Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зерттеу материалдары мен әдістері

Автор:   •  Апрель 13, 2018  •  Статья  •  922 Слов (4 Страниц)  •  1,552 Просмотры

Страница 1 из 4

"Қосшағыл" кен орнының аумағындағы мұнаймен ластанған топырақтың микрофлорасын зерттеу

Есжанова Г.А., Жунусова А.К., Уалиева П.С., Абдиева Г.Ж.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

e-mail: gauhar_eszhanova@mail.ru

Қазіргі таңда еліміздің экологиялық жағдайы жылдан- жылға нашарлап барады. Солардың ішінде өзекті мәселелердің бірі топырақтың мұнай және мұнай қалдықтарымен ластануы болып табылады. Ластану көзіне мұнай және газ өңдеу, оларды тасымалдаумен айналысатын өнеркәсіптер жатады [1]. Әлемде жыл сайын мұнайды өндіру, тасымалдау, сақтау және пайдалану барысында миллиондаған тонна мұнай мен мұнай өнімдері жоғалады. Нәтижесінде топырақ мұнаймен ластанып,  топырақ эрозиясы, дефляция, криогенез сияқты жағымсыз табиғи процестер жүру жылдамдығы артады. Сонымен қатар, топырақ микрофлорасына жоятын әсер етіп, олардың тіршілік ету жағдайларын бұзады [2]. Жалпы мұнай құрамында адам ағзасына зиян бірқатар микроорганизмдер тіршілік етеді. Сол себепті топырақтың мұнай және оның қалдықтарымен ластануын зерттеу маңызды мәселе болып табылады.

Зерттеу материалдары мен әдістері

Зерттеу объектісі ретінде «Қосшағыл» кен орнының аумағындағы мұнаймен ластанған топырағы алынды. Топырақтан микроорганизм дақылдарын бөліп алу дәстүрлі микробиологиялық әдіс бойынша жүргізілді [3]. Микроорганизмдерді дақылдау үшін ЕПА, Сабуро, псевдомонадты агар және Эшби қоректік орталары қолданылды. Өсіп шыққан колонияларды түрлі белгілеріне байланысты сипаттап, таза дақыл алу үшін қиғаш агарга отырғызылды. Өсіп шыққан дақылдарға шартты түрде атаулар берілді. Микроорганизмдердің қай түрге жататынын анықтау үшін морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық қасиеттеріне зерттеу жүргізілді [4]. Бөлініп алынған микроорганизм штамдарын идентификациялау барысында ПТР әдісі қолданылды. Идентификация GeneBank халықаралық деректер базасында депонирленген ITS аймақтың тікелей нуклеотидті тізбегін анықтау әдісі бойынша жүргізілді [5].

Зерттеу нәтижелері мен оларды талдау

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде мұнаймен ластанған топырақта кездесетін микроорганизм штамдары анықталды. Қатты қоректік орталарда өсіп шыққан микроорганизмдердің мөлшері есептелінді (1-сурет). Микроорганизмдер Сабуро қоректік ортасында 2,3х105  КТБ/мл мөлшерде өсіп шықты. ЕПА –да өсіп шыққан микроорганизмдер саны 2х105  КТБ/мл болса, псевдомонадты агарда өскен микроорганизмдердің мөлшері 0,1х105  КТБ/мл көлемінде болды.

[pic 1][pic 2]

[pic 3]

1- сурет  Әртүрлі қоректік орталарға өсіп шыққан микроорганизмдердің мөлшері

Идентификациялауға жақсы өсіп шыққан, белсенді екі түрлі штамм алынды. Оларға шартты түрде ҚПс және ҚМ1 атаулары берілді. Іріктеліп алынған штамдардың морфологиялық- дақылдық қасиеттері зерттелді. Алынған нәтижелер негізінде штамдар туысқа дейін идентификацияланды. 1- ші кестеде көріп тұрғандай ҚМ1 және ҚПс штамдары қатты ортаның бетінде дөңгелек формалы колониялар, сонымен бірге ақшыл, ақшыл-сары колониялар түзеді.  Морфологиялық белгілері бойынша ҚМ1 штамының клеткалары таяқша тәрізді, кішігірім, споралары сопақша келген, ал ҚПс штамының клеткалары ірі, таяқша тәрізді, спора түзеді.

1-кесте ҚМ1 және ҚПс штамдарының морфологиялық – дақылдық белгілері

   Дақыл

                Колония сипаттамасы

Клеткалар морфологиясы

ҚМ1

Дөңгелек формалы, шеті дөңгелек, беті тегіс, ақшыл-сары

Таяқша тәрізді, клетка мөлшері 0,8- 3,2 мкм

ҚПс

Дөңгелек формалы, шеті дөңгелек тәрізді, беті тегіс, ақшыл

Таяқша тәрізді, клетка мөлшері 1,3- 4 мкм

Грам әдісі бойынша бояу нәтижесінде зерттелетін екі штамм да Грам оң бактерияларға жататыны анықталды (сурет 2).

           [pic 4][pic 5]

                               ҚПс                                                   ҚМ1

...

Скачать:   txt (13.1 Kb)   pdf (391.3 Kb)   docx (170.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club