Көшбасшылық психологиясы
Автор: azamatt31 • Ноябрь 16, 2020 • Реферат • 2,300 Слов (10 Страниц) • 1,820 Просмотры
16-тақырып. КӨШБАСШЫЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ
16.1. Көшбасшылық теориясы
16.2. Жеке тұлға түсінігі және оның бағыттары
16.3. Жеке тұлға теориялары
16.4. Жеке тұлғаның қалыптасуы және дамуы
16.1. Көшбасшылық теориясы
Көшбасшылық теориясы: Көшбасшының жеке кескініне негізделген көшбасшылық теория – көшбасшылыққа әсер ететін негізгі фактормен сәйкес болып келетін, көшбасшылыққа теоретикалық тұрғыдан жақындау негізінде белгілі бір жеке мінез-құлық жиынтығымен кандидаттың көшбасшылықты иеленуі болып табылады.
Көшбасшылық, ситуациялық теория – көшбасшылық теориясына сәйкес, адамның көшбасшылыққа жетер жолы, топтағы орнатылған ситуация ерекшеліктерімен байланысты болып келеді. Әрбір ситуациялық жағдайда топ арасынан өз көшбасшысы анықталады, оның жеке басындағы ерекшеліктер, осындай ситуация жағдайына сәйкес келіп, жақсы көріне алады. Топтағы ситуацияның өзгеру салдарынан ол топтың көшбасшысы да өзгеруі мүмкін.
Көшбасшылық, харизматикалық теория – бұл теория көшбасшылыққа тумасынан ерекше дарыны бар адамдардың көшбасшы болатындарын растайды.
Жетекшілік – көшбасшылыққа интерактивті жақындастық, көшбасшылық стильі.
Жеке санасыздық – адамның жеке басындағы санасыздық, өмір сүру процесінде пайда болған, коллективтік (ұжымдық) санасыздықтың одан айырмашылығы, мұра бойынша қалыптасқан құбылыс.
Тұлғалық мағына (личностный смысл) – бұл психологияда келесідей мағыналарда қолданылатын түсінік болып табылады:
- Адамның қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің ең маңыздыларынан қанағаттандырылуы үшін біреудің немесе бірнәрсенің ерекше қымбат болатын жеке құндылық
- Айтылуы мен мағынасы бойынша керемет болып келетін, осы сөзді қабылдау немесе қолдануы арқылы адам бойында қалыптасатын қосымша ойлар мен сезімдер.
Жеке тұлға (личность) (анықтамасы) – мазмұны бойынша келесідей мағыналарды білдіретін кең ауқымды психологиялық түсінік:
- Жоғары деңгейдегі психологиялық дамуға жеткен, жекелей қарастырылатын адам.
- Қоғам арасында өзін ұстай білуінен және адамдар арасындағы іс-әрекетімен байланысты болып келетін, адамның психологиялық қасиеттерінің тұрақтылық жиынтығы.
- Адамның индивидуальді (жеке) ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың әлеуметтік іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндік беретін, адам психологиясының бір бөлігі болып табылатын білім.
- Адамның өзгеге деген, өзіне деген қарым-қатынасын анықтайтын ерекшеліктері. Мысалы, бұл дегеніміз қабілеттілік, мотив, қажеттілік, сезім, темперамент, әлеуметтік жағдай.
- Адамның зұлымдық және жақсылық, этика және мораль секілді жақтарын түсіндіруге және түсінуге мүмкіндік беретін нәрсе.
16.2. Жеке тұлға түсінігі және оның бағыттары
Өмірде жеке тұлға деп кімді атайды?
Өмірде өзінің белсенді психологиялық ерекшеліктері және әрекеттері мен басқа адамдардан ерекшеленетін адамды жеке тұлға деп атайды. Мұндай адамдар өзінің жолында пайда болатын қиындықтарды жеңуге төтеп бере алады, әрі өзі әбден дұрыс шешімдер қабылдай алады. Мұндай адам жарқын түрдегі индивидуальділікке ие болады, көптеген сұрақтар бойынша өзінің жеке, тиянақты пкірі, өзінің жеке моралі, өзінің сенімі, биікке жету қасиеті болады да және ол оларды қатаң түрде ұстанады. Өзінің көзі жетуіне бас тартуға сырт жақтан психологиялық қысым көрсететін жағдайда, ол адам бұл қысымға бой бермей, өзін әбден тәуелсіз түрде алып жүре алады.
Ғалымда жеке тұлғалыққа нақты бір анықтама жоқ, өйткені жеке тұлға өз алдына өте күрделі психологиялық құрылысты ұсынады, және бір ұсынылуға мүмкін болмайтын бірнеше әртүрлі жақтары ұсынылатын бірнеше осындай анықтамалардың бар болғаны қажет. Сонымен қатар, әртүрлі оқымысты – ғалымдар жеке тұлға психологиясының әртүрлі аспектілерін зерттеп, бөліп шығаруда, және де дәл осы аспектілер әдетте ғалымдармен ұсынылатын анықтамаларды қамтиды.
Жеке тұлға (зерттеуге жақындастықтар) – қазіргі психологияда жеке тұлғаны зерттеудің келесідей негізгі бағыттарымен бөлініп, қарастырылады:
...