Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Максималды өнімділікке қол жеткізуге көмектесетін 5 тиімді әдіс

Автор:   •  Ноябрь 16, 2023  •  Реферат  •  783 Слов (4 Страниц)  •  85 Просмотры

Страница 1 из 4

Максималды өнімділікке қол жеткізуге көмектесетін 5 тиімді әдіс

Кез келген адам өзіне көбірек уақыт бөлу үшін, маңызды істерді аяқтауға, барлық көбейіп кеткен нәрселерді жасап үлгеруге қабілетті болғысы келеді. Бірақ көп адамдар күнді қалай дұрыс өткізуді, тапсырмаларды уақытқа бөлуді білмейді, сондықтан көпшілігінің уақыты болмай, жұмысты дәл уақытында орындамай өмірге шағымданады. Сондықтанда көтерілетін тақырып қазіргі уақытта өте өзекті. Әркімнің өз істері бар. Жұмысшылар, ата аналар студенттер және оқушылар уақытты өздеріне, достарына арнағысы келіп көп жиналған жұмыстарды уақытылы және тиімді қолданбаудан үлгермейді. Бұл адамдардың барлығы тәулігіне 24 сағаттан артық болғанын қалайды. Бірақ, өкінішке орай, бұл мүмкін емес, тек уақытты дұрыс басқаруды, тапсырмаларды сағат бойынша бөлуді білетін адамдар маңызды істермен айналысуға ғана емес, сонымен қатар өзіне және достарына да уақыт таба алады.

Дәл осындай нәтижелерге қол жеткізу үшін осы мақалада біз жоғары өнімді адамдар жұмысты қалай орындайтынын көрсететін әдістерді қарастырамыз. Сондай-ақ түрлі кеңестерді мен мақалада көтерілген әдістерді қолдана отырып, көптеген биіктерге жеткен адамдардың ұсыныстарын тақырып аясында көтереміз.

Бұл мақалада біз максималды өнімді болудың ең танымал 5 тиімді әдісі немесе тайм менеджмент әдістері көтеріледі.

«Помодоро» әдісі

Кімге қолайлы: шұғыл орындауды қажет тапсырма болған кезде қолданылады.

Неліктен оны пайдалану керек: Әдіс белгілі бір уақыт аралығында тапсырмаға назар аударуға көмектеседі.

Сипаттама: Тапсырмалар бойынша жұмыс «помодоро» деп аталатын 25 минуттық кезеңдерге бөлінуі керек, олардың арасында 5 минуттық үзілістер бар. Жұмыс уақытында басқа мәселелерге алаңдатуға болмайды. Егер, мысалы, «мақала» жазу қажет болса, бірақ айналаңыздағы барлық нәрсе сізді алаңдатса, онда бұл әдісті пайдалана аласыз. Қажет емес барлық нәрсені алып тастаңыз, таймерді 25 минутқа орнатыңыз және алаңдамай жазыңыз. Процесстен жалықпау үшін 25 минуттан кейін 5 минут үзіліс жасап, жұмысқа қайта оралуға болады. Егер сіз алаңдамасаңыз, моральдық шаршамай, қысқа мерзімде қажетті жұмысты жаза аласыз.

Эйзенхауэр матрицасы

Кімге қолайлы: Барлығына қатысты.

Неліктен оны пайдалану керек: матрица күнді, аптаны немесе жылды жоспарлау кезінде пайдалы. Әдіс тапсырмалардан басымдықты анықтауға ыңғайлы.

Сипаттама: барлық тапсырмалар екі осі бар төрт шаршыдан тұратын кестеге енгізіледі. Көлденеңінен матрица «шұғыл» және «шұғыл емес», тігінен «маңызды» және «маңызды емес» өрістеріне бөлінеді. Нәтижесінде сіз төрт түрлі тапсырма аласыз: шұғыл және маңызды, шұғыл және маңызды емес, шұғыл емес және маңызды, шұғыл емес және маңызды емес. Қандай тапсырмаларды орындау жақсырақ екенін түсінгеннен кейін, дұрыс реттей алып қажетті уақытта бәрін аяқтайсыз, өйткені маңызды емес мәселелерге уақыт бөлінбейді. Бұл әдіс уақытты ысырап етпеуге көмектеседі.

Бақа әдісі

Кімге қолайлы: Орындағысы келмейтін көптеген күрделі тапсырмалары бар адамдарға қатысты.

Неліктен оны пайдалану керек: әдіс тапсырмалар жинақталмау үшін, сіз орындағыңыз келмейтін жағымсыз тапсырмаларды аяқтауға қолайлы.

Сипаттама: Әр таңды кейінге қалдырған тапсырмадан (бақадан) бастаңыз. Сіз бақаны жедіңіз, яғни жағымсыз тапсырманы аяқтадыныз - сонда сіз уақытыңызды жағымды тапсырмалармен немесе қызықты сәттермен уақыт өткізе аласыз. Аптаның әр күніне жағымсыз тапсырма жиналып қалмауы үшін бөліп қойыңыз, уақыты келгенде жасап бастаңыз. Таңертең күрделі тапсырманы орындаған жақсы болады, кейін өзіңізді еркін сезінесіз және күні бойына жоғары ынталы боласыз.

...

Скачать:   txt (11.4 Kb)   pdf (50.4 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club