеу  объектісі.

Сағат саны : 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

1. Биология  ғылым  ретінде

2. Биология  ғылымының  жетістіктері

3. Биология  ғылымының   басқа  ғылымдармен байланысы

4. Тірі организмдердің негізгі қасиеттері

Биология – бұл тірі организмдер туралы ғылымдардың жиынтығы, бұрын өмір сүрген және қазір жер бетіндегі ағзалардың әртүрлілігі туралы, тегі, таралуы мен дамуы, бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысы туралы ғылым. Биология тіршілікке барлық жағынан қатысты оның жалпы және жеке заңдалақтарын анықтайды.

Тірі табиғатты түсінуге алғашқы рет жүйелі түрде ұмтылғандар қатарына античтік дәрігерлер Гиппократты (460-370 ж.) және Галенді (130-200 ж.), сондай-ақ  ерте заманғы грек философы Аристотельді (б.э.д. 384-322 ж.) жатқызуға болады.

Қазір биология тірі табиғат туралы ғылымдардың жинағы. Оның құрылысын әр түрлі тұрғыдан қарастыруға болады.

Зерттеу нысанының алуан түрлілігіне байланысты казіргі кезде биология ғылымы жүйелі түрде тармақталған: 

вирусология - вирустарды зерттейді, ботаника - өсімдіктерді зерттейді, зоология - жануарларды зерттейді, микробиология - микроорганизмдерді зерттейді, микология-саңырауқұлақтарды зерттейді, анатомия - тірі ағзалар құрылысын, цитология - клетка түрлерін зерттейді, морфология - тірі ағзалардың сырт құрылысын зерттейді, физиология - тірі ағзаларды кұрайтын мүшелер мен Жүйелердің қызметін зерттейді, бриология - мүктерді зерттейді, альгология - балдырларды зерттейді, ихтиология - балықтарды зерттейді, орнитология - кұстарды зерттейді.

Жалпы биология - тірі табиғатты, оның алуан түрлілігі мен тірі ағзалардың құрылысын, қызметін, өсіп дамуын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейтін тарихи-эволюциялық ғылым.
Дәстүрлі жалпы биология клетка жөніндегі ғылымды, организмнің жеке дамуын, молекулярлық биология, генетика, эволюциялық ілім, биоэкология, биосфера және адам жөніндегі ілімді қарастырады.

Тірі организмдердің қасиеттері бойынша биологияның ішінен тірі организмдердің құрылысы туралы ғылымды, организмдердің қызметі туралы ғылымды – физиологияны, клеткалардың микроқұрылымын зерттейтін молекулярлық биологияны, тұқым қуалаушылық пен өзергіштің заңдылықтарын зерттейтін генетиканы және экологияны көрсетуге болады.

Биологияның дамуы негізгі үш кезеңді қамтиды:

1)   систематикалық (К.Линней);

2)   эволюциондық (Ч.Дарвин);

3)   микроәлем биологиясы (Г.Мендель).

Бұлардың әрқайсысы тірі әлемі туралы түсініктің, биология көзқарасының өзгеруімен, биологиялық парадигмнің ауысуымен байланысты. Қазіргі заманғы биология микроәлемінің дамуының арқасында, тірінің молекулярлық құрылысын түсінуге байланысты тіршіліктің өзгешелігі, табиғаттың, органикалық пен бейорганикалық әлемдердің біртұтастығы толығынан көріне бастады.

Бекіту сұрақтары:

1. Биологияға кіріспе пәнінің негізгі міндеттері

2. Қолданылатын негізгі әдістер

3. Биологияның зерттеу аумағын анықтау және негізгі объектілері

Қолданылған әдебиеттер:

1. Зияева Г.К.  Биологияға кіріспе. Алматы: Эверо,  2013.-128 бет.  

2. Адманова Г.Б.  Биологияға кіріспе. Ақтөбе: Литер-А,  2017.-131 бет.  

3. Зияева Г.К.  Биологиялық эволюция. Алматы: Эверо, 2016

4. Тұрғынбаев Ә.Х.  Қазіргі жаратылыстану концепциялары. Алматы: Білім,  2013.-186 бет.  

5. Нуртазин С.Т., Салмырзаұлы Л.  Антропология. Алматы: Дәуір,  2011.-288 бет.  

6. Жүнісбаева Ж.К.  Жалпы генетика: есептер жэне онын шыгарылу жолдары. Алматы: Казак университеті,  2012.-222 бет.  

7. Л.З.Тель, Е.Д.Дәленов   Биология негіздері  ( I том)  Алматы: Эверо,  2011.-348 бет.  

9.1.2. Тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы, дамуы

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

1. Тіршіліктің өз бетінше пайда болуы

2. Тіршіліктің даму кезеңдері.

Тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашқы идеялар Үндістанның, Қытайдың, Месопотамияның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады. Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы бар зат қозғалыста, өзгерісте болады, сондай-ақ, ол қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.

...

Скачать:   txt (88.8 Kb)   pdf (238.1 Kb)   docx (40.4 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club