Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дос болғың келсе

Автор:   •  Май 5, 2023  •  Сочинение  •  313 Слов (2 Страниц)  •  192 Просмотры

Страница 1 из 2

Дос болғың келсе...

Дос туралы, достық туралы айтылған да, айтылмаған мәселелер көп. Ал менің жазатыным дос болу үшін сылтау таба алмайсың. Яғни, достық сылтауды ұнатпайды. Бірақ әрқашан пікірлер екі тарапқа бөлінеді. Бұл эсседе достық туралы екі түрлі пікірлерді талдайтын боламын.

Менің ұстанымым бойынша, «амалын тапса қар жанады». Достықты сақтап қалу үшін бәрін де істеуге болады. Ең алдымен, бұл пікірді қолдайтындар бар, әрине. Алайда, қолдамайтындар да жоқ емес. Былай түсіндірейін. Мысалға алсақ,  кей адамдар бұл пікірмен «Достық шынайылықты талап етеді. Досыңның бір кемшілігі болса, бетіне айт та, сол жерден доғар. Достық кемшіліксіз болуы керек» - деп, керағар пікірін білдіріп, келіспеуі мүмкін. Мұндағы негізгі мәселе - кез-келген нәрсені идеализациялау. Басты кемшілік осы. Бұл пікір иесінің табиғатынан не болмаса қоғамдағы кей пікірлерді бұрыс жағынан түсініп қалуында болар. Бірақ ол адамдарға өмірдің идеалды емес екенін, кемшіліксіз пенде жоғын саналы түрде ұғынуы керек. Дегенмен, бұл пікірдің артықшылығы да бар. Ол артықшылығы - адамның шынайылығы болып табылады. Яғни, ол адамның санасындағы «идеалды» досқа оның серіктесі сай емес екенін біліп, дереу тоқтата алуының өзін – оның шынайылығы дей аламыз.

Ал адамдардың кейбір тобы: «Не көрсең бір көретін досың керек, әрине. Кемшіліксіз адам болмайды. Адамды жақсы көріп, достассаң – кемшілігімен бірге қабылдап үйрен. Бірге түзетіңдер» - деп оң пікірін білдіреді. Бұл пікірдегілер менің көзқарасым бойынша, досын қалай бар – сол мінезімен, сол жаратылысымен қабылдай алатындар. Өйткені олар – достықты идеализацияға айналдырмайды. Өздеріне икемдеп, амалын тауып алады. Кейіннен ол адамның бұл әрекетін көрген досы да именіп, досының қадіріне жетіп, өзі саналы түрде өзгеруге қадамдар жасай бастауы мүмкін. Менің ойымша, пікірдің екі бағытқа бөлінуі орынды.

...

Скачать:   txt (4.1 Kb)   pdf (47.7 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club