Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жоғарғы психикалық функциялар

Автор:   •  Март 9, 2025  •  Лекция  •  14,396 Слов (58 Страниц)  •  27 Просмотры

Страница 1 из 58

ФИЗИОЛОГИЯ №2 РК жауаптары 1 курс (2024-2025)

Жасаған: Карашова Дильназ

АЛЛА ХАЙЫРЛЫ БІЛІМ ҚЫЛСЫН, ЭКЗАМЕНДЕРДЕ СӘТТІЛІК!

1. ЖЖБ түсінігі. ЖЖБ көріністері туралы түсінік (туа біткен және жүре пайда болған мінез-құлық формалары, жоғары психикалық функциялар)

Жоғары жүйке жүйе белсенділігі(ЖЖБ) дегеніміз-адамдар мен жануарлардың орталық жүйке жүйесінің жоғары қабаттарында болып жататын үдерістер. Бұл үдерістерге өмірде пайда болған рефлекстер мен туа біткен рефлекстер жиынтығын жатқызады. Сонымен қатар “ең жоғырғы” психикалық міндет адамдар мен жануарлардың өзгермелі қоршаған орта мен әлеуметтік шарттар кезіндегі барабарлық мінез-құлықпен қамтамасыз етеді. Жоғары жүйке жүйе белсенділігін орталық жүйке жүйесінен айырмашылығы, орталық жүйке жүйе организмнің әр-түрлі бөліктерін бір-бірімен синхрондау ісімен айналысады. Жоғары жүйке жүйе белсенділігін нейрофизиологиялық үдерістермен байланыстырады. Нейрофизиологиялық үдерістер бас миының жартышарларының үлкен қыртыстарында және жақын ми қыртысы астында болатын үдестерді жатқызады. “Жоғары жүйке жүйе белсенділігі” терминін алғаш ғылымға енгізген И.П. Павлов, жоғары жүйке жүйе белсенділігін психикалық белсенділік ұғымына балама ретінде санаушы. Барлық психикалық белсенділік түрлерін (адамдардың ойлау қабілеті мен сана-сезімін) Павлов жоғары жүйке жүйе белсенділігінің бөлігі ретінде санаған. Бұл негізінен ЖЖЖ(жоғарғы жүйке жүйесі) және ЖЖҚ(жоғарғы жүйке қызметі) терминдерінен шыққан. Жоғары жүйке қызметі - үлкен ми сыңарлары, ми қыртысы және қыртыс асты бөліктері арқылы атқарылатым адамның күрделі іс-әрекеті мен мінез-құлқының, танымдық іс әрекеті процестерінің физиологиялық механизмдерін қамтамасыз ететін жүйкелік реттеудің жоғарғы түрі. Жоғары жүйке қызметі өте күрделі рефлекторлық жолмен жүріп, ағзаны, адам мінез-құлқын реттеп отырады. Жоғары жүйке қызметі арқылы адам және жануарлар сыртқы ортамен тығыз байланыста болады. Жоғары жүйке қызметі өз алдына ілім ретінде И.М. Сеченов пен И.П. Павлов зерттеген.

Жоғарғы жүйке іс-әрекеті 2-ге бөлінеді:

ШАРТСЫЗ,ШАРТТЫ

Изображение выглядит как текст, снимок экрана, Шрифт, число

Автоматически созданное описание

Туа біткен және жүре пайда болған мінез-құлық формалары жануарлардың және адамдардың табиғи және әлеуметтік орталарға бейімделуінде маңызды рөл атқарады. Мінез-құлық формаларын екі негізгі түрге бөліп қарастыруға болады: туа біткен және жүре пайда болған.

1. Туа біткен мінез-құлық формалары

Туа біткен мінез-құлықтар – организмнің генетикалық кодында сақталып, туылғаннан кейін-ақ көрініс табатын мінез ерекшеліктері. Бұл формалар көбінесе шартсыз рефлекстер мен инстинктерге негізделген, яғни бұл қасиеттерді жеке тәжірибе арқылы үйренудің қажеті жоқ. Мысалы:

Шартсыз рефлекстер: Бала туыла салысымен тыныс алуды біледі, қолын немесе аяқтарын қозғалта алады. Бұл оның өмір сүруіне қажетті негізгі дағдылар.

Инстинкттер: Құстардың ұя жасау қабілеті, бал арасындағы колониялар құру сияқты мінез-құлықтар генетикалық бекітілген және бүкіл түрге тән әрекеттер. Аңдар мен құстардың балапанын қорғауы, тамақ іздеуі – бұл да туа біткен мінез-құлық формаларына жатады.

Миграциялық бейімділік: Көптеген жануарлар, әсіресе құстар, белгілі бір мезгілде миграция жасайды. Мұндай бейімделу де олардың туа біткен қабілеті.

Ерекшеліктері:

Тұрақты және өзгермейтін. Жеке тәжірибеге немесе қоршаған орта әсеріне қарамастан сақталады.

Өзгерту қиын, себебі генетикалық деңгейде кодталған.

Бір түрге тән болғандықтан, барлық мүшелері бірдей әрекет жасайды.

2. Жүре пайда болған

...

Доступно только на Essays.club