Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Достық – асыл қасиет

Автор:   •  Декабрь 19, 2022  •  Реферат  •  967 Слов (4 Страниц)  •  287 Просмотры

Страница 1 из 4

                                                                   Бекітемін:[pic 1]

                                          Мектеп директоры:                        АААА

Шымкент қаласы

№39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта  мектебінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорыны

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы:

Достық – асыл қасиет

Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  ААААА

2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

4-бөлім: Сүйіспеншілік пен достық

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 7

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Достық – асыл қасиет

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.2.5.1.Мәтін бойынша проблемалық  сұрақтар құрастыру 7.4.3.1.Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:  Мәтін бойынша сұрақ құрастыра алады, фразеологизм мен  мақал-мәтелдерді ажырата алады;

Көпшілік оқушылар үшін: Мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастыра алады, фразеологизм мен  мақал-мәтелдердің  мәнін, көркемдік ерекшелігін түсініп қолдана алады;

Кейбір оқушылар үшін:  Мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастыра алады, оған жауап бере алады, фразеологизм  мен  мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшелігін түсініп өмірде қолдана алады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Кезекшімен сұхбат.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.

Бөлімді қорытындылау және алдағы сабақпен байланыстыру мақсатында оқушыларға бір-біріне денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдер арқылы тілек тілеуін, ақыл-кеңес айтуын ұсыну.

 Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бөлімді қорытындылау және алдағы сабақпен байланыстыру мақсатында оқушылар бір-біріне денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдер арқылы тілек тілейді, ақыл-кеңестерін айтады.

Мысалы: Мерей «Адамның басты байлығы денсаулық» дегендей өзіңнің денсаулығыңды күт.

 Белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Тамаша»  деген мадақтау сөзімен ынталандыру.  

Слайд

Мақал-мәтелдер

Алдыңғы сабақты пысықтау

Алдыңғы сабақты пысықтау.

«Кеден» әдісі

61-бет 11-тапсырма.

Берілген сұрақтарға жазбаша жауап беру.

-«Денсаулық зор-байлық»  тақырыбы бойынша не үйрендің?

-Сен үшін бұл бөлімдегі қай мәліметтер маңызды болды?

-Өз жұмысыңа, сыныптастарыңның топ ішіндегі әрекеттеріне көңілің тола ма?

-Осы бөлім бойынша тағы не білгің келеді?

-Осы бөлім бойынша тағы қандай ақпарат көздерін оқисың?

Топта отырған оқушылар «Кеден» әдісінің ережесіне сәйкес бір-бірінің дәптерлерімен ауысып, үйде орындап келген тапсырмаларын оқиды. Топ бойынша ақылдаса келе, үй тапсырмаларының барлығын кеденнен өткізіп, бір-біріне кері байланыс беріп, ішіндегі ең үздік жұмысты әр топтан бір оқушы ғана оқиды.

Дескриптор:

-Бөлім бойынша не үйренге нін жазады;

-Бөлім бойынша қай мәлімет маңызды болғанын ажырата алады;

-Өз жұмысы мен  сыныптастарының жұмысына баға береді;

-Бөлім тақырыбына сәйкес алға мақсат қоя алады; 

Мұғалім әрбір жауап берген оқушыларға жүрекшелер үлестіріп отырады.

Бағалау үшін берілетін жүрекшелер

Қызығушылықты ояту.

Суретке қарап тақырыпты болжау.

-Мына сурттерден не көріп тұрсыңдар?

-Бұлар кімдер?

-Суреттерге тақырып беріңдерші.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Достық –асыл қасиет»

Сабақ  мақсатымен таныстыру.

«Миға шабуыл» стратегиясы

-«Асыл» деген сөз қандай мағына береді?

-Достық қандай болады?

-Досың бар ма? Ол қандай? Саған дос не үшін керек?

-Достық туралы жазылған шығармаларды оқыдың ба?

«Топтастыру» әдісі

[pic 2]

Досқа тән тағы қандай қасиеттерді білесіңдер?

Міне осы қасиеттерге қарай топтарға бірігеміз. (түрлі-түсті жүрекшелерді таңдап, артында жазылған сөздерге қарай топтарға бірігеді.)

1 топ Адалдық

2 топ Шыншылдық

3 топ Мейірімділік

Суретке қарап тақырыпты болжайды. 

Ықтимал жауаптар:

«Табиғатқа қамқор достар» «Сағынып кездескен достар» «Шынайы достық» «Достармен өткізген уақыт»

Тақтаға плакат ілінеді, оқушылар «Достық» сөзін топтастырады.

Досқа тән қасиеттерді атап, жүрекшелерді таңдау арқылы топтарға бірігеді.

Қалыптастырушы бағалау.  Өз ойын білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан, сұрақтарға жауап берген оқушыға «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Тамаша»  деген мадақтау сөзімен ынталандыру.  

Оқулық, жұмыс дәптерлері,

Слайд

достар суреттері,

Тақтаға плакат ілу.

Топ аттары жазылған қағаздар.

Слайд.

Жаңа сабаққа кіріспе

Ой түрткі

-Сұрақтың қандай түрлері бар?

-Қандай сұрақтарды проблемалық сұрақ дейміз?

