Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көшбасшылық

Автор:   •  Сентябрь 22, 2021  •  Реферат  •  841 Слов (4 Страниц)  •  558 Просмотры

Страница 1 из 4

Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу

қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына

мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының

қолданатын құралы.

Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа

адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені

жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың

қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға

бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен

әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады [1].

Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. Басшы –

бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл

адамның лауазымы. Жақсы басшы қызметкерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдап

отырады. Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көр

қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды [2]

Мазмұны:

Көшбасшылық теориялары

Беделдік формалары

Көшбасшының іс жүргізу бағыттары

Көшбасшының орындайтын функциялары.

Басқару және билік

Билік түрлерінің негізгілері

Формальды және шынайы билік

Басқару түрлері

Көшбасшылықтың жағдайлық теориясы

Көшбасшылық теориялары

Көптеген көшбасшылық теориялары бар. Қазіргі кезде олардың ішінде үшеуін жеке қарастыруға болады:

● Тұлғалық;

● Қылықтық;

● Жағдайлық.

Тұлғалық теория – Оған сәйкес менеджерлердің ең үздіктері белгілі бір жеке қасиеттер топтамасына ие болады. Олардың арасында: ақыл мен білім деңгейі, тартымды сыртқы көрінісі, адалдылық пен инициативтілік, өзіне деген жоғарғы сенімділік.

Қылықтық теория – Бұл теорияға сәйкес басқару түрлерін классификациялауға негіз салған болатын. Ол бойынша тиімділік менеджердің тұлғалық ерекшеліктерімен емес, оның қарамағындағы адамдарға қатысты қылықтардың сипатымен анықталады. Бұл көшбасшылық түсінігін одан әрі тереңдетіп, адамдарды мекеме мақсаттарын орындауға бағыттаған менеджердің мінез-қылықтарына ерекше назар аудартқызды. Оның негізгі кемшілігі басқару түрлерінің белгілі бір жалғыз түрі бар деген тенденцияға негізделу. Алайда тек бір ғана ең тиімді басқару түрі болуы мүмкін емес. Белгілі бір түрдің тиімділігі нақты жағдай мен адамдардың жеке басына тән қасиеттеріне байланысты болады.

Жағдайлық теория – Жағдайлық теория бойынша тиімді басқару үшін менеджердің жеке қасиеттері мен өз-өзін ұстауы нақты жағдайларға сәйкес болуы керек. Көптеген жүргізілген зерттеулер бойынша менеджер-көшбасшы әр түрлі жағдайларда әр түрлі әрекет етуі қажет.

Беделдік формалары

Көшбасшылықтың негізі ретінде беделділік қарастырылады. Көшбасшы рөлі белгілі бір беделділік формасына негізделіп, келесі түрлерден құралады:

● Харизматикалық бедел

● Дәстүрлі бедел

● Рөл мен орын беделділігі

● Құқықтық бедел

● Біліктілік беделділігі.

Харизматикалық бедел – Мықты жеке қасиеттерге негізделеді. Бұл жердегі көшбасшы

...

Скачать:   txt (12.5 Kb)   pdf (49.9 Kb)   docx (12.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club