Ұстаз, Сіз құрметті атқа лайықсыз
Автор: kuralay.uly • Декабрь 25, 2018 • Эссе • 1,022 Слов (5 Страниц) • 1,048 Просмотры
Қазақ-Орыс Халықаралық университеті
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының курс студенті Шакибаева Малика Қайруллақызы
Эссе
Ұстаз, Сіз құрметті атқа лайықсыз!
Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – ұзтаз дікі, - деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев.
Ұстаз... қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.
Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған ұстаздың бейнесі көңіл төрінен орын алары анық.Ұстаз әр адамның жанына білім сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтқанда, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді.
Менің ойымша кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер-тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді.
Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз.
Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамның алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі-тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.
Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Әр сабағына жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім-тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу оңай шаруа емес. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға да болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болу керек.
«Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деген Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалрдың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегін еш кетпейді деп түсінемін.
Ұстаз- ұлы есім.Ол – әрбір бала жүрегіне жол таба білген,махаббаты мен жылуын төгіп, шәкірттерін ізгілік жолына жетелеген дара да дана тұлға.Ұстаз-үлкен жүректің, зор махабаттың иесі болуы тиіс.Оған болашақ ұрпаққа білім беру ғана емес, сол ұрпақты адам, азамат етіп тәрбиелеу міндеті де қатар жүктелген. Ұстаздық жолын таңдаған әрбір жан ең алдымен, өз мамандығын және алдына келген шәкіртін сүюі шарт. Себебі, әрбір бала махаббат пен сүйіспеншілікке лайық. Шәкірт өз ұстазынан өзіне деген шынайы ықылас пен жылылықты, үлкен қолдауды сезінгенде ғана нағыз білімнің бұлағынан сусындап, саналы да өнегелі жан болып қалыптасатыны даусыз.Өзінің ең жақын жандарының, әсіресе, ұстаздарының тәрбиесін, махаббаты мен мейірімін, шынайы сүйіспеншілігін сезініп, оны жүрегіне ұялатып, санасына сіңіріп өскен әрбір жас айналасына да мейірім нұрын төгетіні, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, ізгілікті айнымас серігі ететіні даусыз.Ондай жанның өзі өмір сүріп жатқан ортаға да тигізер әсері орасан.
Әр адам есі кіре бастағаннан дүниені танып-білуге, үйренуге талпынады. Бір қызығы, бұл дүниеден хабарсыз жаңа туған сәбиден есейе келе, әлемді аузына қаратқан дана да, ойшыл да шығады. Осынау ақыл толыстырып, білімін шыңдау сапарын да ол бір адамға ерекше қарыздар екенін сезінеді. Ол – ұстаз.
Ислам дінінде ілім үйретуші ұстаздың орны жоғары бағаланған. Ілім үйрету - ең сауапты әрі қадірлі іс болып есептелген. Қаситті Құранда: «Айтшы, білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» («Зүмәр» сүресі, 9-аят), - делініп, көзі ашық, білімді адамның тұғыры қашанда биік тұратындығы айтылса, хадистерде де ілім үйретушіні әрдайым сыйлап, құрметтеу керектігі ескертілген.
...