 (Өзіңді тексер)

Білім алушылар ой түрткі сұрақтарға жауап береді.

Слайдтан проблемалық сұрақ  туралы білімдерін толықтырады.

Қалыптастырушы бағалау.  Өз ойын білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан, сұрақтарға жауап берген оқушыға «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Тамаша»  деген мадақтау сөзімен ынталандыру.  

Интерактивті тақта, слайд

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

 

 Жеке жұмыс

Ж. Айжанованың орындауындағы «Достарым» әнін тыңдату.

Ж. Айжанованың орындауындағы «Достарым» әнін тыңдап, мәтінде кездесетін тұрақты тіркестер мен бейнелі сөздерді дәптерлерге теріп жазу.

 

 Бейнежазбаны көріп, жеке жұмыс тапсырмасын орындайды.

Өлең мәтінінде кездесетін тұрақты тіркестер мен бейнелі сөздерді дәптерлеріне теріп жазады.

Дескрипторлар:

-Бейнежазбаны мұқият тыңдайды;

-Бейнежазбаның мәтінін түсінеді;

-Мәтіннен тұрақты тіркестер мен бейнелі сөздерді теріп жазады;

Мұғалім әрбір жауап берген оқушыларға жүрекшелер үлестіріп отырады.

Бейнежазба, жұмыс дәптерлері, слайд

https://www.youtube.com/watch?v=BACnZLWgnxk 

Жұптық жұмыс

«Сағат дос» ойыны

9.00-«Дос», «Достық», «Татулық», «Жолдас» туралы мақал-мәтел жазу және мағынасын түсіндіру.

12.00- Арасынан қыл өтпейді,  Бауыр басу, Қаймағы бұзылмау, Қол жалғау (қол ұшын беру) тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіру.

15.00- Оқулықта 62-бет 1-тапсырмадағы мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастыру.

18.00- Оқулықта 64-бет 6-тапсырма.

Өлеңде қарамен  жазылған сөздердің қайсысы атау, қайсысы фраезологизм, қайсысы эмоционалды сөз екенін айту.

Оқушылар жұптарға бірігіп,   «Сағат дос» ойынының тапсырмасын орындайды. Әр уақыт ауысқан сайын жұптарын аустырып отырады. Белсенділікпен қатысады.

 Дескриптор:

- Достық туралы мақал-мәтел жазады;

-Тұрақты тіркестерді және олардың мағынасын ажыратады;

-Мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастыра алады;

Мұғалім әрбір жауап берген жұптарға жүрекшелер үлестіріп отырады.

Сағат суреті

Интерактивті тақта

Слайд

Топтық жұмыс

«FILA» кестесі.

 

 Оқулықта 64-бетте берілген оқылым мәтіні бойынша «FILA» кестесін толтыру.

Мәтіндегі фактілер (Facts)

 Мәтіннің идеясы (Ideas)

 Сұрақтар (Learning issues)

  Әрекет жоспары (Action plan)

Тақтамен жұмыс

Оқулықтағы 62-бет 2-тапсырма. Мәтіннен нақты дерек пен авторлық көзқарасты табу.

Басқа топ мүшелері топтық жұмыс жасап жатқанда, әр топтан бір оқушы шығып тақтамен жұмыс орындайды.

Дәптермен жұмыс

Оқулықтағы 64-бет 7-тапсырма.

Өлеңдегі қарамен жазылған сөздердің қолданыстағы мағынасын ашып, олардың синонимдік, антонимдік қатарларын жазыңдар.

Оқушылар топпен ақылдасып  «FILA» кестесін толтырады.

Әр топтан бір оқушы шығып тақтамен жұмыс жасайды. Мәтіннен нақты дерек пен авторлық көзқарасты табады.

Топтық жұмысты орындап болған оқушылар дәптермен жұмыс жазады.

Дескриптор:

-Мәтіннен фактілерді табады;

-Мәтін идеясын анықтайды;

-Мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастырады;

-Әрекет жоспарын жазады;

Мұғалім әрбір жауап берген оқушыларға жүрекшелер үлестіріп отырады.

Дескриптор:

Мәтіннен нақты дерек пен авторлық көзқарасты табады.

Мұғалім әрбір жауап берген оқушыларға жүрекшелер үлестіріп отырады.

Дескриптор:

Өлеңдегі қарамен жазылған сөздердің қолданыстағы мағынасын ашып, олардың синонимдік, антонимдік қатарларын жазыңдар.

Мұғалім әрбір жауап берген оқушыларға жүрекшелер үлестіріп отырады.

«FILA» кестесі

Сабақтың соңы

Кері байланыс

 

“Аяқталмаған сөйлем” әдісі арқылы кері байланыс жасату.

  Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуы.

Үй тапсырмасы  

63-бет 5-тапсырма. Өлеңді оқып, екеуіндегі ортақ ойларды тауып, екеуінде де қайталанып тұрғантірек сөздерді жаз.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы «Аяқталмаған сөлем» әдісі бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

 Бағалау парақшасы

Кері байланыс

“Аяқталмаған сөйлем” әдісі

 

         

...

Скачать:   txt (15.5 Kb)   pdf (452.1 Kb)   docx (631.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club