Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұстаздық ұлағатты іс

Автор:   •  Октябрь 12, 2021  •  Реферат  •  570 Слов (3 Страниц)  •  339 Просмотры

Страница 1 из 3

                                         Ұстаздық ұлағатты іс

Ұстаз – ұлы есім екеніне талас жоқ. Өйткені, адамзат баласының көкірегіне білім дәнін егіп, ата-анадан кейін өмірге деген құлшынысын арттыратын, бағыт- бағдар беретін ұстаздар екені барлығымызга белгілі.

«Осы орайда Абай атамыздың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»- деген өлең жолдары ойыма келіп тұр. Осы бір төрт шумақтың астарында қанша мән жатыр десеңші. Бала бес жасқа жеткенше ата-ананың қасында болады, ал бес жастан бастап мектеп табалдырығын аттап, үй ішінен басқа ортаға аяқ басады. Міне сол кезде оған көмек беріп, үлкен өмірге ақырындап үйренісуге көмектесетін, қоғамда азамат болап қалыптасуына жағдай жасайтын осы ұстаз екенін естен шығармаған жөн.

Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.

Әрбір істің қызығы мен қиындағы қатар жүреді әрине. Бірақ менің ойымша біздің қоғамда ұстаздықтың қиын тұстары көбірек болып көрінеді. Өйткені ұстаз бір орында қалып қоймай өз білімін әр кез толықтырып, оны шәкірттеріне үйретіп отыруы тиіс. Ол үшін ұстаздың бойында шыдамдылық, жауапкершілік, адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті болуы шарт.

Сол себепті де менің ойымша, қазіргі ұстаздар мен дәрігерлердің жалақысын көтеру өте дұрыс шешімдердің бірі болды. Ұстаздық мамандығына оқитын студенттердің де шәкіртақысын көтеріп,осынау маңызды мамандыққа деген қызығушылық пен сұранысты арттырып отыр.

«Ұстаз болу- өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау»- деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.

...

Скачать:   txt (8 Kb)   pdf (55.7 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club