Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшы-лықтар
Автор: luiza_e • Октябрь 16, 2021 • Контрольная работа • 368 Слов (2 Страниц) • 3,223 Просмотры
4- тоқсан | ХІ-ші сабақ | ||||||||||||
§ 53 | Пәннің атауы: Қазақстан тарихы | 10-сынып | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшы-лықтар | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Сабақ барысында кеңесік кезеңдегі рухани саладағы өзгерістер, жалпыға бірдей бастауыш,одан кейін толық емес орта білім беруді енгізу және жоғары оқу орындарының ашылуы мен кәсіптік білім беретін оқу орындарын анықтап,талдап,салыстырып, қорытынды жасай аласыңдар. | ||||||||||||
Сабақтың барысы: Қысқаша конспект. | Балалар! Кеңестік кезеңде рухани сала түбегейлі жаңғыруға ұшырады. Дінге,білімге,жоғары және бұқаралық өнерге қатыстының бәрі өзгерді. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Кеңестер Одағы зайырлы мемлекет болды.. Дінге, оның ішінде ислам дініне қарсы күрес жүргізілді: діни мектептер жабылды, мешіттер жойылды,діни кітаптар да жойылды. Сауатсыздықпен жаппай күрес,жалпыға бірдей бастауыш,одан кейін толық емес орта білім беруді енгізу осы жолдағы кезеңдер болды. Әр жерлерде «Сауатсыздық жойылсын! қоғамдастықтары ашылып, мыңдаған адамдар оқып-жазуды үйренді.1918 жылы екі сатыдан тұратын кеңестік бірыңғай еңбек мектебі құрылды: бірінші сатысы 8-13 жасқа дейін (5-сынып); ал екінші сатысы 14-17 жасқа дейінге балаларды қамтыды.1920-1921 оқу жылында Қазақстанда 1410 мектеп болды.Кеңес өкіметінің алғашқы он жылында Қазақстанда жоғары оқу орындары болған жоқ.1928 жылы Алматыда тұңғыш жоғары оқу орны –Абай атындағы ҚазПИ ашылды. Көп ұзамай 1929 жыл - Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты,1930 жыл - Қазақтың ауылшаруашылық институты, ал 1934 жыл - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Техникумдар мен училищелер өнеркәсіп, көлік, құрлыс және байланыс мамандарын дайындады. | ||||||||||||
Сабақтың барысында орындалатын тапсырмалар Сипаттама беру | Балалар! Төменде берілген тапсырмалардың 2-3-уін өз таңдауларың бойынша орындаңдар. 1-тапсырма 1918 жылы екі сатыдан тұратын кеңестік бірыңғай еңбек мектебіне сипаттама беріңдер. 1. 2. | ||||||||||||
Мысалдар келтіру | 2-тапсырма. 1930 жылы КСРО-дағы жалпыға бірдей бастауыш білім берудің нәтежесіне мысал келтіріңдер: 1. 2. | ||||||||||||
Кесте толтыру | 3-тапсырма Жоғары білім беру орындары ашылуы бойынша кестеге толтырыңдар.
| ||||||||||||
Қазақ ғылымының қалыптасуына сипаттама беріңдер | 4-тапсырма. Алғашқы қазақ ғалымдарына сипаттама беріңдер. 1. 2. 3 4. | ||||||||||||
Баға беріңдер | 5-тапсырма. КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық базаларының жұмысына баға беріңдер | ||||||||||||
Сабақты қортындылау | 1. Кеңес өкіметінің ислам дініне байланысты қандай саясаты болды? 2.Кеңестік кезеңдегі жетістіктерінің бірі халыққа беру жедел дамығандығын дәлелдейтін деректер келтіріңдер? 3. Қазақтың ұлт зиялыларының мәдени құрылыс барысын жеделдетуге қосқан үлестерінін жазыңдар | ||||||||||||
Үйге тарсырма | §58 оқу № 2 -тапсырманы орындау. |
Параграф бойынша меңгерген білімізді төменде берілген тест тапсырмаларымен тексереміз.
...