Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектептегі мұғалім көшбасшылығы

Автор:   •  Август 2, 2019  •  Реферат  •  403 Слов (2 Страниц)  •  1,017 Просмотры

Страница 1 из 2

Рефлексия және даму

Бүгінде білім саласы ғана емес, барша әлем қарқынды өзгеріске бет бұрып келеді. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы аясында алған теориялық және тәжірибелік білімім – менің осы мамандық жолында игі өзгерістерге бастаған алғашқы қадамдарымның бірі болды. Өз тәжірибемдегі бақылау және зерттеудің нәтижелерінде жаңа буын жас ұрпақтың заманға сай ақпаратты жылдам қабылдап, тез арада іске асыру қабілеттері басымдылық танытып келе жатқанын байқадым. Ал айналадағы сан алуан ақпаратты өмірлік қажеттілігі бар терең білімге ғана айналдырып қана қоймай, оны тәжірибемен ұштастыра білу үшін не істеу қажет? Ең алдымен, педагогикалық түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушыларды ынталандыру үшін, заман талабына сай білім беру үшін, саналы, қоғамның бетке ұстар азаматы етіп тәрбиелеу үшін мұғалім кәсіби дамуын үнемі жетілдіріп отыру қажет деген тұжырымға келдім. Мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізген коучинг сабағым әріптестерімнің ғана емес, өзімнің де оқытудағы көзқарасымның жаңа бағытқа өзгеруіне бастама болды деп санаймын. Біз бірлесе отырып мақсатқа жету үшін, бір-бірімізге түсіністікпен қарауға тырысып, ынтымақтастық орта құра білдік. Коучингтің сәтті өткен тұсы да осы болды. Жалпы коучинг кезеңдерінің белгіленген уақытымен өтуі де көңілден шықты. Жоспарлау кезінде әріптестеріме сауалнама құрастырып, тақырып және оның мақсатын анықтадық. Нәтижесінде, мектебімізде ұстаздардың өз тәжірибелеріне сүйеніп, психологиялық ерекшеліктеріне қарай отырып дарынды және талантты балаларды анықтай алғанымен, олардың ерекшеліктеріне қарай оқыту, әдіс-тәсілдерді ұйымдастыру көбінде шетте қалатыны байқалды. Ерекше оқушыларды

...

Скачать:   txt (6 Kb)   pdf (31.2 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club