Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құрметті мәжілістің төрағасы, университеттің профессор-оқытушылары

Автор:   •  Май 31, 2018  •  Доклад  •  1,068 Слов (5 Страниц)  •  565 Просмотры

Страница 1 из 5

Құрметті мәжілістің төрағасы, университеттің профессор-оқытушылары!

Сіздердің назарлараңызға «Мектептегі  оқушылардың дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды қолданудың негіздері» атты тақырыбындағы диплом жұмысының алдын-ала қорғау нәтижелері ұсынылып отыр (слайд-1)

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Халқымыздың тамырын тереңге жайған дәстүрі бойынша дене тәрбиесімен негізінен ерлер шұғылданған. Бозбалалар өздерінің әрекеттерінде белгілі бір шымырлықты керек еткен. Шаруашылық ылғи да ересектерді үлгі тұтқан. Сол себепті болар, қазақ ойындары негізінен спортқа жақын ширақтық пен жылдамдық, ептілік пен шымырлықты қажет етуінен өмірге келген. Ұлттық ойындарды қолдану жөнінде мәселелерді  ғалымдар келесі  бағыттарда  көтерді.

М.Т.Таникеев  өзінің диссертациялық жұмысында Қазақстанның Ресейге косылғаннаң бері Ұлы Октябрь социалистік революцияға дейін спорттың ұлттық түрлерінің және ойындардың дамуың зерттеді.

        Т.Ш.Қуанышев  болашақтағы дене шынықтыру мұғалімдерін ұлттық ойындардың құралдары арқылы даярлау бағытында өзінің ғылыми кепілдемелерін ұсынды.

        Қазақтың ұлттық ойындарының теориялық және практикалық түрінде жүйеге келтірілген Б.Төтенаев  және Е.Сагындықов. (слайд-2)

Зерттеу мәселесі. Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық ойындар мен спорт түрлерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастыру, тарих толқынында жоғалған, шеттетілген, ұмытылған дәстүрлі ұлттық ойындарымызды халқымыздың мәдени, рухани құндылықтары негізінде қайтадан қалпына келтіру де осы жұмыстың өзекті мәселесі болып саналады. (слайд-3)

Зерттеу пәні: Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындардың дамуын жетілдіру жолдары.

Зерттеу нысаны: Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі.
        Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп оқушыларының мақсатты түрде дене тәрбиесін ұйымдастырып,  дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің оңтайлы іске асырылуын зерделеу. (слайд-4)

Зерттеу жұмысының міндеттері: (слайд-5)

 1. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі сабағында қазақ ұлттық ойындарын қолданудың қазіргі кезеңдегі ғылыми көзқарастарын анықтау;

2. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;

3. Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: (слайд-6)

- Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі сабағында қазақ ұлттық ойындарын қолданудың қазіргі кезеңдегі ғылыми көзқарастары;

- Мектеп оқушыларының дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызы;

- Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдары.

Жұмыстың бірінші міндетін шешу барысында  біз (слайд № 7)

1 тараудың бөлімдерінен алынған нәтижелерге сүйеніп мектеп оқушыларының дене тәрбиесі сабағында қазақ ұлттық ойындарын қолданудың ғылыми көзқарастары төмендегідей;

Қазақ ұлттық ойындары мен олардың түрлерін саралау М.П. Тәнекеевтің, арнайы зерттеулерінің нысанасы болды. Бұл автор қазақ ұлттық ойындарының қалыптасуы мен болу жолдарын қарастырумен қатар, көпшілігін ұлттық ойындары мен спорт түрлерін екі үлкен топқа бөлуге ұсыныс жасайды:

а) ат спортының түрлері;

ә) атқа мініп жүруге байланысты ойындар.

Б.П. Төтенаев, бірегей топтастыру, саралау жасайды, ол ұлттық қимыл ойындарын жастық басқыштарына айрықша назар аудара отырып, қазақ халқының ұлттық өмірінің аясында қарастырады.

Оның саралау жүйесінің ерекшеліктері де осымен айқындалады. Автор қазақ халқының ұлттық қимыл ойындарын 2 үлкен топқа бөлуді ұсынады:

  1. салт-тұрмыс негізінде пайда болған ойындар;
  2. жастар ойындары мен қимыл ойындары.

Бірінші топтың құрымында ол мынадай ішкі топтарды бөліп көрсетеді:

а) мерекелік ойындар; ә) қазақша күрес.

Осы топтың құрамында ол егіншілік тұрмысымен байланысты ойындарды бөліп көрсетеді. Бұл жерде ұлттық қимыл ойындарын тұрмыстық сипаттағы ойындармен араластыру жөнінде өзгеше көзқарасты қарауға болады.

        Екінші топта зерттеуші мынадай кіші топтарды бөліп көрсетеді:

...

Скачать:   txt (16.6 Kb)   pdf (132.5 Kb)   docx (15.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club