Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Иық белдеуі және қол сүйектерінің байланыстары

Автор:   •  Март 28, 2018  •  Реферат  •  1,586 Слов (7 Страниц)  •  4,820 Просмотры

Страница 1 из 7

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік

жұмысы

[pic 1]

Мамандығы:

Дисциплина:

Кафедра:

Курс: 1

Тақырыбы:

Орындалу реті:

                                                                            Орындаған: Аралбай А.Н.

                                     Тобы: 107

                                       Тексерген:

                                         Ақтөбе 2018 ж.

             Жоспар:

  1. Кіріспе:
  • Жалпы артрология
  1. Негізгі бөлім:
  • Иық белдеуі және еркін орналасқан қол сүйектерінің байланыстары
  1. Қорытынды:
  • Сүйек қосылыстарының маңызы

                                                                                                       

                             Кіріспе

Сүйектер қосылысы туралы ілім  - артрология (arthrologia). Сүйек қосылыстарын 3 топқа бөліп қарастырамыз:

  1. Үзіліссіз қосылыстар (synarthrosis)
  2. Үзілісті қосылыстар (diarthrosis)
  3. Жартылай үзілісті-үзіліссіз қосылыстар (hemiarthrosis)

Синартроздарға синдесмоз (syndesmosis), синхондроз (synchondrosis) және синостозды (synostosis) жатқызамыз.

Синдезмоз (syndesmosis) деп сүйектердің дәнекер ткандар арқылы байланысын айтамыз. Оларға байламдар (ligamenta), жарғақтар (membranae), жіктер (suturae) жатады.

Синхондроз деп сүйектердің шеміршек арқылы байланысын айтамыз. Мысалы, омыртқааралық диск (discus intervertebralis).

Синостоз деп сүйектердің сүйек ткані арқылы байланысуын, яғни бітісіп кетуін айтамыз. Мысалы, шүйде сүйек (os occipitale) пен  сына сүйектің (os sphenoidale) бітісіп кетуі нәтижесінде пайда болған ылди (clivus) жатады.

Буын деп сүйектердің үзілісті байланысуын айтамыз. Буын деп аталу үшін оның құрамында міндетті түрде мына 3 элемент болу керек:

  1. Facies articularis
  2. Capsula articularis
  3. Cavitas articularis

Бұдан басқа дисктер, менисктер, еріндер, буын ішілік жалғамалар кездесуі мүмкін.

                            Негізгі бөлім

                   Йық белдеуі сүйектерінің байланысы

Бұғананың төстік соңы төстің бұғаналық ойығымен  байланысады, соның нәтижесінде формасы ершік тәрізді (art. sellaris) төс-бұғаналық буын (art. sternoclavicularis) пайда болады. Құрылысы жағынан бұл буын қарапайым (art. simplex) буынға жатады. Өтетін қозғалыстарға байланысты бұл буын шар тәрізді буындарға (art. spheroidea) жатады.

 Буындық беттері шеміршекпен қапталған, инконгруэнтті болып табылады. Буын қуысында буын дискі (discus articularis) орналасқан. Осы буын дискінің арқасында инконгруэнттік жойылып, буындық беттері бір-бірімен сәйкес келеді, және буын қуысы бір-бірімен байланыспайтын екі бөлікке бөлінеді:төменгі-медиальді және жоғарғы-латеральді.

Буын қапшығы берік, сүйектердің буын беттерінің шеттеріне бекіген.

Төс-бұғаналық буынның байламалары:

  1. Алдыңғы және артқы төс-бұғаналық байламдар (ligamentum sterno-claviculare anteriorius et posterius) буын қапшығының алдыңғы, артқы және жоғарғы  беттерінде орналасқан.
  2. Қабырға-бұғаналық байлам (lig. costoclaviculare). Бұғананың төстік екі шетінің аралығында созылған.
  3. Бұғанааралық байлам (lig. interclaviculare) төс тұтқасының мойынтырық тілігінің үстінде, бұғананың екі төстік соңы арасында созылған.  

Акромиалды-бұғаналық буын (art. acromioclavicularis)

Үш біліктік, қарапайым, жалпақ буындарға жатады.

Буын қапшығы буын беттерінің жиектеріне бекіген және келесі байламдармен бекітіледі:

  1. Акромиалды-бұғаналық байлам (lig. acromioclaviculare) бұғананың акромиалды соңы мен жауырынның акромионы (иық өсіндісі) арасында созылған.
  2. Құстұмсық-бұғана байламы (lig. coracoclaviculare). Бұл байлам бұғананың акромиалды соңы мен жауырынның құстұмсық өсіндісі арасында болады. Бұл байламның 2 бөлігін ажыратамыз:
  • бүйір (латеральді) бөлігі – трапеция тәрізді байлам (lig. trapezoideum). Құрылысы төртбұрышты болып келеді. Бұл байлам бұғананың акромиалды соңының трапеция тәрізді сызығынан (linea trapezoidea) жауырынның құстұмсық тәрізді өсіндісіне (processus coracoideus scapulae) дейін жетеді.
  • медиальді бөлігі – конус тәрізді байлам (lig. conoideum). Ол бұғананың акромиалды соңының конус тәрізді төмпешігі (tuberculum conoideum) және жауырынның құстұмсық тәрізді өсіндісі арасында созылған. Формасы жағынан үшбұрышқа ұқсас.

Жауырынның жеке өзінің байламдарына тоқталсақ:

  1. Құстұмсық-акромиалды байлам (lig. coracoacromiale) – жауырын байламдарының ішіндегі ең берік байлам. Акромион мен жауырынның құстұмсық тәрізді өсіндісі аралығында созылған төтртбұрышты табақша (lamina).
  2. Жауырынның жоғарғы көлденең байламы (lig. transversum scapulae superius) жауырын тілігінің (incisura scapulae) жоғарғы жағында орналасып онымен бірге тесікті қоршайды.
  3. Жауырынның төменгі көлденең байламы (lig. transversum scapulae inferius) – жауырын жалғамаларының ең әлсізі.

Қолдың еркін сүйектері бір-бірімен иық, шынтақ және білезік буындарымен байланысады.

Иық буыны (art. humeri) шар тәрізді буындарға (art. spheroidea) жатады. Сондықтан бұл буында 3 білік бойында қозғалыспен (flexio-extensio, abduction-adductio, pronatio-supinatio) қоса шеңбер бағытта (circumductio) жүзеге асады. Бұл буын тоқпан жіліктің басы (caput humeri) мен жауырынның буын ойығы (cavitas glenoidalis scapulae) арасында түзілген. Буын беттері гиалинді шеміршекпен қапталған және инконгруэннті болғандықтан араларында буын еріндері (labium glenoidale) толықтырылған. Буын қапшығы бос, құстұмсық-иық байламы (lig. coracohumerale) арқылы бекиді. Бұл байлам құстұмсық өсіндісінің сыртқы жиегінен тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне дейін жетеді. Сонымен қоса, бұл байлам иық буының үстінде орналасып, акромионмен және жауырынның құстұмсық тәр. өсіндісімен иықтың күмбезін құрайды. Ал ол болса, иықты қорғап тұрады.

...

Скачать:   txt (17.8 Kb)   pdf (478.8 Kb)   docx (105.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club