Жақсы мамандық – жарқын болашақтың кепілі
Автор: dinalidi • Сентябрь 8, 2021 • Эссе • 531 Слов (3 Страниц) • 655 Просмотры
Жақсы мамандық – жарқын болашақтың кепілі.
Сан мыңдаған адам, сан мыңдаған тағдыр, сан мыңдаған өмір. Әр адам өзінің маңдайына жазғанын көреді. Оның өмірде бақытты болуы да, бақытсыз болуы да өз қолында. Жалпы адам баласының бақытты болуын философиялық тұрғыдан қарастырсақ өзіне байланысты болады. Оның таңдаған өмір жолы, таңдаған қоршаған ортасы, таңдаған мүдделері, таңдаған мамандығы. Бастапқыдағы салалар ол өздігімен кездеседі, ал таңдаған мамандық, бұған мән қойған жөн болар. Себебі мамандық таңдау арқылы біз үлкен өмірге аяқ басамыз.
Қазір ХХІ ғасыр. Бұл заман түлкі заман, тазы болып шабуымыз керек. Бұрыңғы менталитетті заманауи тұрғыда қолдану үлкен қателік деп ойлаймын. Асықпай бабымен мамандық таңдау өте маңызды. Менің ойымша мемлекеттің тұғырлы және қуатты болуы, сол мемлекеттің азаматтарына байланысты. Неге? Өйткені қуатты мемлекеттің адамдары білікті және білімді мамандық иелері болуы тиіс.
Иә, ХХІ ғасыр технологиялар кезеңі. Әлемде жаңадан шығып жатқан мамандықтар өте көп және нақты бір шешімге келу қиындық туғызады. Мамандықты таңдау барысында қателеспеген жөн. Өз жұмысыңның ақшасы үшін емес, сол жұмыстан ләззәт алып өзіңе, айналадағы қоршаған ортаға пайда тиетіндей болуы қажет. Сол жұмыспен өмірді, тұрмыс-тіршілікті қалыптастыра білу керек. Жоғарыда айта кеткендей адам тағдырын анықтайтын ең жауапты қадамдардың бірі ол әрине мамандық таңдау. Болашақтан өз орныңды табу.
Мамандықты таңдау кенеттен немесе біреудің ықпалымен туындауы дұрыс емес деп есептеймін. Себебі мұндай шешім болашақта сол мамандықты оқу барысында кері әсерін тигізеді. Жүрегің қаламайтын мамандықта оқудың еш мәні болмай қалады. Оқуға деген ниет болмаса, болашақта жұмысқа деген құлшыныстың болмауы әбден мүмкін.
Қазір Қазақстан Республикасы қуатты дамыған мемлекеттер ортасында ойып тұрып орын алған. Мемлекет дамыды, даму үстінде, дами береді де. Ал мемлекетті дамыту, көркейту үшін, білікті мамандар қажет. Адамды бала кезінен, жоғарғы білім мен парасаттылыққа дәріптейтін мектеп және мұғалім. Елімізді көркейту барысында мұғалімдердің рөлі зор. Ұстаздардың орны ерекше.
...