Батысы Шығыс, Шығысы Батыс болған әдебиеттануымыз-айІ Гүлзия әпекей және Бағашар Екеуміз Оссиан және «Игорь жасағы туралы Сөз»
Автор: Shyryn12 • Сентябрь 21, 2018 • Монография • 79,128 Слов (317 Страниц) • 862 Просмотры
Жалпы мазмұн
Батысы Шығыс, Шығысы Батыс болған әдебиеттануымыз-айІ
Гүлзия әпекей және Бағашар Екеуміз
Оссиан және «Игорь жасағы туралы Сөз»
Жалпы әдебиеттану, Салыстырмалы әдебиеттану. Ұлттық әдебиеттердің тарихы.
Әдебиет пен эстетика туралы ғылымның негізгі даму кезеңдері
КӨРКЕМ ТІЛ (СТИЛЬ) ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Батыс нені бүлдірді біз нені түзеуіміз керек
Әлемдік деңгей мен ұлттық деңгей
ТЫРНАҚШАНЫҢ ІШІНДЕГІЛЕР ТЫРНАҚТАН КІР ІЗДЕЙДІ
РЕЦЕПТИВТІ ЭСТЕТИКА МЕН РЕЦЕПТИВТІ СЫН ЖАС БУЫНДЫ КҮТУДЕ
Ұлығ Ислам Қайта өрлеуіндегі Ыбырай және Абайлар ат салысқан тіл соғысы
Еуропалық көзілдірікті әдебиеттану Мәжүні мен Шығыстық ай келбет әдеби Ләйлінің баянсыз махаббаты Бодандықтың сарқыты
ЖЕРАР ЖЕНЕТТ ЖӘНЕ СТРУКТУРАЛИЗМНІҢ ТАҒДЫРЫ
Абай көрегендігі
Әдебиеттанушылық 7 дәріс
Заманалық нарратология туралы әлқисса
Батысы Шығыс, Шығысы Батыс болған әдебиеттануымыз-айІ
Бізде Батыстық этолонды және Шығыстық этолонды жазушылар бар. Олар өз бағасын орынды алып отыр. Ал, ауызға алынбайтындар, Осы екеуінің синтезін діл мен діни өзек етушілер. Ал, олардың әдеби додада аты озып тұр. Әрі солардың аты ұлттық әдеби процесте мәңгіге қалады. Батыс болсын, Шығыс болсын өзінің тамыр тегіне тартып, өз өнерін басқадан озық санайды да, «ең алдыңғы қатарлы», «өзгелерге үлгі-өнеге» деп жариялайды. Ал, сан ғасырлық мәдени-өнери үрдісі бар Алты Алаш әдебиеті олардың тар пішілген гуманитарлық концепцияларының шекпеніне сыймайды.
Бар бәлекет белгілі бір ділдегі, белгілі бір діндегі қаламгердің эстетикалық идеалы мен поэтикалық ойлауының саналы оқырманға жол тартуынан шығып отыр. Онда жалпы адамзаттық мұрат бар ма, әлде белгілі бір дүниетанымды күйіттеу бар ма бар мәселе осында. Достоевскийдің «Қылмыс пен Жазасы» Ислам әлемі үшін түкке тұрмайтын туынды. Бірақ соның негізінде мұсылмандық «Қылмыс пен Жаза» туралы туынды жазу үшін «жетпеген жерін жеткізу» стилистикалық амал-тәсілін қолдануға болатын трафарет қана. Дәл осы «Қылмыс пен Жазаны» бұддашыларда «жетпеген жерін жеткізу» стилистикалық амал-тәсілін қолданып өз кәдесіне жарата алады. Көркемдік әдіс діл мен дінге қатысты түрлінше ұғынылады. Сондықтан барша қалам ұстаған адамзат баласына ортақ «Шығармашылық әдіс» деген терминді қолданған ләзім сияқты.
Бұл арадағы ғылыми парадокс мұсылман мен христиан қаламгерлер өз көркемдік санасымен «Өмірдегі пендені бұл пәниде қалай болса, тап солай (шынайлықпен), немесе белгілі бір канонданған ұстаным тұрғысынан қалай болу керектігі тұрғысында (идеалдықпен)» сомдайды. Біз Пір тұтатын Батыста Осы «Көркемдік сана» дінмен байланыстырылмады, «шығармашылық типі» ділге бөлшектенбеді. Сол себепті «көркемдік әдіс» еуротектілікпен біржақты түсіндіріліп келді. Бір ортақтық өмірдің көшірмесі мен өмірдің қайыра түзілуін қаламгердің әлем оқырманына қалай ұсына білуінде. Әлем оқырманы дегеніміз – дін мен ділге бөлінетін әртекті қауым. Олардың басын гуманитарлық ғылым аясында бір жерге қосу еш мүмкін емес. Олардың басын тек «көркемдік әдістен» өрбіп шығатын «шығармашылық әдіс» қана қосады.
Мұсылман әлемінің шынайлығы – реалистік туындыларға өзек болса, идеалдығы – романтикалық туындыларға арқау болады да, «исламдық көркемдік жүйені» түзеді.
Дінсіздеген христиандар да, әсіредіншіл христиандар да түркіден енген «Құтты білікті» мойындамайды. Сонымен «көркемдік әдіс» дегеніміз – іштей реалистік (модерндік) және романтикалық (постмодерндік) бұтақтарына тарамдалатын түркінің «Құдаяттық әдісінің» әлемге рухани-мәдени нұрын шашуы.
Сенеканың сөзімен айтсақ: «Стиль дегеніміз – жанның келбеті». Қаламгер өз оқырманына «тоят пен шарапат» сыйлай алса, онда дербес стильге иелік еткені. Қаламгер құрғақ еліктеуші тояттың тұтқында қалса, онда «шығармашылық жан-дүниесінің келбетінің» шарапаты адыра қалғаны.
...