Заң психологиясы
Автор: bekzatovna0912 • Октябрь 19, 2019 • Реферат • 380 Слов (2 Страниц) • 1,140 Просмотры
«Заң психологиясы»
Әрбір ғылым өзінің пәндік ерекшелігімен ерекшеленеді.Сонымен қатар психология пәні өзінің әртүрлі ғылыми салаларымен айрықшаланады. Олардың әр біреуі арнайы бір іс-әрекет жағдайына психологиялық заңдылықтардың пайда болу спецификасын зерттейді. Қазіргі кезде педагогикалық, медициналық, экономикалық, саяси, заң, әскери , спорт және т.б психологияның салалары дамыған. Соның ішінде мені қызықтырған сала- заң психологиясы. Себебі, ата-анам заң мамандығының иелері.
Заң психологиясы- психология ғылымының аса маңызды және күрделі бір саласы. Ол заң нормаларының жолын қабылдауға қатысушы адамдардың күйін, психикалық үрдістері мен құбылыстарды зерттейді. Заң психологиясының жалпы психологиядан айырмашылығы -жалпы психология адамның жан дүниесін зерттесе, заң психологиясы қатынас өргігенде құқықтың реттелуін зерттейді.Заң психологиясының міндеті болып – бірінші кезектегі әрекетте психологияның заңнамасын анықтау керек және құқықтық қадағалау кезінде жеке тұлғаны бақылау, құқық қорғау әрекетінде қарқындылықты жоғарлату бойынша тәжірибелік сипаттаманы саралау.
Қай пән болмасын әр заттың, әр құбылыстың өзіндік шығу тарихы болады.«Заң психологиясының» Қазақстанда қалай дамығанына көз жүгіртсек. Заң психологиясы тек 1966 жылы елдің заң оқу орындарында жалпы және заң психологиясын оқыту енгізілгеннен кейін ғана жүре бастады. 1960 ж. соңы мен 1970 ж.басында тергеу мен іздейдің психологиялық жақтарына арналған алғашқы еңбектер жарық көре бастады. Мысалға:Профессор Г.Г.Досполовты «Психология показания свидетелей и потерпевших», «Психология допроса в предварительном следствии», «Психология допроса в уголовном процессе» деген еңбектерін атап өтуге болады. Автор бұл еңбегінде тергеу қызметкерінің психологиясына кеңінен тоқталған. Сонымен қатар, 1984 ж. Е.К.Нурпейісовтың «Психология правомерного поведения» және «Оптимизация предварительного следствия» деген кітаптары жарық көріп, онда қылмысы ашу процесінің жүйелі категориялары талданған. Осы салада жемісті еңбек етіп келе жатқан профессор У.С.Жекебаевтың «О социально психологических аспектах преступного поведения», «Преступность, как криминологическая проблема», «Мотивация преступления уголовной ответственности» деген еңбектері бар.Дәл осы еңбектер қазіргі уақытта да ішкі істер министрлігі жүйесіндегі оқу орындарында мамандар даярлаумен құқық қорғау органдарының күнделікті тәжірибелік сұранымдарына сәйкес келеді. Қазіргі кезде Қазақстандазаң саласындағы әрекеттердің ерекшеліктеріне қарай ғылыми-зерттеу әдістері екі топқа бөлінеді: негізгі және қосалқы. Негізгі әдістеріне бақылау, әңгімелесу, эксперимент жатады. Бірақ,бұл әдістер бар болғанымен,менің ойымша бұлар өз деңгейінде қатты дамымаған.
...