Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дос көңілі

Автор:   •  Апрель 26, 2018  •  Творческая работа  •  782 Слов (4 Страниц)  •  546 Просмотры

Страница 1 из 4

Дос көңілі

(әңгіме)

Қала көшесінің бойында  сап түзеген сәнді ағаштардың  күздің суық желінен ұшып таусылған сирек жапырақтары жетесінен үзіліп, шалшықты батпаққа барып түсуі, жапырақпен қоса қыз жанын лайлағандай әсер қалдырды. Көше бойында орналасқан орындықтардың біріне сабақ соңынан соң отырып, ойға батқан  оның сұлу да тұнық, кіршіксіз таза мөлдіреген жанары сансыз қалықтаған жапырақтарда болғанымен , санасы сағым болып алыстап кеткен балалық шағында еді.

Балдай тәтті балалық шақ. Ана мен әкенің ыстық алақаны. Достарының шынайы да, таза ықыласы. Алалық пен жамандықты  білмейтін достар көңілі көз алдына елестеп, жымия күлді. Езуіне күлкі үйіріліп барып, қарлығаштың қанатындай қастары еркінен тыс түйілді. Жүзінде шарасыздық пен түңілу бар.

Достар арасындағы келеңсіз оқиға...

Бір-біріне қаншалықты жақын жүргенде де елемеген, жанын ауыртпаған, ал қазір жырақта жүргенде жанын сыздатқан   осы бір жайтты ойласа өзін қоярға жер таппай, өзін досы алдында кінәлі сезініп, күні бойы көңілсіз жүруді соңғы кезде әдетке айналдырғандай.

Айналасындағы қазіргі студент достарына мейлінше сыйлы бола тұра, мектеп табалдырығында өткізген соңғы күндеріндегі пендешіліктің ықпалымен жан досының көңіліне қаяу түсіргенін сол кезде түсінсе де ұғынбаған, көңіл аудармаған дос жүрегі бүгінде жаралы жолбарыстай жортады, аласұрады. Сол өткен өкініштің артын қалай толтырсам,- дейді. Шешуі жоқ сансыз сұрақ шешімін таба алар емес...

        Арман қуып, өмірлік азығы мен мамандық иесі атану жолында қанат қағып, көзінен жырақ кеткен Назымды Еркеназ бұл күнде қатты сағынған. Назымның жайдары жүзі, қарапайым дос көңілі көз алдына елестеген сайын жаны ауырып, қапаланады. Соңғы кездері сағыныштың әсері ме екен  түсінде ылғи Назымды көреді.  Еркелей барып оған қарай созған қолдары ауада асылып тұрып, сылқ ете түсіп, шошып оянады. Сол сәтте жүрегіндегі нәзік қыл  бір-бірлеп үзіліп, шарасы таусылғандай күй кешеді. Қанша рет қоңырау шалуды жөн көріп, жаттаулы сандарды тере бастаса да, сөз бастауға жүрегі дауалар емес.Жел ұшырған жапырақтай сәби жаны қалтыраған Еркеназ  сол бір өткен шақтарды, ағаттық жіберген сәттерін еске түсіргісі келгендей көзін жұмды...

        Мектеп табалдырығын қатар аттап, білім нәрімен қатар сусындаған, балауса балдырған шақтарынан бастап достасқан, асыр сап ойнап, кем-кетіктерін кешіре білген достар еді-ау, сол кезде. Еліктей болып еркелеген, сұлу да сымбатты Назымды құрбылары , сыныптастары қатты сыйлайтын. Өзі алғыр. Ашық. Қолынан келген көмегін аямай, сыныптастары үшін шыр-пыр болып жүретін үнемі. Бір сыныпта оқып, бір үйдің қыздарындай едік-ау. Мектеп табалдырығын қимас  шақтар,  11 сыныпқа да келіп жеттік. Күні ертең мектеп бітіріп, үлкен жолға аттанып, қалаған оқу орындарына түсіп, әрқайсысымыз бір-бір мамандықтың иесі  боламыз –ау деген сезім жанымызды шаттыққа бөледі. Арман деген көп –ақ еді! Біріміз тілші, дәрігер боламыз десек, екіншіміз мұнайшы, дәнекерлеуші  боламыз, жаңа орта табамыз деген ой балауса сезімдерімізді әлдилеп, алысқа еріксіз қанат қақтыратын-ды.  Алдымызда үлкен сынақ, ҰБТ-ға дайындық та басталып кеткен.  Сынаққа біреу шындап дайындалса, біреу «дайындалғансып» арқасын кеңге салды. Соның біреуі өзім едім. Ал Назымның ондай мүмкіндіктері жоқ- тұғын.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (253.9 Kb)   docx (407.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club