Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқиға болған жерді қарау кезіндегі маман дәрігерінің рөлі

Автор:   •  Февраль 11, 2018  •  Реферат  •  2,177 Слов (9 Страниц)  •  2,220 Просмотры

Страница 1 из 9

«Астана медицина университеті» АҚ

Сот медицина кафедрасы

[pic 1]

Тақырыбы:  Оқиға болған жерді қарау кезіндегі маман дәрігерінің рөлі

                                                                       Орындаған:

                                                                       Топ:

                                                                       Тексерген:

Астана, 2017 ж

Жоспар:

І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

 2.1 Дәрігер маманның мәйітті тексеру орнындағы міндеттері

 2.2 Оқиға орнына тексеру жүргізудің кезеңдері

 2.3 Оқиға орнына тексеру жүргізудің тәсілдері

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер

І.Кіріспе

Оқиға орны – оқиға болған, заңдық бағалауды қажет ететін жердің немесе бөлменің тергеу кезінде тексерілуге тиіс учаскесі. Әдетте, ондай оқиға деп қылмыс – кісі өлтіру, зорлау, бұзып ұрлау және т.с.с. саналады; « оқиға» ұғымы кең мағыналы: ол, сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсау мен жазатайым жағдайды да қамтиды.

Қылмыстар белгілі бір жағдайларда және уақыты аралығында жасалады. Қылмыстар әртүрлі және де қылмыскердің әсер ететін ортада әртүрлі, сондай- ақ жасалған қылмыстың салдары да әртүрлі болады. 

Оқиға болған жерді қараудың жалпы міндеті осы өзара байланыстарды анықтау болып табылады, яғни оларды анықтай отырып, іс бойынша барлық мәліметтердің жинағы бойынша нақты белгілі бір жерде не болды деген сұраққа жауап беру.

Тергеулік қараулардың мақсаты дәлелдемелерді тауып оларды зерттеу болып табылады. Қарау барысында жиналған дәлелдемелер негізінде тергеуші анықталатын жағдайдың сипаты, қылмысқа қатысушылар жайлы, қылмыскердің және дәлелдік маңызы бар ұрланған заттардың жасырылған жері туралы, қылмыстың салдары және тағы басқалары жайлы болжаулар ұсынады. Сонымен қоса тергеулік қарап тексеру барысында қылмыс жасауға себеп болған мән- жайлар анықтау мақсаты да қойылады. Көпшілік жағдайда тергеулік қарап тексеру өзге іс- әрекеттер арқылы алынбайтын 
нақты мәліметтер жиналатын құрал болып табылады. Мысалы, оқиға болған жерді қарау нәтижесінде тергеуші өз көзімен оқиға болған жерді көре отырып, қоршаған ортамен байланыстағы жағымсыз мән- жайлар жайлы ақпараттар жинайды. Сондықтан да оқиға болған жерді қарау өзге тергеу іс- әрекеттерімен алмастырылмайтын іс- әрекет болып табылады, өйткені оқиға болған жердегі әртүрлі объектілерді тергеушінің өз көзімен көруін жауап алумен, немесе тергеу экспериментін жүргізу үшін оқиға болған ортаны, жерді жасанды түрде келтірумен алмастыруға болмайды.

Тергеу әрекеті ретінде оқиға болған жерді қарау тергеу барысында анықталатын ақпараттарды жинаудың маңызды құралы болып табылады. Бұл ақпараттар тергеуші оқиға болған жерді қарау кезінде қарап тексеретін дәлелдемелерде, сондай-ақ қарауға даярлану мен оны өткізу кезінде алынатын мәліметтерде болдады. Қарау барысында алынған ақпараттар дәлелдік сипатта болады, және де дәлелдеуді жүзеге асыру үшін тергеушімен қолданылады; олар процессуалдық емес қайнар көздерден де алынуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда олар тек қана тергеуші криминалистік болжаулар ұсынғанда бағыт беруші ретінде ғана қолданылады. Бірақ тергеулік қарау ретінде оқиға болған жерді қараудың нәтижесі барлық жағдайда да ақпараттар алу, оларды жинау болып табылады. 

2.1 Дәрігер маманның мәйітті тексеру орнындағы міндеттері

Медицина саласындағы дәрігер маманның мәйітті тексеру орнындағы міндеттері:

  • Өлімді айғақтау немесе зардап шегушіге алғашқы жәрдем көрсету;
  • Мәйіттің қандай қалыпта және күйде болғанын сипаттау;
  • Мәйіттің киімін сипаттау;
  • Мәйіттің үстінен және маңайынан табылған заттар мен былғаныштарды сипаттау;
  • Мәйіттің жалпы түрін сипаттау;
  • Өлік құбылыстарын сипаттау;
  • Зақымдарды сипаттау;
  • Тергеушінің шығу тегі биологиялық заттай айғақтарды табуы мен шығарып алуына және кейінгі сараптама үшін сұрақтарды құрастыруына жәрдем көрсету;
  • Сұрақтарға жауап беру(ауызша).

Мәйітті сырттай тексеріп-қарау мен оқиға болған (мәйіт табылған) жердегі жағдайды зерттеу аяқталған соң сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) ауызша түрде тергеушіге мыналар туралы алдын ала өзінің ойын айтуға құқығы бар: 

1)шамамен өлімнің болған уақыты; 
2)өлімнен кейінгі мәйіттің қалпының өзгеруі; 
3)дене жарақаттарын түсіру механизмі мен жарақатты түсірген болжамды қару;

...

Скачать:   txt (28 Kb)   pdf (150.9 Kb)   docx (20.4 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club