Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қытай тілінің сөз таптары және олардың сөйлеу мәдениеті мен ойды жеткізудегі ықпалы

Автор:   •  Ноябрь 5, 2020  •  Реферат  •  634 Слов (3 Страниц)  •  773 Просмотры

Страница 1 из 3

Қытай тілінің сөз таптары және олардың сөйлеу мәдениеті мен ойды жеткізудегі ықпалы

Зерттеушілер тарихи тұрғыдан сөз таптарын сөйлем мүшелерімен байланыстырады.  

Бұл мәселе жайында академик И.И.Мещанинов «Сөйлем мүшелері мен сөз таптары» деген салыстырмалы-типологиялық зерттеуінде былай деп жазды: «Зат есім өзінің сөйлемде заттық мағынадағы мүше (бастауыш және толықтауыш) болуымен бөлініп шығады, сөздердің сөйлемнің атрибутивті мүшесі (анықтауыш) ретінде жұмсалуы арқылы сын есім жасалады, үстеулер пысықтауыш мүше ретінде жұмсалады, етістік басқа сөз таптарынан баяндауыш (сөйлемнің іс-әрекетті білдіретін мүшесі) ретінде қызмет атқаруы нәтижесінде ажыратылады. Бұл жерде, сөйлемнің осылай мүшеленуімен лексикалық топтар жасалады», - дейді.

                Сөз таптары – сөздердің лексика-грамматикалық категориясы (топтары). Олар бір-бірінен жалпы категориялық грамматикалық мағынасы мен грамматикалық белгілері жағынан ажыратылады. 

                Қытай тілінің сөз таптарына келетін болсақ, қытай тілінің морфемалары екі үлкен классқа бөлінеді – 实词 «мазмұндық сөздер» және 虚词 «функционалды сөздер» . 实词 - нақты мағынасы бар сөздер, ал 虚词дегеніміз - нақты мағынасы жоқ және тек сөйлемде белгілі бір грамматикалық рөл атқаратын сөздер. Төмендегі кестеден көріп отырғанымыздай, 实词 зат есімдерді, есімдіктерді, сан есімдерді, санау сөздерді, етістіктерді («是» сөзін қосқанда), сын есімдерді, үстеулерді қамтиды. 虚词тобына жалғаулар, жұрнақтар, шылаулар, көмекші сөздер, көсемшелер, ономатопея, үстеулер, шылаулар және одағай сөздер кіреді.

Қытай тілінің сөз таптары: [pic 1]

Осы берілген әрбір сөз таптарының өзіндік ерешеліктері мен қызметтері бар. Ал әрбір атаушы сөздің лексикалық мағынасы болатыны белгілі, сол лексикалық мағынасы арқылы әрбір сөз бір-бірінен ерекшеленеді, жеке-жеке бірлік ретінде түсініледі. Біз берілген сөз таптары арқылы өз ойымызды нақты жеткізе аламыз. Мысалы, зат есімнің сөйлемдегі функциясы мен ерекшелігін қарастыратын болсақ:

  1. 今天在公园孩子很多。
  2. 各个国家的医生正在很努力地工作。
  3. 书包在桌子里边。

Бірінші сөйлемдегі зат есім 孩子, яғни саябақта басқа адамдардың емес, нақты балалардың көптігіне назар аударып тұр. Екінші сөйлемде зат есім ол – 医生, қазіргі кезде дәрігерлердің белсенді жұмыс істеп жатқандығын білдіреді. Үшінші сөйлемде зат есім 书包, басқа заттың емес, сөмкенің үстелдің ішінде екені айтылып тұр. Яғни, осы сөйлемдердің ішіндегі зат есімдердің ролі айқындалып, ойымызды толық жеткізуге септігін тигізіп тұрғанын көруге болады.

Келесі мысалдарда сын есімнің зат есіммен байланысы ойымызды көркемдеп берудегі әсері туралы түсінік береді:

  1. 我朋友买了很大的房子。
  2. 我喜欢的是红色的裙子。
  3. 我爸爸天天吃辣的食物。

Бірінші мысалда сын есім -很大, досының қандай үй алғанын, яғни улкен деген сөздің мағынасы айқын көрінеді. Келесі сөйлемде 红色 сын есімін қолдана отырып, киімдердің арасындағы өзіне тек қызыл түсінің ұнайтынына, үшінші сөйлемде әкесі ащы () тағам қалайтынына назар аударып тұр.

         Сөз таптарының ішіндегі етістіктердіңде маңызы зор, ол іс-әрекеттің, қимылдың орындаушыға, яғни іс иесінің істелетін іске қатысын білдіретін сөз таптарының түрі. Келесі мысалдардан олардың ойымызды толық жеткізуімізге септігін тигізетінін байқауға болады.

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (153.1 Kb)   docx (39.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club