Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кітап – менің досым

Автор:   •  Апрель 24, 2018  •  Лекция  •  266 Слов (2 Страниц)  •  3,382 Просмотры

Страница 1 из 2

 «Кітап – менің досым»

Кітапсыз өмір сүру мүмкін емес екендігі баршамызға мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарын үйренеді.  Қазіргі заман техниканың дамуына байланысты» кітапханалардың болашағы жоқ сияқты көрінеді. Алайды, нағыз сөз майын келтірер асыл сөздер осы кітапхана сөрелерінде тұрған асыл қазынаның ішінде екенін көбісі түсіне бермейді. Заманның талабына сай жаңаруда кітапхана орынын электронды кітаппен алмастыру жүзеге асырылмақ, алайды, бабаларымыздың бізге мұра етіп қалдырған кітаптарын, ақын – жазушыларымыздың шығармаларын естен шығару мүмкін емес. Себебі, компьютер адамның денсаулығына зиян келтіреді. Егер кітапхана болмаса біздің көзімізге зиян келер еді. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен.

Мен тұрып жатқан ауылда кітапхана бар, сол кітапханадан  көптеген мәліметтер табамыз. Кітапханашы Нұрсұлу апай бізге қажетті барлық кітапты тауып береді.

Мен ақын атамыз Қадыр атаның өлеңдерін сүйіп оқимын. Оның әр шығармасында әр түрлі, терең ой жатқанын ден қоя оқығанда түсінесің. Мен үшін ұлы тұлға болған Қадір атамызбен жерлес болғаныма, сол елде туып, сол мекен еткен Батыс Қазақстан Облысында тұрғанымды мақтан етемін. Қалаға барған сайын, Қадыр атамның атындағы шығармашылық орталыққа барып, ол кісі туралы көптеген мәлеметтерді біліп отырамын.

 Қадыр атамыздың қай бір шығармасын оқыған сайын кеудеме нұр құйылып, ер жетіп, өсіп  келе жатқанымды, ақылға ақыл қосылғанын сезінемін. Бұл кітаптың әсері, поэзияның киесі  деп түсінемін. Өз достарыма да кітап оқыңдар, бірақ таңдап, талғап оқыңдар деймін. Адам өзіне  керегін кітаптан табады, сонысымен  де  кітап- ардақты, асыл қазынамыз!

Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылының

№13 кітапхана оқырманы

Серік Әди Жәнібекұлы

...

Скачать:   txt (3.5 Kb)   pdf (64.7 Kb)   docx (11 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club